Репост из: Azattyq - Азаттық
13 қаңтарда кешке қарай Қарағандыда советтік ескі атауы өзгермеген көше аттарын ауыстыру бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Талқылау қаланың шеткі аудандарының біріндегі Достық үйінде өтіп, жиынға мыңнан астам адам қатысты. Қала билігі ғимарат кең әрі көп адам сиятын болғандықтан таңдалғанын айтты.
Қоғамдық тыңдауға жиналғандар залға лық толып, сыймағандар көрші бөлмеде отырды. Олар талқылауды видеобайланыс арқылы көрді. Залды да, көшені де полиция қызметкерлері бақылап тұрды.
– Ленин көшесін Абай атына өзгерту – бұл дұрыс стратегиялық қадам. Ленин көшесі – ең қиын мәселе. Қазақ халқының элитасын жойған террор дәуірі Лениннен басталады, – деді Қарағанды тұрғындарының бірі.
– Ленин көшесін қалдыру керек. Тарихты есте ұстау қажет. Ауыстыруға болатын өзге көшелер бар ғой, – деді тыңдауға келген тағы бір тұрғын. Бірақ оның сөзін көптің шуы естіртпей, аяқтатпай тастады.