Репост из: БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ
Жауап: Заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғаларға және басқа адамдарға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген. Мысалы, егер Сіз жеке кәсіпкер болып жұмыс жасасаңыз, онда өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей, қызметкерлердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу - табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Егер сіз патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер болсаңыз, онда жарналар күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында қарастырылған мерзімде төленеді: патент құнын есептеу есептеме ұсынылғанға дейін жүзеге асырылады. Толығырақ БЖЗҚ сайтынан біле аласыз («Салымдарды қалай есептеп, аударып отыруға болады?» бөлімі).
#БЖЗҚ #ENPFKZ #ЗейнетақыҚоры #ЖЗШ
#БЖЗҚ #ENPFKZ #ЗейнетақыҚоры #ЖЗШ