Репост из: Сәуегей сағыз
Сәлем, достар. Бүгін бұрыннан қозғағым келіп жүрген тақырыпты жазайын деп отырмын. Алдын ала айтып қояйын: көпке топырақ шашпаймын, тек өзімнің бақылауыммен бөлісем. Қазіргі еліміздегі діни ахуал назарсыз қалмай отыр. Мынау дін жайлы жазып қоймады ғой дерсіздер. Алайда бұл тақырып бізді бейжай қалдырмауы тиіс. Себебі күн санап, дін ұлттық бірегейлігімізден айырып келеді. Оған Арман Қуанышбаев, Абдуғаппар Сманов сынды дүмшелер жауапты. Соңғы кездері Арман "ұстаздың" қайтыс болған кісінің жетісін, қырқын беру – шариғат заңдарына қарсы екенін айтып жүр. Бір ұлтты өзге ұлттан айыратын дүние – тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі және тарихы. Осы төрт дүние жойылса, ұлттың да жойылғаны. Аталған дүмшелер, ақырындап, алайда нық қадаммен, қазақтарды арап тілін меңгеруге, жұмақтың тілі екенін айтып, ауызекіде қолданыста бар сөздерді арапша баламасымен алмастыруға үйретіп жүр. Бұл үлкен қасірет. Одан қалды "намазхандар" және "бейнамаздар" деп, адамдар категориясын шығарып алыпты. Бір жағдайды мысал етейін: осыдан бірнеше күн бұрын аялдамада аптауыс күтіп тұрсам, ежеп (хиджаб) киген арбадағы қыз келіп, "Мені үш жағымнан ұстап, міндіріңдерші", – деді. Аман-саулық жоқ, "Кешіріңіз" деу жоқ. Аспаннан түскен жайдай келді де солай айтты. Мен жарайды, дедім де бір жағынан ұстап, аптауысқа кіргіздім. Содан кейін не болды десеңізші. Әлгі әйел аптауыстағы бір ежепті қызға "Ассалаумағалейкум, қалыңыз қалай?", – деп амандасты. Әлгі әйел "Таныс па едік?" деген кейіп танытып, басын изеді. Сонда бізбен амандаспаған арбадағы қыз "Сәлемдесу – сүннет қой, әпке", – деді. Міне қызық! Ал біз ше? Сонда тек ежепті не намазхан адаммен амандасу сүннет пе екен? Е, бір кем дүние дедім де, құлағыма құлаққап салып, бос орынға отыра кеттім. Ол, ол ма? Намазхан таксистер намазхандарға тоқтайтынын қайтесіз? Мен осы бір қылықтың куәсі болғанда таңданысымды жасыра алмадым. Бірде тағы бір оқиғаға тап болдым. Кезекті ежепті қыз аптауыста (өте жиі жүрем😅🤪) бос орынға отырайын деп жатқан қызды тоқтатып, алды жақта тұрған "сестрасын" шақырып отыруын сұрағанда да "в ахуе" болдым. Сонда қалай? Исламда адамды сеніміне, намаз оқып-оқымауына, ежеп киіп-кимеуіне қарай бөлуге бола ма? Мен білетін Ислам ондай емес еді. Бұл не үрдіс? Бұлай кете берсе, Қазақстандықтар екі үлкен топқа бөлініп бітеді. Ағайын! Біз бірінші кезекте адамбыз. Соны ұмытпағайсыз. Адамды діни көзқарасына қарай бөліп жару – Конституциямызбен тыйым салынады. Тағы да айтайын, бұнымен мен ешкімді шағыстырғым келмейді. Жай ғана бақылауым. Мен қайта қос ежепті қыздардың ежепсіз сыныптастарын талқылағанын мысалға келтірмедім. Осындай мысалдарға жиі тап болуым – үлкен күдік әрі қорқыныш ұялатады. Бізге қазір бір жұдырықтай біріккен жөн, ағайын. Жеті миллиард – бір бүтін ел.