Уақыттың ешқашан оралмайтынын кеше, ауылда жатып түсіндім.
5 әлде 6 жастамын. Тапшанда мен, папам және нағашым жатырмыз. Папам: "Мынау ғой Жетіқарақшы" деп жатты. Еміс-еміс есімде. Есімнен әлі кетпеген. Жетіқарақшыға әр қараған сайын сол сөз есіме түседі.
Тура сол аспан астында талай жүрдік. Жігітшілік жасап, түннің бір уағында талай қайттық.
Бірақ, "Жетіқарақшы" сөзі сонымен байланып қалыпты. Кеше, Жетіқарақшы астында жатып ұйықтадым. Дұрысы, ұйықтай алмадым. Жанымда жетіқарақшыны сілтеп жататын 22 жыл бұрын менен (бізден) бас тартқан папам жоқ. Нағашым да бұрынғыдай емес. Емес емес, кеше ол үйде жатты. Бірақ, бәрі бұрынғыдай емес.
Өз-өзіммен жеке қалдым. Жалғыз өзім.
Мен әкемді кешірмедім. Қыздарым кешірер ме?! ЖОҚ! МҰНЫ КЕШІРУГЕ БОЛМАЙДЫ! КІНӘЛІМІН!