Бауыржан Əлиұлы (ресми)

@baugibrat Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Ғибратты уақиғалар
Гео и язык канала
Казахстан, Узбекский
Категория
не указана


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Узбекский
Категория
не указана
Добавлен в индекс
24.06.2018 23:40
Последнее обновление
26.05.2019 04:23
реклама
@TGStat_Bot
Бот для получения статистики каналов не выходя из Telegram
Searchee Bot
Ваш гид в мире Telegram-каналов
Telegram Analytics
Самые свежие новости сервиса TGStat. Подписаться →
1 045
подписчиков
~740
охват 1 публикации
~889
дневной охват
~7
постов / нед.
70.8%
ERR %
0.06
индекс цитирования
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
ҚАДЫРДАН БІР ПІКІР

Жарық дүниеге келу — біздің өз билігімізде емес. Ол Құдреттің және ата-ананың қолында, тағдырдың қолында еді. Құдайға шүкір, дұрыс келген секілдіміз. Ал адал болу, дұрыс өмір сүру — тек бізге байланысты емес. Негізінен қоғамға, ортаға байланысты.
Ойлаймын да🧐...
Нәскиіміздің тесігінен ұялғандай, Раббым сенен ұялмадық... Бізді ғафу ет!...
Бір кісі намазды өте қысқа оқиды. Намазын оқып болған соң: «Уа, Аллаһым! Маған хор қыздарын нәсіп ете гөр!» деп дұға жасайды. Мұны байқап қалған біреу: «Бергелі отырған қалыңмалың аздау, сұрап отырған қалыңдығың қымбат екен» депті.
P/S Алла Тағала дұғамыздың құлшылығымызға лайық болуын нәсіп етсін!
Әйгілі шайыр Әбул-Айнаның (һижри 283) есегі ұрланып кетеді. Осы себептен сарайға шақыртқан халифа Муғтадидтың уәзірі Убайдулла ибн Сүлейменге (һижри 288) кешігіп келеді. Уәзір:
- «Неге кешігіп келдің?» дейді.
- «Есегім ұрланып кетті».
- «Есегің қалай ұрланды»?
- «Ұрымен бірге болғаным жоқ».
- Басқасына мініп келе салмадың ба?».
- Жалға берушінің кемсітуін, қарызға берушінің бәлсінгендігін қаламадым» деп жауап берген екен.
P/S Алла Тағала өзінен өзге ешкімге мұқтаж етпесін! Жұма мүбарак болсын!
Читать полностью
ҚАДЫРДАН БІР ПІКІР

Бақытсыз байлықтан
Байлықсыз бақыт артық.

Ұятты кісілермен көрші болсаң,
Үйіңде ұрыс шықпайды.

Енем жаман деме,
Кейбір келін — ене.

Қонақтың жақсысы тамағыңды,
Жаманы уақытыңды жейді.

Ең мықты ескерткіш —
Артыңда қалған еңбегің.

Иттің былығы ішінде,
Қылығы құйырығында.

Салмақты масақ салбырап өседі.
Бөлтірік қасына ауылдың екі-үш жігітін ертіп Шу бойын өрлеп келе жатады. Кенет алдарынан ыс еткен дыбыс естіледі. Жолбарыс екен. Жолбарыс бар түгін сыртына теуіп, айбат шегеді. Көзі тайса, атылмаққа әзір. Бәкеңнің жанындағы жігіттердің корыққанынан даусы шықпай қалады. Бір-біріне "Қашайық" деген белгі беріп, ат басын бұра береді.
- Мысықтан қорқып, жер басып жүре алмаспыз! - дейді де Бөлтірік беліндегі кішкене айбалтасын қолына алып, атын тебініп, жолбарысқа карсы тұра ұмтылады. Жолбарыс "ар-р" етіп ат үстіндегі Бөлтірікке шапшиды. Сөйтіп ұмар-жұмар алыса кетеді. Мүны көрген жігіттер аттарын сабалап, тұра қашады, қашып бара жатып артына қараса, Бөлтіріктің аты ойнап шыға келгенде, Бөлтірік пен жолбарыс әлі де алысып жатыр екен. Олар сол күймен ауылға келіп жетіп, "Бөлтірікті жолбарыс талап жеп қойды" деп хабарлайды.- Өлсе - өлігін, шашылса - сүйегін жинап алайык, - деп жиырма шақты адам атқа қонады.
Түс ауып бара жатқан шақ болса керек. Көз ұшынан қараңдаған біреу көрінеді. Адам! Жүрісі Бөлтіріктің жүрісіне ұқсайды. О тоба! Бәкеңнің өзі. Киімінің дода-додасы шыққан. Үсті-басы қан-қан, бет аузы айғыз-айғыз. Иығына сала салған жолбарыс терісінің бір пұшпағы жерге сүйретіліп келеді.
- Бөке-ау, шынымен тірімісің? - дейді аң-таң болған жігіттер.- Тірісі несі. Тірі адам мендей бола ма екен?- Апырмай, Бөке-ау, тірісіз ғой! Қалай аман қалдыңыз, мынадай дүлей пәледен?!- Мен екі сойылдым, жолбарыс бір сойылды, - дейді Бөкең.- Қасыма ерген қоян жүректер мені тастап қашып кетіп, бір сойылдым. Олардан соң дала тағысы - жолбарыс тағы сойды. Ақыр соңында жолбарысты мен сойдым! - депті Бөлтірік батыр.
Читать полностью
Сойылмен ұрып жыққаннан, сөзбен ұрып жыққан қатты болады.
Сан түрлі сайтан ойлар санама кеп,
Санамның түкпірінде салады әлек.
Мен кейде болашақтан күдіктенем,
Адамнан адам тумай қалама деп.

Мэлс Қосымбаев.
... - Маған баяғыда бір студент. "Сіз кімнен өнеге аласыз ?" - деп сұрақ қойғанда, "Мен қорқақтардан, қаңғыбастардан, маскүнемдерден, өмірде қателескен, жолы болмаған жандардан өнеге алам"
- деп жауап бергем. Әлгі студент таң қалып:
- Мұныңыз қалай ? Өнегені жақсы адамдардан алу керек емес пе ? - деді қайта сұрақ беріп.
- Қорқақтар да, қаңғыбастар мен маскүнемдер де дүниеге мен сияқты, сен сияқты пәк күйінде келген. Кейін олар өмірдің қиыншылығымен күресе алмады. Содан тасқа соғылған шөлмекке ұқсап быт-шыты шықты.
"Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында" деген қазақта аталы сөз бар. Ең оңай нәрсе - жамандық. Оған жету үшін көп ойланудың, көп күш жұмсаудың қажеті шамалы. Жаман жолға түсу де оңай. Олардың таңдауы сол оңай жол болды.
Олар сол оңай жолмен кетті.
Мен, міне өзім адаспас үшін осындай өмірі сәтсіз адамдардың қателіктерінен де өнеге алам" - дедім...

@БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ
Читать полностью
ҚАДЫРДАН БІР ӨЛЕҢ

Азамат мінсіз болса,
Арулар мұңсыз болса.
Түбітің қылсыз болса,
Өсекші тілсіз болса,
Шіркін-ай!

Ардагер жаусыз болса,
Ақиқат даусыз болса.
Айдау жол шаңсыз болса,
Ағайын қамсыз болса,
Шіркін-ай!

Ормандар өртсіз болса,
Данышпан дертсіз болса.
Ауылың шексіз болса,
Қауымың кексіз болса,
Шіркін-ай!
ҚАДЫРДАН БІР ПІКІР

Адам — адамға,
Ақша қалтаға қонақ.

Оқыған ақымаққа ақымақ жетпейді.

Арам шөп арпалысып өседі.

Бір қу бір қуды көміп тынар

Батыр айбалтасына,
Пақыр қайынатасына сенеді.

Ағайын өшкеніңді де,
Өскеніңді де ұнатпайды.
Ойлаймын да🧐...
Тым болмаса Рамазанда күнә атаулыдан аулақ болайық. Себебі жақсы, сауапты іс деп санап жүргендеріміздің өзі қателікке толы....
Дос қатты айтады, дұшпан да қатты айтады. Сонда тәтті, жылы сөзді кім айтады деймін да))))
"Қараңғылық жарықтан, өтірік шындықтан қашады. Күн жалғыз болса да, шартарапқа сәулесін шашады. Шындықтың тағдыры-жалғыздық. Қарғалар топтасып ұшады. Қыран құс жалғыз ұшады".
Сезаий Каракоч
Ойлаймын да🧐
Өзің фәниліксің, басыңа түскен қайғы қайдан бақилық болсын?!
Қорыққан емей немене қашқан кісі,
Батыр емей немене шанышқан кісі.
Мың жылқылы байлардан несі кейін
Оразасын үйінен ашқан кісі.
Шал ақын.
"Ұшқан құсты торға түсіретін, жүгірген аңды орға түсіретін тамақ екен. Жұтқын тамағына ие болған адам торға да түспейді, орға да түспейді. Осы күнгі «Адаммын!» деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында болып кетті. «Ол жауы не?» – десеңіз, жұтқын тамақ! Жалғанда мазаққа, ақыретте азапқа түсіретін – тамақ. Тамақтан тартынған – бәрінен де халас болады»

Мәшһүр Жүсіп
Ораза ұстағандар үшін мұстахап (ұнамды) нәрселер
Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау – мұстахап, яғни ұнамды, сауапты. Бірақ міндет емес.

1.Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіге тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар»[8]. Басқа бір хадисінде: «Сәресі тамағы берекет. Бір жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені, Алла сәресіде тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді»,[9] – дейді. Екінші шапақ атқанға дейін сәресіні кешіктіру де – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз ашарда асығып, сәресіні кешіктірген уақытта әрқашан жақсылықта»,[10] – деген.

2.Ауызды ақшам намазынан бұрын ашу. Намазда адамның көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз ашуға асығу – мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис куә. Сонымен қатар, ауызды құрма немесе сумен ашу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай ашқан.

3.Ауыз ашарда мына дұғаны оқу – сүннет:

{أللهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَبِكَ آمَنْتُ وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَعلى رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَصَوْمَ الْغَدِ مِنْ ِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْلِي ماقَدَّمْتُ وَمااَخَّرْتُ}

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә 'аләйкә тәуәккәлту уә 'ала ризқикә әфтарту уә саумәл-ғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту». «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

4.Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-жітіктер мен кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді[11]

5.Таң уақыты кірмей жүніптіктен тазалану. Хайызы немесе нифасы тоқтаған әйел де сәресінің алдында жуыны, тазалануы: Мұндағы мақсат – оразаны таза бастау. Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте кетейік. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, және де жүніп кісі жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды.

6. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстап байсалдылық танытуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жалған сөйлеу мен жалған сөздермен әрекет етуді қоймаған адамның ішіп-жеуді ғана доғаруы Аллаға қажет емес[12]. Басқа бір хадисінде: «Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайдасы болмайды. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар. Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай пайда таппайды»[13]. Сонымен қатар, Рамазанда «Мен оразамын» деу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын» десін[14].

7. Аузы берік адам бос уақыттарын нәпіл ғибадаттармен, ғылыммен, Құран оқумен, зікір, салауат айтумен өткізу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанда Жебірейіл екеуі бір-біріне кезекпе-кезек Құран оқып, тыңдасатын»[15].

8. Жалпы Рамазан айының ең соңғы он күнінде иғтиқафқа кіру – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасайтын[16].
Читать полностью
н тыйдым. Менің шапағатымды қабыл ет»,-десе, Құран: «Я, Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан айырдым. Менің шапағатымды қабыл ет»,-дейді. Кейін олардың шапағаты қабыл етіледі»[22],-деген.

Бесін намазы;

Күнделікті күйбең тіршіліктен кейін бір сәт тынығып, рухани, дүниелік амалдарға қарқынды білек сыбана кірісу үшін адамдар мешітте бесін намазына жиналады. Пайғамбарымыз ﷺ бұл жайында:

إِنَّ رَسُولَ اللهِ عَلَّمَنَا سُنَنَ الْهُدَى ، وَإِنَّ مِنْ سُنَنِ الْهُدَى الصَّلَاةَ فِي الْمَسْجِدِ الَّذِي يُؤَذَّنُ فِيهِ

Алланың елшісі ﷺ біздерге тура жолды үйреткен еді сол тура жолдың ең маңыздылары – азан шақырылған мешітте намаз оқу[23].

Бесін намазынан кейін 15-20 минуттай көздің шырымын алу пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен. Бұл сіздің түнгі құлшылықтарыңызда белсенді болуыңызға жәрдемдеседі.

Екінті намазы;

Екінті намазын алдындағы бекітілмеген төрт бас сүннетімен бірге оқу үлкен сауап. Пайғамбарымыз хадисінде бұл жайында:


«رَحِمَ الله امْرَأً صَلَّى قَبْلَ الْعَصر أَرْبَعاً»

«Алла екінті намазының алдындағы төрт бас намаз оқыған адамды мейіріміне бөледі»[24].

Ақшам намазы;

Күні бойы ораза ұстап, нәпсісін шыңдап барлық күнәлардан бойын аулақ ұстаған адам ауыз ашар алдында күн ұясына батпай тұрып дұға жасағаны абзал. Пайғамбарымыздың ﷺ мүбәрак хадисінде:

ثلاثة لا تُرَدُّ دَعْوَتُهُمْ وَ ذَكَرَ مِنْهُمْ وَالصَّائِمُ حِينَ يُفْطِرُ

«Дұғаның үш түрі қайтарылмайды соның ішінде ауызашарда ораза ұстаушының дұғасы»[25] деп келген.

Ауызды құрма немесе сумен ашқаннан кейін кешіктірмей ақшам намазын жамағатпен оқу абзал амалдардан.

Ауыз ашарды жанұямен, жақын туыстармен өткізген абзал, өйткені жұбайыңның, бала-шағаңның сенде хақысы бар. Ауыз ашар кезінде сабырсыздыққа беріліп шамадан тыс тоя жеу сізге зиян. Шамадан тыс тамақ жеу сіздің тарауық намазыңызға және басқа да құлшылықтарыңызға кері әсерін тигізеді.

Құптан намазы;

Бес уақыт намаздың бірі құптан намазын жамағатпен оқығаны үшін өлшеусіз сауаптарға кенелсе, тарауық намазының орны мүлдем бөлек. Пайғамбарымыздың ﷺ мүбәрак хадисінде:

مَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[26]деген.



Алла Тағала Рамазан айын бізге Өзі разы болатындай пайдалы өткізуді жазсын!
Читать полностью
Оразаның бір күндік жоспары
Таң намазына дейін;

1- Таһаджүд намазына тұру; Түннің жартысынан бастап, сәре уақытының аяқталуына дейінгі уақытта тұрып оқылған намазды «тәһажжүд намазы» дейді. Тәһаджүд намазы екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Алла Тағала бұл намаз жайында:

أَمَّنْ هُوَ قَانِتٌ آنَاءَ اللَّيْلِ سَاجِدًا وَقَائِمًا يَحْذَرُ الْآخِرَةَ وَيَرْجُو رَحْمَةَ رَبِّهِ ۗ

Түн ішінде Аллаға бас иіп, сәждеге жығылып һәм тікесінен тік тұрып құлшылық еткен, ақыреттен қорқатын және Раббысының шексіз рақымынан үміт ететін (мүмін) адамдар бола ма?![13] деген.
2- Cәресіге ояну; Себебі Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде:

تَسَحَّرُوا فَإِنَّ فِي السُّحُورِ بَرَكَةٌ

«Сәресіге тұрыңдар сәресіде үлкен береке бар»[14], деген. Тым болмаса бір жұтым су ішудің өзі сәресін орындаған болып есептеледі.

3- Азан айтылғанға дейін истиғфар айту; Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَبِالْأَسْحَارِ هُمْ يَسْتَغْفِرُونَ

Сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін,[15] деп, таң намазына тұрып, құлшылық жасайтын адамдарды дәріптеген.
Таң намазы кіргеннен кейін;

1- Таң намазының екі бас сүннетін орындау; Пайғамбарымыз ﷺ өзінің мүбәрак хадисінде:

( رَكَعَتَا الْفَجْرِ خَيْرٌ مِنْ الدُّنِيا وَمَا فِيها )

«Таң намазының екі бас сүннеті бұл дүниедегі барлық нәрседен абзал»[16] деген.

2- Таң намазының парызы оқылғанша зікірмен айналысу; Пайғамбарымыз ﷺ мүбарак хадисінде:

( الدُّعاءُ لَا يُرَدُّ بَيْنَ اْلأَذَانِ وَالْإِقَامَةِ )

«Азан мен қаматтың арасында жасалған дұға қайтарылмайды»[17], деген.

3- Таң намазын жамағатпен оқу; Рамазан айында абзал болған амалдардың қатарында жамағат намазы соның ішінде таң намазының парызын жамағатпен оқу. Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде:

مَنْ صَلَّى الْغَدَاةَ فِي جَمَاعَةٍ ثُمَّ قَعَدَ يَذْكُرُ اللَّهَ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ ، ثُمَّ صَلَّى رَكْعَتَيْنِ ، كَانَتْ لَهُ كَأَجْرِ حَجَّةٍ ، وَعُمْرَةٍ ، تَامَّةٍ ، تَامَّةٍ ، تَامَّةٍ

«Кімде-кім таң намазын жамағатпен оқып, күн шыққанға дейін Алланы зікір етіп отырса, одан кейін екі ракағат намаз оқыса толық қажылық, умра жасағандай сауап алады»[18], деген.

Таң намазынан кейін;

Аллаға тәуекел етіп, Алланың нәсіп еткен ризығын талап ету әрбір мұсылманның парызы. Рамазан айы еріншектердің айы емес. Адам оразасын себеп қылып, оқуына, жұмысына салғырт қарауға болмайды. Керісінше дұғалар қабыл болып, береке есіктері ашылған айда ризық талап етуде көбірек ыжтаһадтылық танытуы қажет. Пайғамбарымыз ﷺ:

مَا أَكَلَ أَحَدٌ طَعَامًا قَطُّ خَيْرًا مِنْ أَنْ يَأْكُلَ مِنْ عَمَلِ يَدِهِ وَإِنَّ نَبِيَّ اللَّهِ دَاوُدَعَلَيْهِ السَّلَام كَانَ يَأْكُلُ مِنْ عَمَلِ يَدِهِ

«Ешбір адам өз қол еңбегімен тапқан тағамынан тәуір тамақ жемеген. Расында, Алланың пайғамбары Дәуіт (Алланың оған сәлемі болсын) те қол еңбегімен тамақ тауып жеген»[19].

Садақа беру;

Жарты құрманың құнындай болсын садақа беру, мұсылман бауырыңның қажетіне жарау, тіпті жолда жатқан кедергіні алып тастау бұның барлығы садақа бергендей сауапқа кенелтеді.

وَعَنْ عدي بن حاتم رَضِىَ اللّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ للّهِ صَلَّي اللّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ اِتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةِ.

Ади ибн Хатимнен (р.а.) риуаят бойынша Пайғамбарымыз ﷺ: «Жарты құрма болса да беріп оттан сақтаныңдар»[20], - деді.

Құран қатым жасау;

Алланың сүйікті елшісі ﷺ:

"مَنْ قَرَأَ حَرْفاً مِنْ كِتَابِ اللهِ فَلَهُ حَسَنَةٌ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا، لاَ أَقُولُ ألـم حَرْفٌ، وَلَكِنْ أَلِفٌ حَرْفٌ، وَلاَمٌ حَرْفٌ، وَمِيمٌ حَرْفٌ"

«Кiм Алла Тағала Кiтабының бiр әрпiн оқыса, оған одан бiр жақсылық бар әрi жақсылық он есе арта түседi. «Әлиф-ләм-мим»-дi бiр әрiп демеймін. Бәлкiм,«әлиф»бiр әрiп, «ләм» бiр әрiп, «мим» бiр әрiп»[21],-деген. Ораза кезінде Құранды хатым ету мәселесіне келер болсақ, Расулулла ﷺ:

"الصِّيَامُ وَالْقُرْآنُ يَشْفَعَانِ لِلْعَبْدِ يَقُولُ الصِّيَامُ رَبِّ إِنِّي مَنَعْتُهُ الطَّعَامَ وَالشَّرَابَ فِى النَّهَارِ فَشَفِّعْنِي فِيهِ وَيَقُولُ الْقُرْآنُ رَبِّ مَنَعْتُهُ النَّوْمَ بِاللَّيْلِ فَشَفِّعْنِي فٍيهٍ فًيُشَفَّعَانِ"

«Ораза мен Құран Қиямет күні пендеге шапағат етеді. Ораза: «Я, Раббым! Мен оны күндіз ішіп-жеуде
Читать полностью