Репост из: Эльеграм
Кеше кешкісін инстапарақшама "100 миллион теңгеңіз болса, қайда жұмсайсыз?" деген сауалнама жүргізгем.
Жүзден астам жауап берушілердің 80 пайыздайы:
- Ата-анамның арманын орындар ем;
- Әке-шешеме үй алып берер ем;
- Әке-шешемді шетелге жіберер ем;
- Бауырларыма үй әперер ем;
- Әулетімді құтқарар ем, - деген сыңайда коммент жазды.
Ең алдымен өз жағдайын түзеу, ақшаны көбейту, сауатты баю емес, ата-анасының, бауырларының арманын орындайды.
БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
Әке-шеше өзінің орындалмаған арманын баласына артып қоятынын білдіреді.
"Осы бала бізді асырайды ертең",
"Балам, бәріміз сен үшін деп жүрміз, бізді жерге қаратпа",
"Осы қызым біз көрмеген рахатты көрсетеді",
"Бәрімізге үй әпереді",
"Өскенде министр болады менің балам",
"Мен осы күйде кетем енді, өмірім өтті, ендігі үмітім сенде",
"Жақсы оқы, ертең бастық боласың".
Күнде осындай өте ауыр жүгі бар үмітке көміліп өскен бала ертең дәл өзінің әке-шешесіндей боп шығады.
Арқалап алған өзгенің арман-тілегін орындаймын деп жүріп, өзінікі қалып қояды. Онысын баласына артады сосын. Прям эстафета.
Біз осы шынжырды бұзайықшы. Баламызға өз арманына жетуді, жалпы, армандауды үйретейік. Өмір әуелі өзімен, сосын туғандарымен мәнді екенін ұғындырайықшы.
Балаға жүк артай, қанат бітірсек, талай биікке жетеді.
P.S. Әрине, ата-анаға бар жақсылықты үйіп-төгу керек.
Тек өз жолыңмен жүру арқылы.