Ендеше, үшінші түрі қандай болады?
Ол кісінің түсіндіргеніне қарағанда, олардың елге жасап жатқан "еңбегін" бағалау керек.
Мәселен, олар "Қазақстанға келіп, инвестиция салып, лицензия алады, жергілікті кадрларды жалдайды. Университеттерде студенттерін оқытады, блокчейн мамандығын таратады. Қандай да бір алаяқтық операциялары болса, құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді".
Бірақ, сол айтқанның бәрі Binance пен Bybit-сіз-ақ, өзімізде онсыз да орындалып жатыр емес пе?! Курс-тренинг өткізу, өз кадрларымызды жалдау, органдармен тығыз байланыста болу - отандық биржалар үшін таңсық дүние емес еді ғой.
Бірақ, соған қарамастан министрдің әлемдік биржаларға көңілі ауып отырғаны қалай?
Тіпті, сол "әріптестік орнату керек" дегеннің өзінде де қалай орнату керек? Олардың елге тигізіп жатқан залалынан гөрі, пайдасы көп екені қалай анықталады?
Криптобиржалардың үшінші түрінің қызметі қандай механизмдермен реттеледі? Ол жағынан жауап жоқ.
Айтпақшы, министр USDT - қамтамасыз етілген стейблкоин екенін айтты. Оны келесі постта жазам.