#Редактордан
АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЛҒАН АҚПАРАТ!
Әлемде болып жатқан оқиғалар мен Қазақстандағы COVID-19 вирусының таралуына байланысты небір қаңқу сөздер, жалған видеолар мен фотолар, тіптен аудиолар таралып жатыр. Сондықтан да өзіңізге келген ақпаратты өзгеге жібермес бұрын мыналарға НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
- Ақпарат қаншалықты сенімді? Фото не видео, аудиода сенімсіздік тудыратын элементтер бар ма? Олардың кез-келгенін қарапайым іздеу жүйелері арқылы тексеруге болады. Жеті рет оқып, бір рет жіберіңіз.
- Әсіресе, whatsapp арқылы таратылған ақпаратқа абай болыңыз. Бұл мессенджерде фейк ақпарат жиі таралады.
- Мәтін күйінде жіберілген ақпаратты мұқият оқыңыз. Әдетте, жалған ақпарат қатеге немесе тікелей аудармаға толы болады.
- Кез-келген деректі ресми ақпарат көзімен тексеруге тырысыңыз. Ол үшін ресми органдардың сайты мен әлеуметтік желілерді бір қарап шығу да жеткілікті. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналын немесе фейсбуктағы парақшасын қараңыз.
- Басқа ұлт өкілдеріне қатысты немесе ұлтараздық, дінараздық ақпарат таратпауға тырысыңыз. БАЙҚАҢЫЗ! Бұл үшін ҚР ҚК-нде 174- және 256-баптардың бар екенін ұмытпаңыз.
- Арандатушы контент таратпаңыз.
- Қызық қуам, прикол ұстайм деп желілік лаңкес немесе қылмыскер болып кетуден сақтаныңыз.
- Ауырғандар туралы ақпарат таратқан кезде, адамның жеке мәліметтеріне абай болыңыз. Аты мен тегі және өзге де жеке деректері Заңмен қорғалғанын ұмытпаңыз.
- Түрлі мессенджерлер мен интернетте жүрген ақпаратқа сене бермеңіз.
Осы қарапайым бірнеше ережені ұстану арқылы сіз өзіңізді және жақындарыңызды ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ құрбаны болып кетпеудің алдын аласыз.
Кейбір ақпаратты біз де бірден тексеріп отыруға тырысамыз. Ол үшін келесі парақшаларды оқыңыз:
facebook үшін: Factсheck.kz қазақша және FactCheck.KZ орысша
insta: factcheck_kz қазақша және factcheck.kz орысша
telegram: Қазақ тілінде: https://t.me/birgeteksereik
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz
АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТЫП, ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ! ҮЙДЕ ОТЫРЫҢЫЗ және ГИГИЕНА САҚТАҢЫЗ!