Репост из: Azattyq - Азаттық
🔘"Сені өртеп жіберемін". БҚО тұрғыны әйелі мен қыздарын өлтіргені үшін өмір бойына сотталды
Батыс Қазақстан облысындағы сот Серік Кафизовты әйелі мен екі қызы тұратын үйге өрт қойып, олардың өліміне тікелей себепкер болғаны үшін өмір бойына түрмеге қамалды. Сот сондай-ақ полиция қызметкерлеріне "алдын-алу жұмыстарын нашар жүргізгені үшін" жеке қаулы шығарды. Марқұм Жадыра Жұмалиева қайғылы оқиғаға дейін күйеуінен таяқ жегенін айтып, полицияға арыз жазған. Серік әйелін ұрып-соққаны үшін бес тәулікке қамалған. Оған қарсы "Біреудің мүлкін бүлдіру" бабы бойынша қылмыстық іс те қозғалған. Тергеу тараптардың келісімге келуімен тоқтаған.
@azattyq.