Тұлғалық даму|психология


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Психология


-Жеке терапия
-МАК сеанс
-Жеке менторлық
-Кэшфлоу трансформациялық ойыны
-Играпрактик обучениесі
толығырақ білу үшін wa.me/7786975813

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Психология
Статистика
Фильтр публикаций


Тағы не қосар едіңіз?


Қазір миды улайтын нәрселер өте көп:

1.Рилс,ТикТок, вацаптағы толассыз әңгімелер
2.Тамақтануды дұрыс жоспарламау.Фаст фуд,көмірсуы көп,аз уақытқа тасқын энергия беретін тамақтарды көп жеу
3.Оқуға,жұмысқа баратын кездегі светафор,автобустағы бос уақыттар
4.Айналадағы энергетикалық вампирлер.Білдіртпей артқа тартатын күнделікті энергия алмасып жүрген токсичный адамдар


Осылардың бәрінен арылғым келеді….


Айтар жаңалығым енді пісіп жетілді,жақында стористе айтамын


Ақшаға қатысты өзгерту керек 5 қате ой❌

1."Ақша=мақсат".Ақша мақсат
бола алмайды, ақша идеяның
жұмысшысы

2."Акша=білім".Акша тауекел
мен әрекет санына тең

З."Акша=Жас" Кез келген жаста
өз жасыннан коп немесе аз
акшалы болуга болады

4.”Ақша=Жинақ” Қолда жиналған ақша не көмектесетін адамың болмаса да,ақшаның көзін жасап,мүмкіндікті өзің жасауға әрқашан болады

5.”Ақша=Лауазым”.Үлкен лауазымда отырып та,аз ақшалы болуға, мүлде лауазымсыз көп ақша табуға да болады.Ақша мен лауазым дәл қазіргі кезде тығыз байланысты емес


Менде 2-3 ай сайын осындай күй қайталанатынын байқадым.Болмысым сондай,мен тез жалығады екем.Жаңа білім алмасам, жаңалық енгізіп өз-өзімді қызықтырмасам, әр іс дофамин алғаннан кейін мен үшін қызығы кете бастайды екен. Мысалы,волейболға барамын,өйткені әлі өзім ойлаған нәтижеге жетпедім….

Бұл да бір дамудың сатысы деп ойлаймын.Өз болмысыма қарай әрекетте болуым маңызды екенін түсіндім.

Осы күйден кейін менде үнемі жаңа нәрсе пайда болады.Сол жаңа нәрсені балаша 9 күн толғатып жүрмін-ау…Не екенін өзімде білмеймін.Бірақ,жаңа нәрсе болатыны анық


Мұның уақытша екенін білемін, өзімнің осы күйімді қабылдағым келеді. Жайлы, комфортта, ештеңені уайымдамай, өзіммен-өзім қалған ұнайды…


Сапалы демалыс:
-23.00-де ұйқыға жатып,таңертең 7.00-8.00де оянып жүрмін
-барынша үйде тамақ жасауға тырысамын
-ванна қабылдаймын
-өзіммен-өзім билеймін
-көбіне үй жұмыстарын подкаст тыңдап жасаймын (қаржылық сауат,психология)
-универге барамын
-күнделікті 1 ғана тақырыпты оқимын
-волейболға аптасына 1-2 рет қалмай барып жүрмін


Соңғы күндері ешнәрсеге ынтам жоқ.Инстаграмға шығуға,терапия өткізуге,оқытуға да…. Сонымен тек жүрмін десем болады, меніңше демалыс керек :)


Оригинал набор заказ беруге болады✅


Сонымен осы установкалармен қызметіме ақша алуға ұялып, үнемі ақша үшін қорқынышта жүріппін.Терапияларда кезең кезеңімен

🔻Ақша=Ұят,Ақша=Өзіңді кінәлі сезіну, Ақшаны жоғалтудан қорқып құртып тастай беру

Запростарымен жұмыс жасадық.Ақшаға келгенде сезінетін сезімдер,эмоцияның маңызын саналы түрде түсініп,осознание келді.

Осы установкаларымды жеңгеннің арқасында сатудан,өзімді ұсынудан,қызметіме ақы алудан ұялудан,ақша келгенде өзімді жайсыз сезіну сезімдерінен арылдым.Солай әрине, маған өзім бұрын ұстап көрмеген суммалар келе бастады. 1 сатылымнан 600.000тг, бір күнде 150-200.000тг түсетін кез болды.

Әлі де мышлениемен жұмыс алда,Алланың берері де көп екеніне нық сенемін.Мен жақтан керегі еңбек пен білім алу,өзіммен үздіксіз жұмыс.

Мен өз ісімнің ең үлкен Кейсімін, осы себептен де терапияны жаным сүйіп жүргіземін🤍✨

Ал сіздерге осы формат ұнады ма?


Кейін үлкендік өмірге қадам басып,мүлде басқа қалаға(ешбір туыс,танысымыз жоқ) жалғыз өзім оқуға түстім.Бірнеше жыл көп уақыт пен энергиямды алатын,бірақ өте аз ақша төлейтін жерде жұмыс істедім.
Менің ақшамен қарым-қатынасымда балалық кездегі оқиғаларым көп рөл ойнады.

Өйткені,ақшалы болу мен үшін=Ұят,позор
Ақша ұстасам=мен бұл ақшаға лайық емеспін,бұл менікі болмауы керек
Ақша көп болса=жоғалтып аламын
Ақшаны өзіме жұмсасам=ұрыс естимін


деген ойлармен байланысты еді…


Содан жанымда үлкен әпкемнің балалары бар(тете өскенбіз,үлкені бар,кішісі бар)
велосипедпен жүретініміз есімде….Үйге келдік.Енді мамама айтуға қорқып тұрмын.Амалсыз айттым, сол жерде мамам қатты ашуланды.Бірақ,маған көп әсер еткені сол жердегі ұятқа қалғаным.Менің балалық сезімім Ұятпен қатысты болды.

Әдетте жездем мені мазақтап,солай ойнайтын..Сол жерде “Мааа,мына қара қыз тіпті,ақшада ұстай алмайды екен…” демесі бар ма?! Мен ұяттан өртеніп кете жаздадым.Сол жердегілердің бәрі маған күліп,еееең бір позорный жағдайға қалған сезімде болдым🥹… Мамамның ашуы шәй-орамал кепкенше ғой, мені жұбатып,айналып-толғанып кетті…Бірақ, менің миымда солбір 1500 тенге мәңгілікке қалған еді …


Бала кезімде 1500 тенге жоғалтып,қатты ұрыс естігенім есімнен кетпейді….

Осыдан 1 жыл бұрын ақша запросымен терапияға барғанмын.Психологтың ең алғашқы сұрағы “Ең алғаш ақша ұстаған кезіңіз есіңізде ме?”

Менің есіме бірден алыс туысымыздың ауылына қонаққа барып,анамның қағаз ақшамен дүкенге жіберген кезі түсті.Әлі есімнен кетпейді,шалбарымның артқы қалтасына бүктелген 1000 тенге мен 500 тенгені салғанмын. Содан дүкенге бардым, енді зат алайын десем қалтамда ақша жоқ…


Көктемнің мейрамдары қандай керемет ия?!

Ғашықтар күні құтты болсын!🌷


Психологиялық сау адам болғыңыз келсе, осы 3 ережені ұстаныңыз:

1.Ешкімге ренжімеу
Алланың разылығы үшін реніштерді жіберіп, жүрегіңізді 1 рет емес,сәт сайын тазалап отыруды әдетке айналдырыңыз

2.Ешкім туралы жаман ойламау
Күйеуіңіз болсын,енеңіз болсын,жалпы кез келген адам туралы жаман ойлаудан аулақ болыңыз.Негізі жаман адам жоқ,сізге ұнамайтын мінез адамның тек бір қыры болуы мүмкін.Сол қалпында қабылдамайынша,өзіңізге психологиялық жүк артып,өмірді қиындатасыз…

3.Үнемі даму үстінде болу,білім алу
Ақиқат білімдерді алып,жан-дүниеңізге тыныштық сыйлау өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.Бұл өмірде көп мәселені білім алу арқылы жеңуге болады.Қарызыңыз болса,ол сізді қаржылық сауатқа үйретуге келген сабақ деп таныңыз.Қарым-қатынас,ақша,денсаулық қай сферада болсын дұрыс ойлау арқылы көп нәрсені өзгертуге болатынын ұмытпаңыз✅


Қарым-қатынас құра алмаған адам толыққанды бола алмайды.Ия сен өз ісіңде мықты маман болуың мүмкін,ия сенің табысың керемет бірақ, қарым-қатынасың быт-шыт болса,тік тұруың қиын.Сондықтан,әрбір қызға тұрмыс құрмас бұрын өзін танып алуды кеңес етер едім.

•Қарым-қатынас тікелей Мамадан басталады

•Ең алдымен Анаңмен қарым-қатынасыңа қарап көр

•Одан кейін Әке.Әке қыз балаға ер адамның образын береді.Тура мағынасында емес,түпкі санаға орнайтын образды береді.

•Ең алдымен Әке және Ана.Осы әлемдегі көзқарасың дұрыс болса, жақсы қарым-қатынас құру мүмкіндігі жоғары


Абьюзер деген алыс адам емес негізі….

Адам абьюзерге жолықпай тұрып,өз ішінен абьюзға ұшырайды.Ол алдымен бала кезде ересек адамнан абюьз көрген кезде туындайды.Мысалы,бір қыздың мамасы өмір бойы әкесіне абюьз көрсеткен адам делік.Ол күйеуін үнемі кемсітіп,жерге тығып,одан жаман адам жоқтай истерика жасайтын…

Жертва бір уақытта и абьюзер и құрбан бола алады.Құрбан болып отырып, “сендер маған осылай істедіңдер” деп бәріне абьюз көрсететін аналар өте көп.

Көрдіңіз бе, абьюзер всегда сіз ойлағандай ең жаман адам емес,абьюзер сіз үшін ең жақын адам болған болуы да мүмкін.Мұны біздің миымыз осознанностьқа жетпейінше, ажырата бермейді.

Енді қараңыз, Бала Мамасынан абьюзд көріп өсті.Яғни,мамасы балаларын ұратын,күйеуін ең жаман адам етіп кінәлайтын тағысын тағы.Мұны бейсанамен қабылдаған бала ертесі күні дәл осы Құрбан>Абьюзер циклінен шықпайды (егер үлкен трансформация болмаса).

Бұл механизм айналмалы жұмыс жасайды. Маманың абьюзі>Баланың өз-өзіне абьюзерлік жасауы(іштей өзін үнемі кінәлауы)> Дәл сол сезімді отражать ететін, жиі сезіндіретін адамды жолықтыруы…

Осы механизмді тереңінен түсіне алсаңыз, ЕҢ БІРІНШІ ӨЗІҢІЗБЕН ЖҰМЫС ЖАСАП БАСТАҢЫЗ.

Жақында осы каналға ішкі күйге ТЕГІН терапия саламын🙌🏻


Ертең Астанада алғашқы офлайн Мастер классымыз өтеді.Күні бойы іштей толқып жүрдім.Қалай болар екен деп….Негізі үнемі айтып жүрген,талдап жүрген тақырыптарым ғой.Бірақ,бәрібірде үлкен жауапкершіліктің алдында қорқыныш болады екен.Бұйырғанын көреміз🤍✨




Қадір Түнінде оқылатын дұғалар🤲🏻✨

Показано 20 последних публикаций.