Репост из: Qazaqparat
БЖЗҚ зейнетақы жинағын алу кезінде жеке табыс салығын төлеу тәртібін түсіндірді
Салымшының жеке зейнетақы шотына түскен кезде зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Салық зейнетақы жинақтары төлемін алған кезде салынады.
Салық кодексіне сәйкес, БЖЗҚ салық агенті ретінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес есептелген біржолғы зейнетақы төлемін алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банк шотына аударған кезде ЖТС есептейді. ЖТС біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді (10%) қолдану арқылы есептеледі.
БЖЗҚ Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағына сәйкес салымшы таңдап алған, келесі екі тәсілдің бірі бойынша жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды және мемлекеттік бюджетке аударуды жүргізеді:
1) Салық кодексінің 351-бабында көзделген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру күнінен кешіктірмей, бір-ақ рет;
2) зейнетке шыққан кезде он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша).
Салымшының ЖТС төлеу тәсілін таңдау жөніндегі шешімі оның уәкілетті операторға берген өтінішінде көрсетілуі тиіс.
💬 БЖЗҚ баспасөз орталығы
@QazAqparat_kz