Репост из: Бірге тексерейік!
Сәлем! Сәлем!
Қазақстанда коронавирусқа қатысты қандай фейктер тарап жатқанын білесіздер ме? Кеттік, бірге тексерейік.
Factcheck.kz редакциясы соңғы айда COVID-19 вирусына қатысты тараған фейктерді жинап, назарларыңызға ұсынып отыр. Бұлар поисковиктерде жиі ізделген.
1️⃣ Емдеу және профилактика туралы ең көп таралған фейктер
❌ Хабарлама: COVID-19-ға қарсы вакцина ойлап тыбылды.
👉 Үкім - Жалған. Вакцина әлі жасалып жатыр. Фейкте вирусты анықтауға арналған тест туралы айтылған еді.
❌ Хабарлама: Мұрынды сабынды сумен жуу коронвирустан қорғайды.
👉 Үкім - Манипуляция. Мұрынды шаю кейбір кезде пайдылы болуы мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда емес. Мұрынды үнемі сабынды сумен жуудың қарсы көрсеткіштері де бар.
❌ Хабарлама: Жүзу коронавирустан қорғайды
👉 Үкім - Фейк. Бұл фейкті жүзуден сабақ беретін тренер таратқан. Пандемия уақытында ақша тауып алуды ойласа керек.
❌ Хабарлама: Зімбір, пияз, сарымсақ коронавирустың алдын алады
👉 Үкім - Манипуляция. Бұлардың пайдасын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ дәл осы жағдайда пайдасына қарағанда зияны көп болуы мүмкін.
2️⃣ Коронавирус Қазақстанда 🇰🇿
❌ Мәлімдеме: Қазақстан СOVID-19-ды емдеу хаттамасын жасырып отыр және дәрігерлер профилактика үшін қажетті дәрілерді алмайды.
👉 Үкім - Жалған. Қазақстанда коронавирустан емдеу хаттамасы ашық және дәрігерлер хаттамаға сай дәрілерді алып отыр.
❌ Хабарлама Аурулардың барлығын Теміртауға апарады
👉 Үкім - Жалған. Бұл ақпарат толығымен ойдан шығарылған. Сондықтан да сенуге болмайды.
❌ Хабарлама: Алматы / Тараз / Ақтауды тікұшақпен дезинфекциялайды.
👉 Үкім - Фейк. Бұл тек біздің елде ғана емес, әлем бойынша тарап жатқан фейк.
3️⃣ Коронавирус әлемде 🌏
🇮🇹 Италия / ҚХР азаматтары жаппай ислам дінін қабылдап жатыр
👉 Үкім - Фейк. Бұл тіптен миға қонымсыз ақпарат. Италия да, Қытай да ислам дінін жаппай қабылдамады. Екі жағдайда да тараған видео мүлдем басқа оқиғадан алынған және монтаждалған.
🇸🇪 Швеция коронавируспен күресуден бас тартты.
👉 Үкім - Фейк. Швеция вируспен күресуден бас тартпады, десе де бұл елде қабылданған шаралар басқа мемлекеттердегідей қатаң емес.
🇮🇹 Италия өмірлік карантин жариялады.
👉 Үкім - Фейк. Бұл да өтірік. Ел президенті мұндай мәлімдеме жасамады.
Болды, болды, осымен тоқтадық.
Бірақ, жалған ақпарат сіз ойлағаннан де көп екенін және оның жарық жылдамдығымен таралатынын ескертеміз. Жалған ақпаратқа алданбаңыз. Бастысы - деніңіз сау болсын!
Өздеріңізге деген ❤️-пен, @birgeteksereik және @factcheckkz