↝ dámelen


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


мән іздейміз.✨
өзім: @jazarymbar
инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


шын бақытты болсаң, оны жалпақ жұртқа жар салып, жария еткің келмейді екен. тек дәмін татып рақаттанасың. тамсанасың. өз-өзіңнен қызғанасың.


«өмірдің сипаты көп…өз ырғағы бар. бір өмірдің тұзағына түскенде басыңдағы қасіреттің бәрі – қайғылы оқиғалар, сәтсіздіктер, үрей – осы өмірдегі сәтсіздіктерім деп ойларсыз. өмірдің өзі осындай сәттерден тұратынын білмейтін адам сол кездегі шешімін айыптайды, соның жемісін жедім деп ойлайды».

«түн ортасындағы кітапхана»


📕 «Түн ортасындағы кітапхана»
👤 Мәтт Хэйг
📖 298 бет


Бұл философиялық романға өмірдің мәні, өзекті өртеген өкініш және ішкі тоқырау тақырыптары арқау болған. Сюжеті тың.

Басты кейіпкер – Нора Сид, 35 жастағы әйел, сәтсіздіктерге тап болдым, ғұмыр кешудің еш мәні жоқ деп бекінеді. Ол жұмысынан айырылып, музыкант болудан бас тартады, өзін ешкімге керексіз сезініп, өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдайды. Алайда өлімнің орнына Түнгі кітапханаға тап болады: ал бұл – өмір мен өлімнің арасындағы жұмбақ кеңістік. Онда әрбір кітап оның балама өмірін сипаттайды, егер ол басқаша өмір сүрсе, өзге таңдау жасаса қалай болатынын, не өзгеретінін көрсетеді.

Мойындайықшы, бұндай мүмкіндікті қай-қайсымызда армандаймыз ғой? Көбіміздің ішімізді жегідей жеген әттеген-айымыз бар. «Бұлай болмағанда, өмірім әлдеқайда жақсы болушы еді» дейтін өкінішіміз табылады.

Кітапханашы мисси Элмнің көмегімен Нора түрлі өмірлерді бастан өткереді. Жақындары бұған танған, бұл өзі кезінде қалаған өмірлерді сүріп шығады. Кеңістік пен уақытта есеп жоқ. Нора әр өмірге үмітпен қадам басқан сайын, оқырман да осы өмірінде бақытты болсыншы деген үміттің жетегінде болады.

Нора өз өмірінде көптеген мүмкіндіктен қапы қалдым деп ойлайды. Бірақ басқа өмірлерді бастан өткере отырып, кез келген жолдың өзіндік қиындығы да болатынын түсінеді. Кітаптың идеясы – өмірдің мәні мінсіздікке ұмтылуда емес, керісінше, өз қателіктерімізді қабылдап, қазіргі сәттен қуаныш табу дегенге саяды.

Кітапты оқып отырып, аударма емес, әу баста өз тілімізде жазылғандай әсер қалдырады. Өте сауатты аударылған. Күрделі ойлар сөз-құрал арқылы жеңіл түсіндірілген.

Бұл кітап өмір туралы ойландыратын, шабыт беретін шығармаларды жақсы көретіндерге, сондай-ақ өмірінде қиын кезеңдерді бастан кешіп жүрген біз бен сізге ой салады деп білемін.

#оқығаным


танымалдығы бар, белгілі бір сала маманың подкастын, сұқбатын қарап, тыңдап алып, сол кісінің әңгімесін, ойын, идеясын өзінікіндей етіп әңгімейлейтіндер бар екен.

хабарсыз адам аузын ашып тыңдап, «мынау бір ақылды адам» деп қалар. естіп, біліп жүргендер «мынау әлгінің сөзі ғой» деп дөп таныр.

өткенде көлік айдаған біреу Дархан Әбдіктің әңгімесін айна қатесіз айтып берді. «сендер бірдеңе білесіңдер ме өзі?» деп тұрып.


көпшілік ноутбук пен телефонға телміріп, қашықтан жұмыс істегенді түсінбейді-ау деймін. үйде жатқан соң, дым бітірмей жатырсың деген таптаурын бар.

ой еңбегі озып тұрған заман екенін біле бермейді. жеке өзіме барып-келетін офис ашып аламын ба, не істейін🥲


жылдың алағашқы кітабы тәмам. ер адамның сезімі, басынан өткеріп жатқан сергелдеңі тым ашық әрі қанық суреттелген. маған таңсық дүние болды.

жылы оранып алып, шай немесе кофе ішіп оқитын кітап керек болса, мархабат.


«а написанное действует иначе. ты всегда можешь перечитать – и каждый раз впечатление будет другим, даже если смысл останется тем же».

эльчин сафарли «мне тебя обещали»


өзіңдікін табу үшін өзіңді тани білуің керек. өзіңді танымай өзіңе сай таңдай да алмайсың. киім алар кезде, өлшеміңе қарай алатының сияқты.

өзіңнің мақсат-мұратыңды, құндылығыңды, талап-тілегіңді жете білмей жатып, жаныңа жақынды таба алмайсың.


2024-те өзгеріс көп болды. сол өзгерістің әсерінен бе – оқыған кітабымның саны алдыңғы жылдардағыдан аз.

2024 жыл
1. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қуыскеуде»
2. Тұрысбек Сәукетаев «Мен – жындымын»
3. Әбіш Кекілбаев «Елең-алаң»
4. Элиф Шафак «Махаббаттың қырық қағидасы»
5. Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»
6. Лира Қоныс «Шахарбанудың сыңсуы»
7. Дидар Амантай «Гүлдер мен кітаптар»
8. Робин Шарма «Монах, который продал свой Феррари»
9. Мақсат Мәлік «Абыл мен Қабыл»
10. Әлихан Жақсылық «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?»
11. Харуки Мураками «Норвег орманы»
12. Мұхтар Мағауин «Көк балақ».
13. Маркс Мэнсон «Бәріне қолыңды бір сілте»
14. Джозеф Мөрфи «Түпсананың күші»
15. Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»
16. Әкім Тарази «Оңашадағы үй»
17. «Нәзипа Құлжанова: қазақ әйелдеріне манифест» кітабы
18. Әбіш Кекілбаев «Шыңырау»
19. «Жайық қыраны». Профессор О.Бүркітұлын еске алу кітабы
20. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»


жылдың фаворит кітабы – «Махаббаттың қырық қағидасы»

жылдың жаңалық-кітабы – «Гүлдер мен кітаптар»

жылдың танымдық кітабы – «Қаныш және ғылыми майдан».

#оқығаным


бір танысым ватсаптағы статустына арнадағы жазбалардың бір-екеуін салғанда, мұнда жазуды сағынғанымды түсіндім.✨


Ойлар кейде жылатады, кейде жұбатады. Қай әрекетке де бұйрықты беретін өзіміз. Бәрінен бұрын ойды басқару – қиын, сірә.


Жақын адамыңмен жүзбе-жүз кездескеннің әсері бөлек. Мессенджерлер арқылы тілдесу ол сезімді бере алмайды. Ондай кездесуде телефонды әрі қойып, эмоция, сезім алмасқан, ой-пікір бөліскен дұрыс. Энергияға, эйфорияға тойып қайтасың.


Кеше әрең дегенде «Моана 2»-нің қазақша дубляжына бардым. Бұған дейін уақыттары ыңғайсыз болып, бара алмай жүргем. Ең сүйікті мультфильмдерімнің бірі. Бір ата-ана төрт баласын әкеліп, әпке мен сіңлісінің арақатынасын «тура сендер сияқты екен» деп айтып отыр. Сүйсінерлік көрініс болды✨


Экзистенциализм бойынша адам болмысы біреуге жұтылумен емес, біреуден дараланып тұруымен өз өрнегін табады. Жаратушы құдірет әр адамды бір-біріне ұқсамайтын етіп жаратқан. Кім Тәңірі берген ерекшелігін дамытып алып кетсе, соның болмысы дұрыс қалыптасады.

«Қаныш және ғылыми майдан»


Екі ғылыми мақаламды да жетекшіме тапсырдым. Енді жарияланатыны жайлы хабарды күту керек. Бірінші семестр аяқталған соң, диссертацияға да кірісу қажет. Осы жылы бітіретініме сене алмай жүрмін.

Бір айдай сараманда болдық. Өзім кезінде қорыққан, сабағына өліп-талып дайындалған оқытушының орнына бакалавр студенттеріне сабақ бердім. Аудиторияға кіріп келе жатсам, бәрі қуанады. Мен апай сияқты қинамаймын ғой. Тым жұмсақ оқытушы сияқтымын.🥲


Түр-келбетіңе қошемет сөз есту – құлаққа жағымды. Бірақ парасат-пайымыңа, біліміңе, еңбегің мен ізденісіңе қошемет көрсетілуі – жанға жағымды.


Жастық шақта басқа кезеңдерде бола бермейтін таптырмас мүмкіндік бар. Ол – тәуекел ете алу.

Бала кезіңде сені қорғаштайтын ата-ана болады. Ол кезде сенде өзіңе деген жауапкершілік жоқ. Ересек кезіңде, өзің әке я ана болғанда көп жағдайда белді бекем буа алмайсың. Себебі сенде жауапкершілік көп.

Сондықтан ең тиімді мезгіл – жас дәурен. Қылшылдан жас кезіңде білім алуға, кәсіппен айналысуға, шығармашылығыңды шыңдауға, ел, жер көруге, мамандық ауыстырып, тәжірибе алмасуға қажыр-қайрат та, уақыт та болады. Осы кезді қалт жібермей, молынан пайдалана алу қажет.


Сыйластық – қарым-қатынастағы ең құнды пазл. Қозғаушы күші дегенге де саяды. Онсыз сезім өрбімейді. Сыйлаған соң сөзіне мән бересің, сезіміне сән бересің. Сыйлағаннан кейін махаббат үшін жұмыстанасың. Сыйлағандықтан салғырттық пен селқостыққа жол бермейсің.


Ақпараттың айналасында жүргесін, күнде бірдеңе білу, есту, көру, жазумен боласың. Көбіне көзге ілігетіні – негатив жаңалықтар. Онсызда уайымшыл адам. Одан бетер болып жүргені.


«Әр істің ізгі мұраты мен қою мәні жүрек пен санаға мәлім болғанда ғана, ол азап пен қорлық болудан қалады».

«Қаныш және ғылыми майдан».

Показано 20 последних публикаций.