⚡️ Берлин мен Астананың жасырын одағы: қазақ мұнайы Германияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етпек...
Германияның Бранденбургтегі мұнай өңдеу зауыты Қазақстаннан мұнай жеткізуді ұзақ мерзімге созатыны мәлім болды.
"Кәнцлер Олаф Шөлцтың Астана сапары барысында жария етілген жаңалық екі ел арасындағы энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашады", - деп жазады DALA INSIDE.
Бранденбург федералды аймағындағы Шведт қаласында орналасқан Petrolchemisches Kombinat Schwedt (PCK) зауыты бұрын Ресей мұнайына басыбайлы тәуелді болып, елдің солтүстік-шығысын жанармай және басқа да өнімдермен қамтамасыз еткен-ді.
Алайда, Кремльдің Украинаға басып кіруі және осыған байланысты санкциялар салдарынан, Берлин ресейлік мұнай импортына шектеу қойып, жаңа тасымал көздерін іздестіре бастады. Нәтижесінде Қазақстанмен арадағы мұнай жеткізу келісімдері маңызды рөл атқарып отыр.
Былтыр еліміз осы зауытқа 1 миллион тонна мұнай жеткізген, биыл бұл көлемді 1,4 миллион тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жаңа келісімдер қазақтың "қара алтынын" 2024 жылдан кейін де үздіксіз жеткізуді көздейді.
Айта кетсек, PCK мұнай өңдеу зауытының көп бөлігі "Роснефттің" неміс жеріндегі еншілес ұйымдарына тиесілі болғанымен (54%), Берлин 2022 жылы бұлардың бақылау пакетін сенімгерлік басқаруға алған. Бұл қадам Мәскеумен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында жасалған болатын.
Қазір неміс шенділері Қазақстанмен Rosneft Germany арқылы қосымша келісімшартқа қол қойып жатыр. Осынау келісім мұнай тасымалын қауіпсіз ету және Rosneft Germany, PCK Schwedt, Miro және Bayernoil мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.
Өз кезегінде Берлин "Роснефттің" Германиядағы еншілес кәсіпорындарына жаңа қожайын іздеп жатқан жайы бар. Жаңа меншік иесі табылса, Еурокомиссия тарапынан 400 млн еуро көлемінде қомақты субсидия бөлініп, Росток портынан Шведтке дейін созылып жатқан мұнай құбыры толық жаңарады. Бұл Қазақстаннан келетін мұнай көлемін арттыруға және жеткізу процесін жеңілдетуге ықпал етпек. Алайда, әлгі ақша тек "Роснефт" меншік иесі болмаған жағдайда ғана беріледі деген шарт бар.
Қазақстаннан Германияға жеткізілетін мұнай Ресей аумағы арқылы өтеді. Мұнай тасымалы үшін қолданылатын негізгі маршрут — Ресейдегі "Дружба" мұнай құбыры.
DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside

2023 жылдан бері PCK зауыты төмен қуатта жұмыс істеп келгенімен, Қазақстаннан келетін мұнай көлемін біртіндеп арттыру жоспары жүзеге асырылуда.
Былтыр еліміз осы зауытқа 1 миллион тонна мұнай жеткізген, биыл бұл көлемді 1,4 миллион тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жаңа келісімдер қазақтың "қара алтынын" 2024 жылдан кейін де үздіксіз жеткізуді көздейді.
Айта кетсек, PCK мұнай өңдеу зауытының көп бөлігі "Роснефттің" неміс жеріндегі еншілес ұйымдарына тиесілі болғанымен (54%), Берлин 2022 жылы бұлардың бақылау пакетін сенімгерлік басқаруға алған. Бұл қадам Мәскеумен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында жасалған болатын.
Қазір неміс шенділері Қазақстанмен Rosneft Germany арқылы қосымша келісімшартқа қол қойып жатыр. Осынау келісім мұнай тасымалын қауіпсіз ету және Rosneft Germany, PCK Schwedt, Miro және Bayernoil мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.
Келіссөз нәтижесіне екі тараптың та көңілі толған тәрізді: немістерге 2025 жылдың аяғына дейін ай сайын 100 мың тонна мұнай жеткізіп тұруды мойнымызға алдық. Алдағы уақытта бұл көлемді ұлғайту мүмкіндігі де қарастырылуда.