Beksports.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Қазақстан және әлем спортындағы ең қызықты ақпараттар мен деректер
Парақша жетекшісі - Бек Төлеу
Жарнама бойынша
@bektuleuov

Қолдау көрсету Kaspi Gold карта нөмірі 4400 4301 4415 5865

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы ойыншыларының жалақысын жарытып төлей алмай келеді. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ұжымда соңғы үш айдан бері айлық алмаған футболшылар көп. Оның үстіне, клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді.
Осы орайда біз Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан қаржы мәселесінің қашан шешілетінін сұрадық. Оның сөзінен ұққанымыз, «Қайсардың» әкімдіктен алатын бюджеті жақын уақытта өспейді.




Тоқаев Венгрия мен Германия матчын тамашалап жатыр. әзірге гол жоқ


Бүгін туризм және спорт министрлігі Қазақстан дзюдо құрамасына даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба құрамаға көмектеседі деген ақпарат таратты.
Бірақ шын мәнінде Эцио Гамба қазіргі кезде Ресей азаматы. Ол 2016 жылы Ресей азаматтығын алған. Гамба Ресейге 2008 жылы келген. 16 жылдан бері сол жақта тұрады. Оның қасында Елдос Сметовтен төрт рет жеңілген тағы бір ресейлік Роберт Мшвидобадзе бар. Демек дзюдо құрамасында екі ресейлік бапкер жұмыс істемек.
Министрліктің мәліметінше, Гамба Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастап кеткен. Жақында Ақтөбеде өткен чемпионатқа да барған.


Ресейлік спортшылардан құтыла алмай жатқанда тағы бір көрші елдің бапкері Қазақстанға келді
Биыл Париж Олимпиадасында бірден-бір нәтиже көрсеткен спорт түрі – дзюдо еді ғой. Соның өзіне ресейлік маман шақырып жатыр. Не үшін? Кімге керек? Жаз бойы Сметовтің бапкерін мақтадық. Ғалымжан ағаны құрамаға қосқан жоқ. Қызылордада Қален Қалиұлы деген тәжірибелі маман бар. Үш шәкірті халықаралық жарыстардан жүлде алып жүр. Ол да жоқ. Қарағандыда талай мықтылар жүр. Бірақ Ресейден бапкер шақырамыз? Кімге керек? Федерация, министрлік кімнің әрекеті бұл?

Енді, міне, Қазақстан дзюдо құрамасына консультант ретінде ресейлік маман шақырылды. Оның есімі - Роберт Мшвидобадзе. Спорттағы мансабын аяқтаған бұл маман ертеректе Елдос Сметовтің қарымды қарсыластарының бірі болған. Ол Сметовпен 6 рет кездесіп, оның төртеуінде отандасымыз басым түскен еді.
Сметовтен жеңілген спортшы енді Сметовке бапкер бола ма? Ол не үйретеді? Бұған дейін Қытайдың әйелдер құрамасында жұмыс істеген. Қытай қыздары әлемде сұмдық дзюдо державасы емес қой? Неге Ресейде ешкімге керек болмай қалғандарды топырлата беретін болдық. Мұның артында кім тұр? Жауап беретін адам бар ма?


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔥 Браим Диас Марокко құрамасы сапында алғашқы хет-тригін жасады

🌍 Жартылай қорғаушы Африка кубогы-2025 іріктеу кезеңінде Лесото қақпасынан үш мәрте саңылау тапты.

🇲🇦 Жалпы алғанда Марокко жейдесінде сегіз матч өткізіп, 7 гол мен 2 гол пасының авторы атанды.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Шешенстанның «Ахмат» клубына ауысуы мүмкін.


Бұл туралы ресейлік футбол инсайдері Иван Карпов жазды. Дереккөздің мәліметінше, Грозный клубы Черчесовті Қазақстан қызметінен қуатын болса, қыста алғылары келіп отыр. Қазіргі кезде «Ахмат» клубын Сергей Ташуев жаттықтырады. Оның алдында Қазақстан құрамасының экс-бапкері Магомед Адиев баптаған.


Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама Ұлттар лигасында алты матчта бірде-бір гол соқпады. Соңғы бес ойында Қазақстан барлық қарсыластарынан 15 гол жіберді.

Айта кетсек, егер Черчесовті мерзімінен бұрын қызметінен қуса, 1 миллион еуро өтемақы төлейді.


Кетсін бе?


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Спорт министрлігі, НОК, Федерация қайда қарап отыр?

Жәнібек Әлімханұлының боксына нота жібереміз олимпиадалық спорт түрінен өткен сайыста ескі әнұран орындалғанда кім жауапты екенін де білмей қаламыз.
Өткенде Сидней қаласында (Аустралия) ұйымдастырылған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович арасында жекпе-жекте ескі әнұран қойылып кетеді.
Оны ешкім білмейтін No Limit Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырған ғой. Соған Туризм және спорт министрлігі наразылық нотасын жолдадық деп жатыр еді. Содан хабар жоқ. No Limit Boxing компаниясына біздің министрліктің хаты дымға керек жоқ.
Нағыз нота жолдайтын кінәлілерді жазалайтын жағдай күні кеше болды. Жапонияның Хатинохе қаласында н конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионатының шешуші жарыс күнінде ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды. Алтын медальдың құрметіне әнұран қойылғанда ескісі орындалды. Бұл олимпиадалық спорт. Халықаралық федерация тарапынан бақыланатын сайыс. Ескі әнұранның қойылып кетуіне кім жауапты? Министрлік пе? Федерация ма? НОК па? Екі күн өтті. Бәрі үнсіз


💔 Осымен бәрі бітті...

🇰🇿 Футболдан Қазақстан құрамасы осы маусымдағы Ұлттар лигасындағы жорығын голсыз аяқтады.

🏟 6 ойын
🚫 0 жеңіс
🤝 1 тең ойын
❎ 5 жеңіліс
⛔️ 0 гол соқты
⚠️ 15 гол жібердік


5 жеңіліс 😏
5 ойында гол соқпау 😞
және 5:0😭


Холандты тоқта аламыз ба?


Не күтеміз? Ойларыңызды жаза отырыңыздар?


Александр Кузнецов шәкірттеріне сәттілік тілейміз. Бүгін маңызды матч


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
40 жасында осындай гол салу көбінің қолынан келмейді ғой


Әзербайжан еліне Месси келе жатыр.


Футболдың өгей ұлы

Винисиус Джуниор өткен аптада Ла Лигада хет-трик жасады. Үш голдың үшеуі бірінен-бірі өтетін әдемі.
Ал бүгін Венесуэлаға пенальти соға алмапты. Болып тұрады енді, катастрофа емес қой.
Мен бұрын бұл жігітті ұнатпаушы едім. Реалфандардың біразы жақтырмайтын. Бірақ соңғы 3-4 жылда қатты өсті. Жылдамдық, дриблинг, мергендік, бәрі бар. Жан-тәнін салып шаршамай шапқылайтыны, еңбекқорлығымен жаулап алды.

Кезінде, Бразилиядан енді келіп, ойыны онша жүрмей жатқанда клуб сатып жіберер ме екен деген күдік болған. Сатпақ түгілі, 1 миллиард еуро межесінде клаусула қойып тастады.
Мбаппе сол қапталдағы орнын тартып ала ма деп едік. Жоқ, жолатпай қойды, өз позициясында үздік екенін даусыз дәлелдеді. Дәл қазір әлемде Винидің алдына түсетін ойыншы жоқ-ау сірә.

Бірақ адамға жағу қиын ғой. Қаралығы үшін бе, мінезінің алақұйындығы үшін бе, жақтырмайтындар бар. Тіпті, аулада ойнап жүрген балдар Винидің емес, Мбаппе мен Беллингемнің жейдесін жиі киеді. Беллингемнің екі қолын екі жаққа керіп тұра қалған сәтін, Мбаппенің қолын қолтығына қысатын жерін қайталап мәз болады. Себебі, ол екеуі бұған қарағанда красавчиктеу. Ойыны асып тұрған жоқ.

Ертегілерде үш баласын еркелетіп, төртінші біреуін шеттететін отбасылар болады ғой. Вини де соның кебін киіп жүр. Бірақ беті қайта ма десек, өршелене түскендей. Түбінде сондай балдар қиындықтың бәрін жеңіп, бай болып, барша мұратына жетіп жатушы еді).

Арнұр Асқаров (с)

Показано 20 последних публикаций.