Репост из: Azattyq - Азаттық
Белсенді Руслан Жанпейісов бір жылға бас бостандығынан айырылды
30 шілде күні Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты полицейлердің әрекетін видеоға түсіріп, заңға қайшы қимылдарын сынап жүрген белсенді Руслан Жанпейісовті (құжаттағы есімі - Бейбарыс Райымбеков) бір жылға бас бостандығынан айырды. Судья Сәбит Төрехановтың Азаттыққа айтуынша, Жанпейісов кінәсін "ішінара мойындаған".
Жанпейісов Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" және "Билік өкілін қорлау" бабымен кінәлі деп танылған. Ол жазасын қоныстандыру колониясында өтейді.
Жәбірленушілердің моральдық шығын өндіру туралы талабы ескерілген. Сот үкімі бойынша, Жанпейісов Мұсаевқа - 400 мың теңге, Қуандықовқа 150 мың теңге төлеуі тиіс.
Бұл істе жәбірленуші ретінде Шымкент қаласының тұрғыны Пірім Мұсаев пен қалалық полиция департаментінің инспекторы Марат Қуандықов танылған. Айыптау тарабының айтуынша, Жанпейісов Мұсаевтың "денсаулығына қасақана зиян келтіріп, аэрозольмен екі көзін күйдірген", ал Қуандықовтың "билік өкілі екенін біле тұра балағаттап, қорлаған".
@azattyq