Репост из: AQTOBE COVID - 19
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында шектеу шарасы күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қандыағаш қаласында 12 маусымнан бастап шектеу шарасы күшейтіледі. Қандыағаш қаласында мәдени, спорттық шаралар өткізуге тыйым салынды. Той және басқа да отбасылық жиын өткізуге болмайды. Ал 15 маусымнан бастап балабақшалар жұмысы тоқтайды. Мектеп түлектері бітіру кешін өткізбейді. «Фитнес, жаттығу залдары, саябақтағы балалардың ойын алаңы, спорт кешендері мен компьютер клубтары жұмысын тоқтатады. Қосымша білім беру мекемелерінде санитарлық талап қатаң сақталуы керек. Бір уақытта бес баладан артық жиналуға болмайды. Көшеде екі және одан да көп адам серуендесе, маска киіп, арақашықтықты сақтау міндеттеледі», - деп жазды қаулыда аудандық Мұғалжар аудандық бас санитар дәрігері Болатбек Шағалбаев. Айта кетейік, азық-түлік дүкендері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін, базарлар мен сауда үйлері 10:00-ден 17:00-ге дейін, тамақтану орындары 12:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істей алады. Еске салсақ, Ақтөбенің аудандарында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейді. Бұған дейін Шалқар қаласында шектеу шарасы күшейтілді.
https://www.inform.kz/kz/aktobenin-tagy-bir-audanynda-shekteu-sharasy-kusheytilip-balabakshalar-zhabylady_a3660418