📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Психология


Психология, ойлар және пікірлер 📝📖

📅 (Постты күнде саламын) 📆
☆ Автормен байланыс: @pendemin 👤

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Психология
Статистика
Фильтр публикаций




СЕН НЕГЕ ӨЗГЕРЕ АЛМАЙСЫҢ?🤯

• Сен кино көріп не кітап оқып, не мықты біреудің оқиғасын естіп шабыттандың да, «Ендi күн сайын таңғы 7-де тұрамын; 50 сөз ағылшынша жаттаймын, 100 рет отжимание жасаймын» деп тiзiм құрып тастадың. Жақсы.

Ертеңіне 7-де тұрдың. 50 сөз жаттадың. 100 рет отжимание жасадың. Өзіңе көңілің толды. Ертең қайталаймын дедің.

Ертеңіне ояндың, бірақ тұрғың келмейді. Тұруың керек, сөз жаттауың керек, отжимание жасау керек. «Не деген қиын! Одан да кішкене жата тұрайын. Iстемесем, ешкім жазалайын деп тұрған жоқ қой». Басында осы ой тұрады.

Бұл жерде саған кайдзеннің PDCA деген құралы көмектеседі. Мысалы, 7-де тұруды алайық. Негізі күн сайын 8-де тұрып жүрсің.

P - plan: кішкентай өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 минутқа шегер, яғни 7:45-те тұр.

D - do: жоспарлған істі жүзеге асыр.

C-check: тексер. Жаңа өзгеріс қалай, жеңіл тиді Me? Ары қарай жалғастыруға дайынсың ба?

A - action: Жауап "иә" болса, осы өзгерісті стандарт етіп бекітіп ал. Яғни, әбден үйренген соң тағы да 15 минут шегеріп, 7:30-да тұруды жоспарла. Жауап "жоқ" болса, Р-ға барып, кішкентай жаңа өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 емес 7 минутқа шегер.

Тіл үйрену де солай. 50 емес, 5 сөзден баста.

Отжимание 10-нан баста.

Сонда миыңа олар оңай көрінеді. Істемеуге сылтау таппайсың. Дереу орындап тастайсың.


Қалдеріңіз қалай, достар?🙌
Жақын арада посттар болады😁 Менімен бірге болғандарыңызға рахмет 🤗


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


қайырлы кеш, достар!
осы кітаптармен бөлісейін деп шештім, өйткені өзім эл.нұсқасын дайындағам ғой.
каналдың атауы пока "Психология" боп тұрғанымен, контент сол бұрынғы әдебиетті де қамтиды.




︎ Авторы: Астрид Линдгрен

📖 Атауы: ҰЗЫНШҰЛЫҚ ПИППИ Коратуттутт аралында

📍 Жанры: таңғажайып хикаят

📝 Ұзыншұлық Пиппимен қашанда көңілді. Бұл жолы ол «қапима» сөзін ойлап табады, ұрылардың сазайын тартқызып, балаларға қолындағы бар тәттісін үлестіреді. Әкесінен хат алып, Анника және Томмимен бірге Коратуттутт аралына саяхаттайды. Бірде күннің аптап ыстығына күйіп, енді бірде алапат дауылға қалса да, «Уссамкура куссомкара!» деп қуана айғайлаған тұрғындарды көріп, бар қиындықты ұмытады.

#әлемәдебиеті #кітаптар




🖋︎ Авторы: Астрид Линдгрен

📖 Атауы: ҰЗЫНШҰЛЫҚ ПИППИ достарымен бірге

📍 Жанры: таңғажайып хикаят

📝 Ұзыншұлық Пиппидің Виллекулла вилласында тұрын жатқанына бір жыл болды. Күнде достары Томми және Анникамен бірге ойнайды, тәтті вафли пісіріп, әкесімен теңіз саяхаттарында көрген қызықтарын әңгімелеп береді. Ал демалыс күндері барлық балаға мұз кәмпит әперіп, ойын-сауыққа кенеледі. Алайда әлемдегі ең көңілді, мейірімді қыз Ұзыншұлық Пиппиге бір күні арнайы қонақ келіп, бәрі өзгеріп сала береді.

#әлемәдебиеті #кітаптар




🖋︎ Авторы: Астрид Линдгрен

📖 Атауы: ҰЗЫНШҰЛЫҚ ПИППИ

📍 Жанры: таңғажайып хикаят

📝 Әлемге әйгілі балалар жазушысы Астрид Линдгреннің аталмыш еңбегі Швецияда «Балақай және шатырда тұратын Карлсон» кітабынан әлдеқайда танымал екенін біреу білсе, біреу біле бермес. Қаламгердің Карин атты қызы ауырып қалғанда, әр кеш сайын көңілін аулау мақсатында ойлап шығарған әңгімесі кейіннен қызықты хикаятқа айналды. Айтқанға көнбейтін баланың психологиясын негізге ала отырып жазылған шығарма бұл күнге дейін әлемнің 80-ге жуық тіліне аударылған. Қазақ тіліне алғаш рет ағылшын тілінен аударылып отырған «Ұзыншұлық Пиппи» қазақ тілінде кітап оқитын оқырман қауымның да әдебиет пен кітапқа деген құрметін еселендіреді деп үміттенеміз.

#кітаптар #әлемәдебиеті


🖍️ ӨМІРІҢДІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТЕТІН 9 СӨЗ

1. Үміт – адамды кез келген қиындықтан құтқарады. Қандай да болмасын қиндық кезінде «Мен жақсылықтан күдер үзбеймін, үмітсіз шайтан, мен үміттенемін», - деп айтыңыз. Айтқаныңыз орындалады.

2. Сәттілік – психологтардың сөзіне сүйенсек, сәттілік өзінің атын атағандардың қасында болады. Алайда бұл сөзді қолданған адам өз-өзіне сенімді болуы қажет. «Менің жолым болып кетсе екен, бәрі сәтті аяқталса екен», - деудің орнына, «Барлығы сәтті аяқталады, мен сенемін», - деп айтқан дұрыс.

3. Сүйіспеншілік. Әрбір адам ең алдымен өзін жақсы көруі керек. Сонымен бірге әрқашанда өзіңіз үшін қымба жандарға «мен сені жақсы көремін», - деп айту керек. Бұл сөз де өмірді түбегейлі өзгертеді. Себебі адам өміріндегі сезім мен сүйіспеншіліктің рөлі зор. Бұл сөз сізге үй немесе көлік алатындығыңызға кепілдік бермейді, алайда ішкі жан дүниеңіздің көркеюіне зор үлесін тигізеді.

4. Табыс. Әрбір бастаған жұмысыңыз табысты болуы үшін бұл сөзді жиі айтуыңыз керек. Нәтижесінде сіз өзіңізді іштей тәрбиелеп, табысты қызметкер атанасыз. Жай ғана «Бұл жұмысым табысты аяқталады», - деп айту жеткілікті.

5. Жақсылық. Бұл сөзді айтқаннан гөрі амал еткен пайдалы. Өзгелердің сізге қол ұшын созғанын қаласаңыз, алдымен өзіңіз басқаларға көмектесуіңіз керек. Сіз жасаған кез келген жамандық та, жақсылық та өзіңізге қайтып келетінін ұмытпағаныңыз абзал. Себебі өмір – бумеранг. Сізге бүгін ешкім көмектеспеген болса, өзіңізді кінәлаңыз, себебі сіз де өзгелерге қиын сәтте көмек көрсетпегенсіз.

6. Сенім. Әрқашан өмірге, тағдырға сенім арта білу керек. Қиын кезде барлық мәселе шешілетініне сену керек. Әрбір адам үнемі «Бүгін болмаса да ертең бұл мәселе шешілетініне сенемін. Мен өзіме де, тағдырыма де сенемін», - деп айтып жүру керек.

7. Сенімділік. Сенім мен сенімділік ұқсас болса да, екеуінің мағынасы әртүрлі. Сенім өзгеге сену болса, сенімділік әр адамның ішкі мені, яғни өз-өзіне сенімділік. Егер сіз өзіңіздің күшіңізге және дарындылығыңызға сенімді болып, тәуекел етсеңіз жетістікке жетесіз. Әрбір жұмысыңызға не жаңалығыңызға өзгелерді сендіре білу үшін алдымен өзіңіз сенуіңіз керек. Сол кезде өмірде өз орныңызды таба аласыз.

8. Денсаулық. Бұл – сәттіліктің кепілі. Сіздің өміріңіздегі ең құнды сыйлық, баға жетпес байлық – денсаулық. Денсаулыққа сіздің ішкі ойыңыз бен сөзіңіз де әсер етеді. Сол себепті үнемі жақсы сөз айтып жүру керек. Денсаулығыңыз үшін ақшаңыз бен уақытыңызды аямаңыз. Себебі уақыт пен ақша адамға ешқашан жетпейді.

9. Рахмет. Бұл сөзді әрбір адам күнделікті айтып жүруі тиіс. Үнемі өзгелерге алғыс айтып жүру сіздің күніңізді шуақты ете түседі. Ата-анаңызға, достарыңызға, күйеуіңізге жалпы айтқанда жаныңызға жақын адамға «Сенің бар болғаның үшін рахмет», - деп айту керемет сезім емес пе?

Түйін: Адам өз өмірі мен тағдырын кез келген уақытта өзгерте алады. Тек өз-өзіне сенімді болуы керек. Өз-өзіне сенімді адам ғана өмірде өз орнын тауып, жетістікке жете алады. Алайда адам өміріндегі кейбір қарапайым сөздердің өзі өмірді түгелімен өзгертуі әбден мүмкін. Иә, сіз дұрыс оқыдыңыз. Өмірді, тағдырды өзгертетін қарапайым сөздер бар. Бұл сөздерді күнделікті өмірде жиі қолданып, амал етсеңіз жетістікке жетіп, мақсатыңызды орындайтыныңыз анық.


• Біз не төрт қабырға арасында қалып қоямыз,не бостандыққа шығып, өмір ұсынған жаңа тәжірибеден рахат аламыз.

• Бізден ой және сөз түрінде не шықса, ол сол күйінде бізге қайтып оралады.

• Олардың сізді қабылдамауы - сіздің өзіңізді-өзіңіз қабылдай алмағандықтан.

Ауыра қалсаң өлетіндей көру, жұмыстан сөгіс естісең қуылатындай сезіну өз бойыңда қорқыныштың ошағын жасайды. Одан ойыңды тазарту үшін кішігірім заттардан ләззат ал. Мәселен, күннің атып-батқаны, таза ауа, баланың дауысы, гүлдің иісі, қысқа бірақ маңызды хабарлама т.с. Әрдайым миыңа жаман, бір проблема болатындай ой келсе дереу көңіліңді басқа нәрсеге бөліп жібер. Проблема ол сенің ойыңда ғана. Миыңда өзің тудырып отсың. Егер оны ойлай берсең ол шынайы өмірде пайда болады.

Ешқашан ешқандай сылтаумен өзіңді кіналама. Өзіңді кешір.
Сенің мен қалаған бейнедей бола алмағаның үшін сені кешіремін. Қолыңнан келмегені үшін кешіремін. Жалқауланғаның үшін кешіремін. Бірақ, мен сенем, сен тағы күш жинап, келесі қадамды жасайсың. Сен мендегі ЕҢ МАҢЫЗДЫ АДАМСЫҢ.Сен менің армандарымды орындайтын жалғыз жансың. Сол үшін саған қамқорлықпен қараймын.
Осылай үнемі айтып жүр.

~ Рухани босаңсу.

Терең дем алып, ауаны сыртқа жәймен шығар. Сосын "Мен еңсені басқан барлық батпан ауыр салмақтан арыламын. Өзіммен жарасым табамын. Мeн қауіпсіздіктемін" деп қайтала.

~ Тәни босаңсу.

Қатты айқайлап, жастықты бар күшіңмен ұрып, іштегі ыза кекті шығаруға болады. Немесе ауыр физикалық жаттығу жасап, ұзақ қашықтыққа жүгіруге болады.

Луиза Хей "Көгілдір кітап".


- Қыстың қаһары қатты екен.
- Қаңтар ғой.


Психология - бұл көп айтылатын пән, бірақ оны толығымен түсіну оңай емес.
Кейбіреулер бұл денсаулық сақтау саласының бөлігі деп санайды, ал басқалары оның негізгі үлесі «айтылған емдеу» деп санайды немесе психологтар басқалардың ойларын олардың айтқанын және қалай қозғалатынын талдау арқылы оқуды біледі деп санайды, ал көптеген адамдар бар олар оны философиямен шатастыруды жалғастыруда.
Мұның бәрі фактіні көрсетеді: психология жас ғылым болғанымен, одан басталатын ағымдар мен кәсіби мүмкіндіктердің көптігі оның болу себебі туралы түсініксіздікті тудырады.


Мен жай ғана жақсы адам едім


Тіске басар болсын :)


Жалғыздықтың 4 жасы: олардың әрқайсысында қандай ерекшеліктер бар?

Екінші жартың болмай, жалғыздықта өмір сүру - бұл өте кең таралған құбылыс. Қарым-қатынасқа түсуге тырысатын, бұл үшін бәрін жасайтын, көп жағдайда табысқа жететін адамдар бар. Кейбір адамдар саналы түрде жалғыздық өмірді таңдап, одан ләззат алады.
Жалғыздыққа деген көзқарас көптеген факторларға байланысты. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – адам өз жұбын таппай қалған кезі.

20 жастан 30 жасқа дейін

Осы кезеңде жігіттер мен қыздар өз бетінше өмір бастап, әрекет еркіндігінен рахат алады. Біреу үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, белгілі бір сәтте шындап кету қаупі бар қарым-қатынасқа түскісі келмейді. Олар ұзақ мерзімді романтикадан барлық жағынан аулақ болады, ешкімге эмоционалды түрде жақындамау үшін бәрін жасайды.

30 жастан кейін

Бұл жаста әйелдерде бала тууға, ана рөлінде өзін сынауға деген құштарлық пайда болады. Бикеш әке болуға дайын ер адамды табуға тырысады. Дағды бойынша, ол қыз жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесін басынан өткізді, сонымен қатар оның кезінде бар уақытын арнаған жұмысы да бар. Қыз көп уақытымды жоғалттым, оны бос нәрселерге жұмсадым, бәрі бекер болды деп шешім шығаруы мүмкін. 30-дан асқан ер адамдар да балалы болғысы келеді. Бірақ олар әлі де осы ойдың жүзеге асырылуын кейінге қалдыруды, біраз уақытқа жалғыз және еркін өмірді жалғастыруды жөн көреді.

35 тен 40 жасқа дейін

Мұндай жаста адамдар екінші дәрежелі жалғыздықпен бетпе-бет келеді. Ер де, әйел де некелі болып, балалы-шағалы болуы да мүмкін. Бұл жаста көбінесе ханымдар арасында қарым-қатынас болмайды. Жасы 35-ке толған кез келген жас әйел қайтадан жанұялы болғысы келетінін, егер бар болса, өзіне және баласына ғана емес, күйеуіне де уақыт бөле бастайтынын айтады.

50 жылдан кейін

Адам 50-ге келгенде жалғыздықтың қайғылы шындық екенін түсінеді. Ол өзіне жар таба алмайтынын, енді өмір бойы өзімен жалғыз қалуға тура келетінін түсінеді. Мұның бәрі қыздарға көбірек қатысты. Олар қарым-қатынасқа уақытты босқа өткізбей, өзіне, мансапқа, жұмысқа арнауды шешеді. Ал жасы 50-ге толған ер адам өзіне жұп іздейді, өзінен 10 жас кіші немесе одан да көп жас кішіге артықшылық береді.

Жалғыз өмірдің кемшіліктері бар. Бірақ атап өтерлік артықшылығы да бар. Бұл жағдайда жарытыңның жоқтығынан зардап шекпеуге болады.


Бүгін/Ертең қайта қолға алмасам, атым өшсін.
Белсенді болсаңдар ғой...


Емәә, телеграмм каналым барын ұмытып кетіппін ғо 😭😭😭

Показано 20 последних публикаций.