Репост из: Azattyq - Азаттық
🔴Беларусьте президент сайлауында дауыс беру аяқталып, мемлекеттік экзит-полл қазіргі президент Александр Лукашенконың 79,9 пайыз дауыс алғанын хабарлаған соң елде мыңдаған адам наразылыққа шықты.
Ұлттық экзит-полл Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская 6,8% дауыс жинағанын мәлімдеді. Жұрттың көбі мемлекеттік экзит-полл нәтижесімен келіспейді.
Тихановская 9 тамыздағы баспасөз мәслихатында Минскіде кем дегенде үш сайлау учаскесінде басым дауыспен жеңіске жеткенін мәлімдеді. Шетелдегі учаскелердегі дауысты санаған альтернатив сауалнама нәтижесі бойынша, басқа елдердегі учаскелерде Светлана Тихановская жеңіске жеткен. Экзит-полл ұйымдастырушылардың ақпаратынша, шетелдегі 19 сайлау учаскесіндегі дауыс санаудан кейін Тихановская 79,69% дауыс алған. 10,59% сайлаушы дауыс берудан бас тартқан. Лукашенко 6,25% дауыс иеленген.
9 тамыз кешке елде наразылық күшейді. Беларусь ақпарат агенттіктері, Telegram каналдар арнайы жасақ (ОМОН) көшеде адамдарды жаппай ұстағанын хабарлады. Минск қаласында наразылық кезінде арнайы жасақ пен наразылар қақтығысты.
@azattyq.