Алматы облысында 100 көпбалалы анаға отбасылық демалыс ұйымдастырылады
Алматы облысында 40 мың жетім және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың баласы жазғы демалыспен тегін қамтылады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында өңір әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
«Облыста 1520 сауықтыру лагері мен алаңы жұмыс жасайды. 354 мың бала сауықтырумен қамтылады. Оқушылардың жалпы санынан – 96%. Өткен жылға қарағанда біз тағы қосымша қаржы бөлгеннің арқасында 47 мың балаға асып отыр. Оның ішінде, еңбек қызметімен 111 мың оқушы (30%) қамтылады және спорт-туризммен айналысатындары 85 мың бала болады. «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық лагерлерінде 381 бала демалады. Жазғы демалысты ұйымдастыруға қаражат көлемі 782 млн теңгеге жетті немесе 113 млн теңгеге көбейді. Оның ішінде, демеушілердің арқасында 432 млн теңге жиналды. Осының себебінен 40 мың жетім және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың баласы жазғы демалыспен тегін қамтылады», - деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, көпбалалы аналарға отбасылық демалыс ұйымдастыруға демеушілер мен меценаттардың қаражаты тартылған.