Репост из: Azattyq - Азаттық
Ақтөбе соты "өзендер арнасын тазарту кезінде Қызыл кітапқа енген ағаштарды кесіп, табиғатқа залал келтірген" мердігер компания жетекшісіне 4 млн теңгеге жуық айыппұл салды. Сот үкімі 22 қаңтарда №2 Ақтөбе қалалық сотында оқылды.
Тергеу материалдарына қарағанда, 2019 жылғы қаңтар-ақпан айлары аралығында "Берекелді" компаниясы Ақтөбедегі Бұтақ өзені жағалауынан 37 түп күміс түстес терек пен бір түп қара қандыағашты кесіп тастаған.
"Бұл – сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген ағаштар. Нұредин Усипов жетекшілік ететін "Берекелді" компаниясы өзен арнасын тазарту кезінде табиғатқа 348 мың теңге залал келтірді. Компания жұмысшылары сирек кездесетін ағаштарды Нұредин Усиповтің нұсқауымен кескен" делінген айыптау актісінде.
Тергеу орындары 64 жастағы Нұредин Усиповті "ағаштарды заңсыз кесті", "Қызыл кітапқа енген ағаштарды отады" деп айыптаған болатын. Судья Жанас Қуанышевтың сөзіне қарағанда, Усипов өзіне тағылған айыппен келісіп, жасы келген, науқас адам екенін айтқан. Ол Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесіне келтірілген шығынды толығымен өтеген.