Dala Finance


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Экономика


🏭 Нефтегаз, ГМК, химия, автопром
💻 IT, финансы, финтех
Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар
@dalareklanabot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Экономика
Статистика
Фильтр публикаций


❗️Байбазаровтың қызметінен кетуі экономикалық және мемлекеттік қаржы саясатында проблемалар барын көрсетеді - сарапшы

Экономист Ғалымжан Айтқазиннің пікірінше, президенттің мұндай кадрлық шешімі экономикалық және мемлекеттік қаржы саясатында қандай да бір проблемалар барын мойындауды көрсетеді.

"Атап айтқанда, Үкіметте, нақтысында, Ұлттық экономика министрлігі дамудың негізгі бағыттарын анықтайды және мемлекеттік бюджет өлшемдерін жоспарлау кезінде негіз болатын макроэкономикалық болжамдарды дайындаумен шұғылданады. Ал бұл жағынан соңғы жылдары Қазақстанда елеулі олқылықтар байқалуда", деп жазады ол Telegram-дағы арнасында.


Сондай-ақ сарапшы Серік Жұманғариннің тәжірибелі шенеунік екенін айтады.

"Ол БҚДА-да, сауда министрлігінде жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің түрлі лауазымдық міндеттері аясында сауда саясаты, агроөнеркәсіп кешені, жер қатынастары, ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық сынды мәселелерді үйлестіре қызмет атқарған. Енді ҰЭМ басына келген жаңа басшы макроэкономикалық болжау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік қаржыны сауықтыру, соның ішінде Ұлттық банкпен көбірек үйлестіре жұмыс істеу және бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етудің маңыздылығын назарға алады деп үміттенеміз", - дейді ол.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🧰 Байзаровтың орнын Жұманғарин басты

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды", делінген Ақорда жариялаған Жарлық мәтінінде.

Cондай-ақ 21 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілгені белгілі болды.

Серік Жұманғарин 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді. Енді ол осы лауазыммен бірге Ұлттық экономика министрі қызметін қоса алып жүретін болды.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🧰 Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", делінген 21 желтоқсанда жарияланған Ақорда хабарламасында.

Нұрлан Байбазаров 2024 жылы 6 ақпаннан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі болып қызмет атқарып келді. Ол 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс ағылшын тілдерін жетік біледі. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Қаржы, экономика саласында 23 жылдық жұмыс өтілі бар. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сынды квазимемлекеттік секторда да жұмыс істеген.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


👏Ұлттық банк Швецияда бұғаттаулы жатқан Ұлттық қор активтерін өз иелігіне қайтарды

Күні кеше ҚР Ұлттық банкі, үкімет және Стати тараптары арадағы мұнай-газ секторына қатысты ұзаққа созылған дауды реттеу процесінің сәтті аяқталғанын хабарлаған болатын. Бүгін Ұлттық банк осы ретте маңызды мәлімдеме жасады.

"Реттеу нәтижесінде ҚР Ұлттық банкі Стати тараптарының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне қойған талаптарынан бас тартуына және Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін өз иелігіне қайтаруға қол жеткізді", делінген ресми хабарламада.


Орталық банк бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ұзақ мерзімді кірістілігін жақсарту үшін жағдай жасауға ықпал ететін операциялық икемділікті арттыруға және әлеуетті инвестициялық серіктестердің барынша кең ауқымын тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп есептейді.

Стати ісіне қатысты түпкілікті реттеу туралы келісімнің нақты шарттары жасырын болып табылатыны алдында хабарланған еді.

Айта кетсек, 2018 жылдың қаңтар айының басында Амстердам соты молдован кәсіпкерінің шағымы бойынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі KMG Kashagan BV голланд компаниясының 5,2 млрд доллар болатын акциясын бұғаттау туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Ал бұл сот шешімі 2017 жылдың 8 қыркүйегінде шыққан еді. Стокгольм сауда палатасы бастамасымен құрылған сот қазақстандық тарапқа халықаралық міндеттемелерін бұзып, Статиге залал келтірген үшін 500 миллионнан астам доллар төлеуді міндеттеген. Ал желтоқсан айында Ұлттық қордың активіне қызмет көрсететін Bank of New York Mellon Қазақстан ұлттық қорының 22 миллиард долларын бұғаттаған еді. Одан соң Ұлттық қордың ақшасын реттеуші Ұлттық банк еліміздің атынан қарсы шағым түсіргенін мәлімдеді. Бізге белгілі болғандай,Қазақстан молдован кәсіпкері Стати мен оның сыбайластарын алаяқтық әрекеттері үшін "Ұжымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" АҚШ заңы аясында жазаға тартуды сұрады.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🤛"Зейнеты қорынан ақшаңызды шешіп береміз". БЖЗҚ бұл қызмет тегін екенін ескертті

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын шешу бойынша делдалдық қызметтер туралы ұсыныстар қарасы көбейген, әрине ақысын төлеген жағдайда. Осыған қатысты "БЖЗҚ" АҚ ел азаматтарына алаяқтар қармағына ілініп қалмауды ескертеді.

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары мен алушыларына мынаны ескертеді:

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделу сынды мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы мүмкін. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.


"Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз", - дейді қордағылар.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🧮Қазақстан банктерінің 11 айдағы табысы 2,3 трлн теңгеден асты

2024 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан банктерінің таза пайдасы 2,3 трлн теңгеден асты, бұл 1 қарашадағы 2,1 трлн теңге көрсеткішінен жоғары. Ал банктердің жалпы кірісі 60,2 трлн теңгеге жеткен. Қазақстан банктерінің таза пайдасы қараша айында 236 млрд теңгеге өскен.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін банктердің салық салуға дейінгі таза табысы 2,7 трлн теңгені құраған:
▪️сыйақы алумен байланысты емес кірістер – 53,46 трлн теңге;
▪️ сыйақы алумен байланысты кірістер – 6,7 трлн теңге.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 12 банк - шетелдік қатысумен, оның ішінде тоғызы еншілес банктер.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🔎Қаржыгер-маман донор өңірлермен байланысты көзге көрінбейтін әділетсіздік туралы айтты

"Салық түсімі тұрғысында аймақтарға қатысты көзге көріне бермейтін бір әділетсіздік бар. Заңды тұрғыдан болсын, бюджеттік жағынан болсын". Осылай деген қаржыгер-маман Расул Рысмамбетов еліміздегі өнеркәсіп компанияларын тіркелген орны емес, жұмыс істеп жатқан жеріне салық төлеуді міндеттеуді ұсынады.

Бізде донор үш өңір бар: Алматы, Атырау облысы және Астана, қалғандары республикалық бюджетке иек артады. Дегенмен маманның пікірінше, аталған үш өңір бүкіл елді асырап отыр деу жаңсақтық.

"Іс жүзінде бізде донор аймақтар көп. Бұл арада мынандай бір қисынсыз жағдай бар. Мұның бәрі заңды тұлғалардың қай жерде тіркелгеніне байланысты. Салықтар бізде нақты қызмет орны емес, тіркеу орнына қарай төленеді. Алматы мен Астана бюджеті шағын және орта бизнес есебінен, сондай-ақ Алматынікі сол жерде тіркелген банктер мен мұнай компаниялары есебінен қосымша толықтырылады. Атырауда мұнай-газ секторының арқасында. Астанада салық төлеуде квазимемлекеттік компаниялар да маңызды рөл атқарады. Егер Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жұмыс істейтін мұнай компаниялары мұнай өндіру орны бойынша салық төлейтін болса, онда жағдай басқаша болар еді. Ал олар қазір тіркелген орны Алматыға, Астанаға салық төлеп жүр. Яғни, мұндайда донор өңірлер әлдеқайда көп болатын еді", - дейді ол.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


💰"Бәйтерек" жаңадан құрылған вечурлық қорға 30 млн доллар инвестиция салады

Бұл туралы Bloomberg-те жарияланған Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің сұқбатынан белгілі болды.

Айта кетсек, бір күн бұрын Үкімет Қазақстанда Венчурлық инвестициялар қорлары қоры құрылатынын жариялады. Ол венчурлық қорларға қаражат салады, ал олар өз кезегінде стартаптарды қаржыландырады деп болжанады. Басылымның мәліметінше, Қазақстан 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа қорға ақша тарта бастайды. Жеке инвесторлар қазірдің өзінде 90 миллион доллардан астам қаражат беруге алдын-ала келісімін беріп үлгеріпті.

Министр жаңа қор стартаптардың ішіндегі ең жақсысын "алпауытқа" айналдыруға көмектесетінін айтты. Бұл - құны 1 млрд-тан асатын компаниялар. Әзірге, Қазақстанда ондайлар жоқ, бірақ үкімет 2029 жылға қарай осындай бес компанияны құруды және IT-экспортты 5 5 млрд долларға дейін ұлғайтуды мақсат етіп отыр.


Дегенмен қаржыгерлердің бір бөлігі бюджет тапшылығы жағдайында қабылданған бұл шараны түсіне алмай дал. Өйткені 2025 жыл - еліміз үшін экономикалық тұрғыдан ауыр болмақ, мамандар бұл жылы Қазақстан үш дағдарыспен бетпе-бет келетінін ескерткен.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


💰Қытайдың романтикалық реалти-шоуына қатысқан Медет бай адамдар қатарынан ба

Медет Серік – Қытайдағы жетекші компаниялардың бірінің IT-консультанты, Forbes Kazakhstan басылымының 2022 жылғы "30-дан 30-ға дейін" рейтингісіне енген. Туған жері - Жезқазған, бірақ соңғы 11 жыл ішінде ол Қытайда, атап айтқанда Шэньчжэнь қаласында тұрады, "Қытай Силикон алқабында" жұмыс істейді.

Fortune 500 тізіміне енетін компаниялар басшыларымен стратегияларды әзірлеуге, қарым-қатынас орнатуға және басқаруға жауапты Медеттің басты міндеті - ірі әлемдік корпорациялар үшін цифрлық трансформациялау мәселесінде шешімдер іздеу және осы компаниялардың бірінші тұлғаларына белгілі бір жоғары технологиялық шешімдердің артықшылықтарын жеткізу.

Медет қазір жұмыс істеп жатқан компаниясының атын атамауды сұрапты. Өйткені бұл оның 2024 жылы қатысқан Қытайдағы Heart Signal ("Жүрек қалауы") телевизиялық жобасының шарттарын бұзу болып саналады. Ол жұмыс істейтін компания әлемдік алыптардың бірі екенін ғана айтсақ та жетіп жатар. Heart Signal реалити-шоуы эфирге шыққалы жеті жылдың жүзі болыпты. Онда бір ай ішінде алты жігіт пен алты қыз бір үйде тұрып, осы уақыт ішінде өз жұбын табуы керек.

Жобаға қатысушылардың жасы 25-тен аспауы тиіс болса да 31-дегі Медет қалай бұл шоуға тап болды, "мен сені жақсы көріп тұрмын" деген оның сөзі Қытайда неге қатты талқыланды, ақыры қазақ жігітінің таңдауы қай сұлуға түсті - мұның барлығын мына сілтемеге өту арқылы оқып-біле аласыздар.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🤫Белгілі экономист жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер алу тиімсіз болып тұрғанын айтады

Өйткені, оның айтуынша, бүгіндері бірінші тұрғын үй нарығы (салынып жатқандары) қызып тұр, бүгіндері құрылыс компаниялары өз ұсыныстарымен сұранысты белсенді түрде ынталандыруда. Сондықтан алдағы айларда эмоцияға беріліп, бірінші нарықтан баспана сатып алып қойып жүрмеңіздер. Ірі қалаларда екінші нарықта (қолданыстағы үйлер) қолайлы жағдайлар ұсынылуда.

Осылай деген экономист Шамсутдинов қымбаттаған доллар үй бағасына қатты әсер ете қоймайды, өйткені негізгі құрылыс материалдары (бетон және қиыршық тас) Қазақстанда өндірілетінін айтады.

"Ал баға әрлеу және импортталатын тауарларға қатысты өсуі мүмкін, сондықтан мұның жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге қатысы бар. Мұндай жағдайда, әрине екінші нарық (қолданыстағы үйлер) тартымды бола түседі", - дейді ол.


Эльдар Шамсутдинов кейбір құрылыс компанияларының ҚҚС жеңілдіктері жойылғаннан кейін тұрғын үй бағасының күрт өсетіндігі туралы болжамды да жоққа шығарады. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы қабылданбақ жаңа Салық кодексінің жобасында құрылыс компанияларын пәтерді сатқан жағдайда 12% көлемінде ҚҚС төлеуге міндеттеу ұсынылады. Бұрын бұл салық тұрғын үй құнына қосылып, қымбатшылық болады деген болжамдар айтылған.

"Бағаның 12%-ға өсуі екіталай. ҚҚС тек құрылыс компаниясының маржасына әсер етеді. Егер тұрғызылған тұрғын үйдің өзіндік құны 800 млн теңге болып, оны 1 млрд теңгеге сату кезінде ҚҚС әсері шамамен 2,4% (24 млн теңге) құрайды", - деп есептейді Шамсутдинов.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🤛2025 жылы үй қымбаттауы мүмкін. Мамандар оның біртүрлі екі себебін атады

Қазақстанның ірі қалаларында тұрғын үй құны 🚚 жүк көліктерінің қозғалысына енгізілген белгілі бір шектеулерге байланысты айтарлықтай өсуі мүмкін.

Құрылысшылар одағының елордадағы филиалының директоры Вячеслав Лазаревтың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде осы санаттағы (самосвал) 🚚ауыр көліктерді жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда жүк тасымалдауына тыйым салынуы мүмкін. Ал бұл норманы бұзғаны үшін өте жоғары айыппұлдар (2025 жылы 1 мың АЕК - 3,9 млн теңге) қарастырылып отыр. Техниканы міндетті түрде өлшеуді ⚖️енгізу жоспарлануда.

Лазаревтің айтуынша, бұл жағдайдың 🏗бетон жеткізу тарифтеріне, соның салдарынан 🏭тұрғын үй құнына теріс әсері бар. Ол қазірдің өзінде бетонның бағасы шамамен 15%-ға өскенін еске салады. Ал кейбір секторларда баға өсімі 30-35%-ға артқан. Сондықтан көлікке қатысты шектеулер🤜 "жығылғанға жұдырық" болады.

"Осы жағынан алғанда, жаңа пәтерлер 5-7%-ға ❗️қымбаттауы мүмкін ", - дейді ол.


Маманның айтуынша, саладағы тағы бір жағымсыз фактор 🪙уақыт белдеуін ауыстыру болып тұр. Егер бұрын жоғарғы қабаттарда сағат 17:00-18: 00-ге дейін жұмыс істеуге болатын болса, қазір 🌚16: 00-де жұмыс аяқталады. Салдарынан жаңа баспананы пайдалануға беру мерзімі шамамен 10-15%-ға кешіктіріледі. Егер бұрын монолитті-қаркас жұмыстарын алты айда атқару мүмкін болса, онда болашақта бұл мерзім❗️ бір жылға созылуы мүмкін.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


❗️Еңбекмин Қазақмыс жұмысшылары еңбек дауын құқықтық алаңда реттеуге шақырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмысшылары еңбек заңнамасының нормаларын бұзғанын мәлімдеп, оларды өз жұмыстарына оралуға шақырады және олардың жұмыс берушіге қойған талаптарын белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынады.

Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Еңбекмині тараптарды татуластыру комиссиясы шеңберінде және тек құқық аясында татуластыру рәсімдерін жүргізуге және жұмысқа қайта кірісуге шақырады.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


❗️Енді тауар биржаларында мемлекеттік сатып алулар жүргізуге тыйым салынады

Себебі тауар биржалары шағын және ұсақ бизнес қатарынан шығарылады.

Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында сенатор Шәкәрім Бұқтығытұтов мәлімдеді. Оның айтуынша, тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алулар жүргізуге тыйым салу, жосықсыз қатысушылардың тізімін құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ тиісті заңнамаға енгізілмек түзетулер мен өзгерістерде мыналар қамтылған:

▪️брокерлер мен клирингтік орталықтарды лицензиялау;
▪️ тауар биржасына қосылу үшін төленетін жарналардың бірыңғай жоғарғы шегін белгілеу .

Қарастырылып жатқан заңнамалық түзетулерде Үкімет пен монополияға қарсы органның құзыретін кеңейту көзделген. Атап айтқанда, сауда және интеграция министрлігі атынан уәкілетті ведомство тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізетін болады, БҚДА заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың заңды кәсіпкерлік қызметке араласпауын қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер бар

Айта кетсек, бүгіндері Қазақстанда сегіз тауар биржасы жұмыс істеп жатыр, олардың айналымы монополияға қарсы органның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 10 айында шамамен 1,3 трлн теңгені құраған. Бұл ретте айналымның 60%-ын, негізінен, жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын стандартталмаған тауарлар құрайды.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


❗️Қып-қызыл СПАМ нөмірлер неге қоймай қоңырау шала береді

Олардың мақсаты – аудио дерек жинау. Яғни, оларға Сіздің дауысыңыз керек. Суретіңізді немесе видеоңызды, желіқұмар біреу болсаңыз, сол арадан оп-оңай ала салады. Содан кейін оны жасанды интеллектіге салып өңдейді.

Ал жасанды интеллект жасаған сапасы онша емес, бірақ шынайы Сізге келетін бір немесе бірнеше минуттық таспаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар түпкілікті бірнеше мақсатына қолдануы мүмкін екендігін ескертеді.

Атап айтқанда:

▪️банктік шотқа қол жеткізіп, ондағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырады. Сонымен қатар, сіздің атыңыздан кредит рәсімдеуде пайдалана алады;
▪️қайтыс болған адамның деректерін ұрлап, банктік онлайн-қызметтерге және т.б. қол жеткізу үшін оған "жан бітіре" алады.

Бірер мысал.
✔️Танымал тұлғаларды пайдалану (жасанды зерде көмегімен жасалған, нақтысында олар да зардап шегуші) арқылы жарнама жасау. Мақсаты – жоқ нәрседен ақша жасау.
✔️Сіз ұдайы қолданатын сайттың фейкін құра қою. Мақсаты - сол арқылы Сіздің ұялы телефоныңызға еніп, жеке деректерге қол жеткізу.

Дипфейктерді қолданатын киберқылмыскерлерге қарсы күрестің негізгі тәсілі – пайдаланушылардың осындай схемасы туралы хабардар болу және цифрлық гигиенаны сақтау.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🤯 Жоғары аудиторлық палата тағы бірқатар бұзушылықтарды анықтады

Қарағанды облысының Приозерск қаласында 98 пайыз дайын күйіндегі тазарту құрылыстарын реконструкциялау жобасы 2017 жылдан бастап тұралап тұр. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның су бұру саласында жүргізген мемлекеттік аудиті барысында анықталды.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, аталған жобаның құны 1,9 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында кәріз желілерінің болмауына байланысты 5,6 млрд теңге сомасына пайдалануға берілген тазарту станциялары бойынша алты жоба тоқтап тұр. Ал өңірлер арасында қаражат бөлуде теңгерімсіздік байқалады.

Республиканың 67 қаласында кәріз тазарту станцияларын жаңадан салу, жаңғырту және реконструкциялау керек, ал 27 қалада олар мүлдем жоқ.

Аудит қорытындысы бойынша:

▪️барлығы 18,7 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды;
бюджет қаражатын және активтерін тиімсіз жоспарлау – 23,4 млрд теңге;
▪️оларды тиімсіз пайдалану – 26,7 млрд теңге;
▪️ықтимал шығындар мен түспей қалған пайда 17,3 млрд теңгені құрады;
▪️59 жүйелі кемшілік және 277 рәсімдік бұзушылық анықталды.

Оларды жою жөніндегі жұмыс толық аяқталғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


💪ТОП-25: Бюджетті қампайтып жатқан Қазақстандағы шетелдік компаниялар

Жағрафиялық тұрғыдан 11 шетелдік компанияның бас кеңселері, филиалдары немесе өкілдіктері (44 %) Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Тоғыз компания (36 %) Алматы және Алматы облыстарында орналасқан. Үздіктердің үшеуі (12 %) республикамыздың Астана мен Ақмола облысында тіркелген. Тағы бір-біреуі ШҚО мен Ұлытау облысына жайғасқан.

Қазақстандағы шетелдік ТОП-25 компания тізімі:

1. "Теңізшевройл" ЖШС
Өнеркәсіп: мұнай және газ
Ел: АҚШ, Ресей
Қазақстанға келген жылы: 1993
Облыс: Атырау
2023 жылы салықтар және бюджетке төлеген басқа да төлемдері: 3,75 трлн теңге.

2. "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.". Қазақстандағы филиалы
Өнеркәсіп: мұнай және газ
Ел: АҚШ, Ресей
Қазақстанға келген жылы: 1993
Облыс: БҚО
2023 жылы салықтар және бюджетке төлеген басқа да төлемдері: 978,0 млрд теңге.

Толық тізімге мына сілтеме арқылы өте аласыздар.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


🕶Қытайдың Alibaba компаниясы Қазақстанның салық төлеушілері қатарына қосылды

Қытайдың Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын Қазақстанның қосымша құн салығын төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде электрондық коммерция мен салық салуды дамыту мәселелері бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясымен өткен кездесуі кезінде белгілі болды.

"Кездесу қорытындысы бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын ҚҚС төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды", делінген хабарламада.


Айта кетсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда шартты тіркеуден өткен 60 шетелдік компания бар, олар төлеген салық сомасы 34,8 млрд теңгені құрайды.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️Қазақстанда Венчурлық инвестициялар қорлары қоры құрылмақ

Оның аясында ортамерзімді перспективада 1 млрд доллар жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан өңірдің барлық венчурлық мәмілелерінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп, Орталық Азияда көшбасшылық ұстанымды иеленіп отырғанын атап өтті. Соңғы бес жылда еліміздегі венчурлық капитал көлемі алты еседен астам өсіп, 80 млн долларға жетті. Бүгінгі таңда қордың бастапқы капиталын қалыптастыруға қазақстандық ірі бизнес өкілдерінен 100 млн доллардан астам сомаға өтінімдер жиналды.

Қор жұмысында жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және басқа да негізгі технологиялық салаларды қосқанда, перспективалы бағыттарға ерекше назар аударылатын болады. 2030 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект нарығы 827 млрд долларға дейін өседі деп болжануда, бұл саланы инвестициялар үшін басым бағыттардың біріне айналдырады.

Ал күні кеше АХҚО бастапқы капиталы 250 мың долларды құрайтын Qazaqstan Venture Group Ltd. Тіркеді. Акционері ҚР Үкіметі бекіткен "Инновациялық технологиялар паркі" автономды кластерлік қоры. Компания директорлар кеңесі құрамына Алмаз Аманжолов ("Ұлттық инновациялық технология" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы), Astana Hub-тың бас директоры Мағжан Мадиев, «Самұрық-Қазына Инвесттің» бас директоры Аслан Шаңғытов енеді.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


"100%-ға көтеру керек!". Тиын-тебен алатын метеорологтардың жалақы мәселесі Мәжілісте көтерілді

Еліміздің метеорологтары өздерінің жалақысының мардымсыздығына шағымданып, Мәжіліске ұжымдық хат жолдады. Оны бүгін, 18 желтоқсанда депутат Ажар Сағындықова Үкіметке жеткізіп, осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын 100%-ға арттыруды сұрады.

Инфляциясы ай сайын күшейген Қазақстанда айлығы 120 мың теңге болатын метеорология саласының мамандарына отбасын асырау қиынға соғуда.

"Қазгидрометтің" болжамдарын ауыл шаруашылығынан авиацияға дейінгі түрлі саладағы кәсіпорындар пайдаланады. Метеорологтар метеостанцияларда отыра бермейді, жылуы, су жоқ шалғай аумақта орналасқан контейнерлерде тәулік бойы кезекшілік етеді. Тауға да, тасқа да шығып, өлшемдер жүргізеді. Ал осындай ауыр жұмыс жағдайына қарамастан техниктер өте төмен жалақы алады", — деді Ажар Сағындықова Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутатттың айтуынша, 2023 жылдың маусым айында метеорологтардың жалақысы 70%-ға ұлғайғанымен, олар уәде етілген 100%-ға өспеген. Сондағысы - 120 мың теңге.

"Мысалы, қар жауу кезінде түсірілетін түсірілімге бар болғаны 1200 теңге төленеді. Техниктер, көбіне далада, елдімекендерден 2-3, 5 шақырым қашықтықта жүреді. Оларға жабайы жануарлар кезігу тәуекелі жоғары, бірақ еңбек жағдайлары дұрыс бағаланбайды. Олар айына кем дегенде 10 сағат артық жұмыс істейді, бірақ үстемеақы тек жылдың соңында төленеді. Оның үстіне, демалыс және дәрігерге қаралуға сұранған кездегі сағаттары осы артық жұмыстан шегеріледі. Сыйақы деген мүлде қарастырылмайды", - деді ол.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


👏Мұнай-газ саласындағы дау-дамай: Қазақстанды бір айналдырғанда шыр айналдырған Стати ісіне ақыры нүкте қойылды

Қазақстан Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауындағы Стати тарапы мұнай-газ активтері туралы ұзаққа созылған дауды реттеу процесін сәтті аяқтады. Бүгін ҚР Әділет министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

"Қол қойылған түпкілікті реттеу туралы бұл келісім барлық ағымдағы дауларды болашақта қайта қозғау құқығынсыз доғаруға негіз болып табылады. Келісімнің нақты шарттары құпия қалдырылады", делінген министрлік хабарламасында.


Айта кетсек, 2018 жылдың қаңтар айының басында Амстердам соты молдован кәсіпкерінің шағымы бойынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі KMG Kashagan BV голланд компаниясының 5,2 млрд доллар болатын акциясын бұғаттау туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Ал бұл сот шешімі 2017 жылдың 8 қыркүйегінде шыққан еді. Стокгольм сауда палатасы бастамасымен құрылған сот қазақстандық тарапқа халықаралық міндеттемелерін бұзып, Статиге залал келтірген үшін 500 миллионнан астам доллар төлеуді міндеттеген. Ал желтоқсан айында Ұлттық қордың активіне қызмет көрсететін Bank of New York Mellon Қазақстан ұлттық қорының 22 миллиард долларын бұғаттаған болатын.

Одан соң Ұлттық қордың ақшасын реттеуші Ұлттық банк еліміздің атынан қарсы шағым түсіргенін мәлімдеді. Қазақстан молдован кәсіпкері Стати мен оның сыбайластарын алаяқтық әрекеттері үшін "Ұжымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" АҚШ заңы аясында жазаға тартуды сұрады. Сөйтіп бұл іс шырмауы одан сайын шатысып, ұзаққа созылды. Ал Анатолий Статидің өзі болса: "Біз Қазақстаннан өтемақыны асықпай, бірақ сенімді түрде өндіртіп жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның 1 миллиард доллардың жартысын төлеп құтылатын мүмкіндігі болып еді. Бірақ осы қомақты шығындардан жеке пайда көргендер басқаша шешім қабылдады", деп отырған еді соңғысында...


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance

Показано 20 последних публикаций.