Beautylogic

@beautylogic Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Мода и красота


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Мода и красота
Добавлен в индекс
17.12.2017 12:22
реклама
SearcheeBot
Ваш гид в мире Telegram-каналов
TGAlertsBot
Мониторинг упоминаний ключевых слов в каналах и чатах.
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
90
подписчиков
~0
охват 1 публикации
~3
дневной охват
N/A
постов в день
N/A
ERR %
0.1
индекс цитирования
Репосты и упоминания канала
4 упоминаний канала
0 упоминаний публикаций
2 репостов
Ескі сурет
🧠 MISIGUSHI
Новые каналы
🧠 MISIGUSHI
PR туралы
QazTelegram
Каналы, которые цитирует @beautylogic
Map Mind 😷
Мур
Французский Дом BSB
Французский Дом BSB
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Beautylogic 20 Feb, 15:47
Бүгін құрбыма иіссу алу үшін дүкенге бардық. Guerlain стеллажының жанында ұзақ тұрдық. Раушан, Лаванда мен ванильді қарадық. Бұрышта тұрған Aqua Allegoria Mandarine Basilic Guerlain назар аудартты. Тест жасап білегімнің ішкі жағына бір рет пыш еткіздім. Ақыры таңдау жасап иіссуымызды алдық. Бағана сыртқа шығып бара жатқанда өзімнің Guerlain l'interdit-імді сеуіп шыққам. Үйге келдім. Беті-қолымды жуып, киімімді ауыстырдым. Өз иіссуым үнсіз. Ал әлгі бір себім Mandarine әлі айқайлап тұр. Неге осы тестіден еріп келген жалғыз ауыз иістің айқайы қаттырақ шығады ә?
Читать полностью
Beautylogic 2 Sep 2019, 11:14
Косметикалық скрабты қолданған соң микропластиктің теріде қалып қойған бөлшектері
Beautylogic 11 Aug 2019, 15:17
Биоревитализация қартаюға тосқауыл қоятын косметологиялық процедуралардың ең бейкүнәсі шығар. Себебі организмге жат зат енгізбейді. Біздің барлығымызда онсыз бар гилаурон қышқылының инъекциясы жасалады. Тек жас ұлғайған сайын оның көлемі азая береді де бетімізге әжім түсе бастайды. Қанша процедура қажет, нәтижесі қашан байқалады, кімге жасауға болмайды? Бұл туралы косметологымыз процедура барысында айтып берді. Видео сапасы "үлкен экрандардан" көрсетуге арналмаған 😉
#косметологкабинеті
Читать полностью
Beautylogic 8 Aug 2019, 09:32
ПРЫЩ ЖӘНЕ КУШОН
 Бір жарым ай болды иегіме прыщ шығып жүйкеме тиеді. Дәл маңызды кездесу алдында ыздиып шыға келеді.
Бұрын беті безеу адамдарды көріп ойлайтынмын "құдайым-ау қазір не көп, косметологиялық құралдар көп, косметологтар көп, емдемей ма" деп.
Өзімде шыққанда көрдім ғой. Чего я тока не делала-ла. Спиртпен сүртіп, содадан маска жасадым. Цинковый мазьді жақтым. Алоэ, каланхоэден примочкалар жасадым. Масло чайного дерева дегенді алдым. Айтпақшы "мың дертке дауа" қара тмин майын да жаққанымды мойындаймын))  Бірнеше күнде кетеді, қайтадан шығады. Иегімдегі оңбағандарды кушонмен жасырып қоямын аздап))
Кушон деген рақат қой. Текстурасы тоналды крем, BB-кремнен де әйбат)
Қорабы пудра сияқты. Бірақ ұнтақтың орнына крем сіңген губка тұрады. Бетке опа жағатын спонжды сол шылқыған губкаға басып-басып бетіңізге жаға бересіз.   Теп-тегіс болып жағылады. Бетің демалады (пораларды бітеп тастамайды). Күн ыстық болса не терлесең тоналка сияқты ағып кетпейді. Оның үстіне SPF қорғанысы, басқа да пайдалы компоненттері де бар. Сөмкеңнен алып кез келген сәтте пудра сияқты жаға салуға болады. Айнаның алдында сағаттап отыра алмайтындар үшін күшті. Бір минутта спонжигімен бетті фшык-фшык еткізіп жүре береді.
В общым әңгіме безеу туралы еді ғой.
Безеу иек тұсына шықса демек сізде келесі проблемалар болуы мүмкін:
🔅 асқазан-ішек жолдарында бір гәп бар
🔆 гормоналды фон бұзылған
🔆 женский проблемалар.
Асқазан-ішек жолдарында енді вряд ли. Екі ай бұрын гидроколонотерапия курсын жасағам (оой, бұл процедураны айтсам әлі көзіме жас келеді 😅) . Одан бері қатаң диетадамын. "Орындығым" дұп-дұрыс.
Гормоналды фонға күмән болды. Бірақ Олимпке барып ТТГ, Т3, Т4, Т4 своб., анти ТПО, анти-ТГ гормонларының анализін алдым. Онлайн консультация арқылы көрсетіп едім, эндокринолог норма шегінде деді.
Женский жақтан да проблема жоқ. Мамырда санаторийде бос жатпай толық тексерілгем.
Бүгін косметологыма барғанда кушон туралы кездейсоқ әңгіме болып кетті. Кушон губкасын ауыстырып тұрмасаң да күнара жыуып тұр дейді. 😑 сатып алғалы бері бір де бір рет жуған емеспін 🤪😳
Міне ол немене Михаил ұлы)) Бір инфекцияны губкаға жұқтырып оны матырып-матырып үнемі иегіме жағып қоямын.
Тоқсан сөздің түйіні -  кушон спонжиктерін үнемі жуып жүріңіздер, қыздар) 😘
Читать полностью
Beautylogic 29 Jul 2019, 18:18
Инстаграмда бір аккаунт бар. Американ хирургі Ким Барденнің парақшасы. Омырауларына имплант салдырған әйелдердің аурулары туралы жазады. Әгәрәки кеудеңізді үлкейтіп имплант салғыңыз келіп жүрсе бір қарап шығыңызшы. Парақшасы
Beautylogic 29 Jul 2019, 17:07
Французский домға ескі помадаңызды әкеліп берсеңіз жаңасына 35% #жеңілдік
Beautylogic 19 Jul 2019, 17:34
Күн ыстық. Жоқ менде суыққа төзбеушілік бар. Суықтан дірілдегенше ыстықтап быршып отырғаным жақсы 😆 Бірақ дәл бұлай емес әрине. Астананың өзінде кеше 30 градус болды. Оның үстіне менің күнге аллергиям бар. Күн көзіне 15 артық шықсам қызарып, бөртіп шыға келем 😳 Сондықтан SPF кремсіз жазда өмір сүре алмаймын. Ал күнге күйдіңіз делік. Онда күйікті жеңілдетудің бірнеше амалы бар. Әр организмге әрқалай әсер етеді. Олар:
☀️ Пантенол/Бепантен (спрейі жақсы)
☀️ Спасатель кремі
☀️ Салқын компресс. Дәкені салқын суға (1 стакан суға 0.5 шай қасық сода не крахмал қосуға болады) салып, жиі ауыстырып отырып 15 минуттай ұстаңыз
☀️ Салқын душ
☀️ Кокос/зәйтүн майы
☀️ Алоэ гелі
☀️ Айран/қаймақ (бетке айран не қаймақ жағып алып күнге мүлдем шығуға болмайды. Бұл процедуралардың барлығын салқын, көлеңкеде жасау қажет)
☀️ Картопты үккіштен өткізіп күйген жерге жағу
☀️ D Витамині (20-30 тамшысын ішу керек) D витаминін ішке қабылдау тері регенерациясын жылдамдатады, қызарғанын басады.
☀️ 1% гидрокортизон мазі (жұқалап күйген жерге жағу керек)
Читать полностью
Beautylogic 19 Jul 2019, 17:05
Күшті бір App тауып алдым. Sommelier Du Parfum деп аталады. Өзіңіз ұнататын парфюмдеріңізді, ноталарды, бағасын енгізіп өз профайлыңызды жасайсыз. Сізге жағды-ау деген иіссуларды ұсынады. Қалаған парфюмдарыңыз туралы негізгі ақпаратты тауып береді (бағасы, композициясы, шлейфі және т.б.). Баркод (штрихкод) сканнер арқылы иіссуларыңызды тексеруге болады. Айтпақшы өзіміздің Француз үйінен алған Mancera Roses Vanille қорабында штрихкод болмай шықты. Басқа барлық қораптарда бар, мұнда мүлдем жоқ. Құтымында да жоқ. Әлде қорап сыртындағы целлофанда кетті ме екен? 🤔 Қалай ойлайсыз бұл нені білдіреді?
☹ Подделка 2
😐 Целофанында болған 2
🙃 Оригиналы штрихкодсыз 2
Читать полностью
Beautylogic 8 Jun 2019, 06:38
Арамызда спортпен дос адамдар біраз шығар. Жүгіру ең арзан, ең пайдалы әрі позитив спорт түрі. Аяғыңа кроссовкиіңді киіп, құлаққабыңды тақ та баса бер. Енді жүгіруге шығарда крем жағу керек пе жоқ па?
Жүгіргенде крем жағу керек пе?
Соңғы уақытта мүлдем пост жазбай кеттім. Жаңа процедураларға да бардым, бір екеуін видеоға да түсірдім, жаңа брендтермен де таныстым, тіпті бір жаңа хош иіспен достастық. Бірақ шабыт болмады шынымды айтсам. Елдегі саяси оқиғалар кері әсерін тигізді. Дегенмен қандай жағдай болмасын әддемі болып жүру керек. Соңғы он күн таңертең жүгіруді бастадым. Теріге оң әсерін сезіп жүрмін. Айтпақшы мен таңертең жетіде шығамын. Бұл кезде күн сәулесі агресивті емес, оның үстіне жүгіргенде борша-боршам шығып терлеймін деп таңертең…
Beautylogic 23 Feb 2019, 20:02
​Косметолог кабинетінде:
-SPF кремді жағып...
- Білем, білем. Жағып жүрмін күнде таңертең.
- Бір рет қана ма?!!
- Енді таңертең жұмысқа, еще күн шықпай тұрып барамын. Күні бойы офисте. Күн батқанда үйге қайтам. Несіне жаға берем.
- Сіз білесіз бе сіздің ноутбугыңыздан, тіпті смартфоннан теріңіз сәулеленетінін?
Ары қарай сотка мен компьютерлердің зияны туралы ұзааақ лекция болды.
Қыздар, жолдастар. Шынымен сотканың, компьютердің сәулесі қауіпті. BBCден бұл туралы мақала оқыдым. Сәулелендіру деңгейі жоғары смартфондар қытайлық OnePlus және Huawei брендтері, сонлай-ақ Nokia-ның Lumia 630 смартфоны.
SAR (сәулелендіру деңгейі) төмен смартфондар Sony Experia M5 (0,14), Samsung Galaxy Note 8 (0,17) және S6 edge+(0,22), Google Pixel XL (0,25) Samsung Galaxy S8 (0,26) және S7 edge (0,26) екен. Айтпақшы жатар смартфонға көп үңілем, кітап оқимын әдетте. Көзді шаршатпау үшін Twilight қосымшасын пайдаланамын. Әдетте түнде телефоннан экранынан шығатын "көгілдір жарық" ұйқыңызды ұрлап, көзіңізге зиян тигізеді. Ал Twilight мобильді қосымшасы смартфон жарығын реттейді.
Екі скролдық жазбамның түйіні SPF кремін қыста да, күн бұлыңғыр болғанда да, кеңседе жүргенде де жағып жүріңіз. Әсіресе егер күні бойы компьютер алдында отырсаңыз, кеңсеңіздің терезелері үлкен болса, қандай да бір пилинг жасасаңыз.
Читать полностью
Beautylogic 19 Feb 2019, 18:53
86 жасына қараған шағында танымал модельер, кутюрье, стилист, фотограф Карл Лагерфельд қайтыс болды. Карл Лагерфельд 1984 жылы Karl Lagerfeld Impression өз киімдер линиясын шығарды. Ал он жылдан соң  Chanel үйінің көркемдік директоры болды. Сонымен қатар Chloé, Fendi және мода индустриясының басқа да лидерлерімен жұмыс жасады.Chloé, KL, Jako парфюмдерінің авторы. Кутюрье фотографияға қызығатын, бірнеше кітап жазды, тіпті баспа үйін де ашты. Ол бір сұхбатында жеке кітапханасында 300 мыңнан астам кітап бар екенін айтқан. Кітап пен парфюм туралы айтсақ
Paper Passion иіссуын айту керек. Кітаптың хош иісі бар бұл парфюмды —  Гез Шоен, Герхард Штайдл, Wallpaper Magazineмен бірлесіп жасап шығарды.  Сән әлеміндегі осындай гигант, интелектуал, біртуар тұлға бүгін көз жұмды. Бақұл бол, Карл Лагерфельд.
Читать полностью
Beautylogic 10 Feb 2019, 15:01
Хиромассаж ботоксты да алмастыра алады дейді біреулер. Ботокс жасатқаным жоқ, салыстыра алмаймын. Бірақ өз әсерімді айтайын.
Хиромассаж
Көктем жақындап келеді, халайық 🌸🌸🌸. Косметологым химиялық пилинг жасау маусымының аяқталуына екі аптадай ғана уақыт бар деді. Демек одан кейін күн сәулесі күшейеді, күрделі пилинг жасауға болмайды екен. Айтпақшы, The Ordinary-дің ретинолдары туралы жазбаған сияқтымын ә. (Сәл кейінірек қысқаша шолу жасаймын). Химиялық пилинг туралы да кейінірек жазам. Кеше бірінші процедурасына ғана бардым. Негізі, қысқаша айтқанда, химиялық пилинг (эксфолиация) кезінде бетке арнайы қышқылдар жағылып, терінің өлген қабатын…
Beautylogic 4 Jan 2019, 16:54
Жүн-жыбыр ликвидациясы. Лазерлі эпиляция туралы
Кірпінің түлеуі #лазерліэпиляция
Бұл жазба сәл өзгеше болар. Бірақ бөлісуді жөн көрдім. Артық жүн-жыбырдан арылу туралы. Егер мүлдем эпиляция, депиляция жасамайтын болсаңыздар, оқымай-ақ қойыңыздар. Айтпақшы, каналымда ер адамдар да бар. Бұрындары шугарингке барғанда мастеріме бір жігіттің баратынын көретінмін. Кейін таныстық. Ұшқыш екен. Әуеде жүргенде сақал-мұртым жылдамырақ өседі дейді. Қырынуға уақыт жоқ, оның істіне терім тым сезімтал, қызарып шыға келеді дейді. Сол үнемі шугаринг жасап, сақал-мұртын, мұрын, құлақ ішіндегі жүндерін жұлдыратын…
Beautylogic 10 Dec 2018, 12:00
Бұл жазбаның бютиге қатысы жоқ. Бірақ үйде жұпар иіс шығып тұрғанын қалайтындарға қажет боп қалар
Хош иістендіргіштер немесе елшіліктер жәрмеңкесіне не үшін бардым.
Үйде әдемі иіс шыққанын қалаймын. Бірақ үй, кеңсе ішіндегі хош иістендіргіштерді жақтырмаймын. Себебі олардың құрамындағы формальдегидтер, ацетон, этанол, d-лимонен, пинен және ацетат сияқты ұшқыр заттар ағзаға өте зиянды. Әсіресе астматиктер мен аллергиктер үшін. Бұл ұшқыр қосылыстар сау адамның өкпесінде жиналып дертке шалдықтыруы мүмкін. Science of The Total Environment журналының 2015 жылғы санында ауаны хош иістендіргіштер зиянына қатысты мақала жарияланған. Онда электронды хош иістендіргіштер формальдегидтің…
Beautylogic 9 Dec 2018, 19:10
Қыста ерінге де ерекше күтім қажет. Менің қысқы бальзамым және бір-екі кеңес.
Қыста ерін күтімі
Ерінде май бездері жоқ. Сондықтан оның күтімі бет терісінен де артық болуы керек. Оның үстіне біз далапты кремнен артық жағамыз. Ал оның құрамы пайдалы болмауы да мүмкін. Егер ерніңіз жиі жарылып, ұшықтана берсе бұл аллергия, дерматит немесе В тобы витаминдерінің жетіспеуін білдіруі мүмкін. Ал ерін түсі қоңырқай тартса, бозарса немесе құрғай берсе организмге сұйықтық жетпейді. Айтпақшы, темекіден ерін сұрланады. 25 жастан кейін ерін түсі солғын тарта береді, ұсақ әжімдер пайда болады. Ерін фотоқартаю процесіне…
Beautylogic 9 Dec 2018, 13:43
Қыста қолыңызды қалай қорғайсыз? Қолғап+ши майы + қолға арналған кремдер
Ши майы. Ura'ala
Қысқа көлікті дайындайсыз ғой, шинасын ауыстырып дегендей. Терініңізді де дайындап үлгердіңіз деп ойлаймын. Барлық ылғалдандыратын кремдеріңізді қоректендіретінмен алмастырыңыз. Неге екенін былтыр қыста толығырақ жазғанмын. Қысқаша айтқанда аяздарда беттегі ылғал да мұздайды. Бұл бетіңізге зиян тигізеді. Одан гөрі қоректендіретін қалыңырақ кремдерге көшіңіз. Қыста ең проблемалы жерім - қолым. Қолбағым мен жеңіл кремдерім жеткіліксіз-ау. Қолымның терісі жиі құрғайды. Сондықтан ши майына көштім. Ши майын кейде…
Beautylogic 21 Nov 2018, 15:37
Достар! Ғаламат Sale-дер! Black Friday келе жатыр! Beautymania, Code Vie, Mon Amie, Француз үйінде "қара жұмада" дым жоқ. Әдеттегі маркалардың сараң жеңілдіктері ғана...
Beautylogic 18 Nov 2018, 18:16
https://graph.org/Detoks-shmetoks-zhәne-sabyndar-11-18
Детокс-шметокс және сабындар
Соңғы уақытта көп көремін жарнамаларды. Детокс шайлар, смузи, коктейльдер. Тіпті сабындар!!! Детокс деген не өзі? Бұл «детоксикация» сөзінен қысқару нәтижесінде туындаған термин. Яғни, ағзаны токсиндерден тазарту, уды шығару. Адамның іші токсин, боққа толы екенін Абай атамыз "Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы" дегенге дейін ежелгі Греция мен Римде Герофил, Гален және олардың әріптестері айтып кеткен. Бірақ бұл детокстың дұрыстығын да, бұрыстығын да білдірмесе керек. Естеріңізде…
Beautylogic 9 Nov 2018, 11:15
Beautylogic 7 Nov 2018, 06:17
Пит Мондриан. Құдайшылдық. 1908ж. Осы көркем сурет әдемі көңіл күй сыйласын