Әділбек Исламбек


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


кітап жазамын деп 5.5кг салмақ тастаппын. Бәйгеге шабатын жылқы құсап, шап-шақ болып қалдым. Денемде артық ет жоқ. Көрген адамдар “көзің үңірейіп қалыпты” деп жатыр.

Ал мен қоғамға пайдам тиетініне мәз болып, семіріп жүрмін


Маған қандай да бір жетістік, қиындықпен келеді. Мысалы, алғаш кітабым шығатында, кітапты жазып қойған ноутбугімді ұрлап кетті.
Марафонға жүгіруге дайындалып жүргенде, аяғымды ауыртып алдым. 1 аптада емделіп, бәрібір де жүгірдім. 2-ші кітабым шығатында Ресейде соғыс басталып, ол жақтың тұрғындары біздің елге сыпырыла көшті. Сол сәтте бізді квартирадан шығарып, ресейліктерге берді. 1 күнде далада қалдық.

Міне осылай. Қазір де сәл-пәл қиындықтар болып жатыр. Бұны жетістіктің басы деп қабылдадым.


Бейтаныс кісімен ашылып әңгіме айту оңай ғой. Жас шамасы 35 жастағы бір аға “жасымды айтудан ұяламын” дейді.
Неге деп сұрадым. Жауабы:
«Оқуды аяқтадым. Жұмыс жасадым. Иә, үй жоқ, көлік жоқ. Жәй қатардағы адаммын. Адамның жасы санмен емес, істеген ісімен өлшенеді. Мысалы, сен кеудеңді керіп тұрып, екі кітап жазды деп айта аласың. Мен ше?
Мен сияқты жасыңды айтуға ұялмас үшін, жасындай жарқырау керек » деп түйіндеді.

Бұл кісі арқылы маған ҚҰДАЙ сөйлеп отыр деп топшыладым. Әлі де еңбектену керек


күнде ұйқыдан тұратын уақытымнан 1 минут ерте тұрамын. Осылай жасап жүргеніме 33 күн болыпты. 8:00-де оянатынмын, қазір 7:27-де. 1 минуттың өзі өмірді ақырын-ақырын өзгертеді.

Кітапты да солай жаздым ғой. Күніге 1 бет. Шаршамасам, 2 бет. 3 айда толық кітап жазылды. Кішкене-кішкене әрекеттер, үлкен-үлкен істерді тындырады.


Бір іске жан-тәнімен кіретін адамды көрсет десе, мені көрсетсеңіз болады. Биыл жазда 1-1 киім сатып алмадым. Себебі, кітабымды басып шығаруға қаржы жинадым. Әрі былтырғы киімдерім де жарап тұр. Ең бастысы таза.

Байқасам, бұл кітап мені біраз тәрбиеледі


Көп адамның өмірі студенттік шақтан кейін аяқталып қалатындай. “Студенттік шағымда бүйтіп едім, қазір қалды ғой” деген әңгімені көп естимін. Архивте істегенімде бір ғалымның үйіне бардым. Жер асты жолын зерттеген. Метро салу сызбасын жасаған. Зерттеулері көп. Бәрін де 30 жастан кейін жасаған. Тіршілікке жұтылмаған.
Біздің қазіргі қоғам тіршілікке жұтылып кетеді. Студенттік шақтан кейін, білімге қолды бір сілтейді де, күніге 3-5К теңге табуды ойлайды. Бәрі емес, басым бөлігі. Бұл дұрыс тренд пе?!


Биылғы жаз мен үшін өнімді болды. Қысқа ғана жетістіктерім:
• 3-ші кітабымды жаздым.
• Телеграм арнама 22К оқырман жинадым.
• 3 адамға инвестиция жасап үйреттім.
• Іні-қарындастарымды қыдырттым.
• Инвестиция саласы бойынша 3 кітап оқыдым.
• 3 рет кітап оқу сайысын өткіздім.
• Табиғат аясына шығып та, шомылып та, демалып та үлгердім.


Кітап саудасымен айналысатын досым бар. Досым дегенде меннен 13 жасқа үлкен. 1 салада жүргесін дос боп кеттік. Өз әңгімесінде:
«осыдан 13-10 жыл бұрын, қазақ әдебиеті өте жақсы сатылатын. Адамдар қатты іздеп оқитын. Соңғы 10 жылда тек қана діни кітаптар қатты саудаланды. Үлкендер емес жастар алды. Ал, осы жылдың басынан бері қайттан әдеби кітаптар қарқын алды».

Енді 10 жылда ғылыми кітаптан көз аша алмай қалсақ екен тіледім іштен


Қазір оқып жүрген кітабым

Жас отбасы болғасын, үй алу үшін қаржы жинап жүрмін. Үй үшін қаржы жинау - үлкен төзімдік пен еңбекті талап ететін жұмыс.
Осындай сәтте мотивацияны ояту үшін кітап оқу керек. Мақсатыма сай "бір жылда қалай баспаналы болдым?" кітабын таңдадым.


Шәкіртақым 21.000 теңге болды студент кезде. Сол шәкіртақымның 5-7 мың теңгесіне кітап сатып алып жүрдім. Алматыда ол кезде «қазына» кітап үйі танымал болатын. Кешқұрым кітаптарымды жинап отырсам, бас-аяғы 300-дей кітап сатып алыппын. Оның оқылғаны бар, оқылмағаны бар.
Студент кезімде сол ақшаны компьютер клубқа, playstation-ға құртпағаныма қатты қуандым.
Қазір шағын ғана кітапханам бар.

Біздің бір сәттік шешімдеріміз, біраз дүниені өзгертуге қауқары бар.


2022 жылы. Алматыда жалдамалы пәтерде тұрамын. Пәтер деуге келмейді. Үйдің қуыстағы 1 бөлмесі. Терезесі жоқ. Қалған бөлмелерде үйдің иесі тұрады. Студентпін.
Жазған кітабымды жарыққа шығару үшін құрылыста істедім. Шаршамайтынмын. Бір ғана дүние шабыттандырды. Ол жазулы тұрған кітабым. Әрең дегенде керек қаржыны жинап, кітабымды басып шығардым. «Оқырман әліпбиі» кітабы болатын.
Кітабымды көрген сайын - шаң-шаң құрылыс пен қуыстағы терезесі жоқ 1 бөлме еске түседі.


Тамақты аз ішіп жүрмін. Себеп, бойымдағы бүкіл энергияны кітап жазуға жұмсаймын. Тамақ ішсең, энергияңның басым бөлігі оны сіңіруге кетеді. Қазір “қара су” маған азық.
Күніге 1 мезгіл тамақ ішемін. Қалған уақытта су

«Білімге ден қойған адам, аш болуы керек» деген қағидаға, осылай өз әлімше амал еттім.


Қазанаттың құйрығы-әрі жібек, әрі қыл,
Азаматтың мінезі-әрі мырза, әрі құл.


Өмір саған әрқашан 2 таңдау береді:)
Бір жағына сенің армандарыңды қояды. Бір жағына сенің қорқыныштарыңды қояды.

Таңдау сізде🙃


Кітап оқысаң көзің ауырады,
Оқымасаң жаның ауырады.

Исламбек. Ә


Жазылар өкпе-реніш, қыртыс кеудең,
Бас аман, бауыр бүтін, ұрт іскенмен.
Қанаты бүтін қазір кім бар дейсің?
Айфонның алмасы да бір тістелген.

Б.Имашев


👨🏻‍💻1 идеямен 1 кітап жазып шығады…

Ағылшындар, орыстар 1 идеямен 1 кітап жазып шығады.
Мысалы: 20/80 деген тұжырым бар. Ол дегеніміз: 20% күшіңді жұмсап, 80% өнімділік алу. Бұл өмірдің барлық саласында жүзеге асады. Осы тұжырымды жан-жағынан зерттеп, әртүрлі мысалмен 200 беттік 1 кітап жазып шығады.

🥹Қазақтың қыз-жігіттері қайдасыздар? Кітап жазыңыздаршы. 1 мықты идеяны алып, оны өміріңізге енгізіңіз. Ол идеяңыз шынымен адамға көмек берсе, онда кітап жазыңыз. Сол идеяны жан-жағынан қазбалап, әртүрлі мысалмен әспеттесеңіз болғаны.

📈Біздің нарыққа кітап қажет. Сапасы болсын, болмасын. Бізге дәл қазір сан маңызды.
Сан көбейгенде, сапа өзі-ақ қуып жетеді. Көп қыз-жігіттер “кітап жазғым келеді” дейді. Жаз. Дәл қазір 1 сөйлемін жазып қой.
Кітап жазыңыздар….




Мен қазір оқып жүрген 3 кітап:

1. Ақылды инвестор (қаржылық бағыт)
2. Ойланушы (рухани бағыт)
3. Идеал жігіт (рухани бағыт)



Показано 20 последних публикаций.