. Алла Тағала пендесіне әрдайым дұға жасауды бұйырады. Осы түні дұғалардың қабыл болуы әбден мүмкін. Ендеше, әрбір мұсылман бұл түнді бағалай білуі керек. Бұл түні мүміннің жүрегінде өзге адамдарға деген ашу-ызасы болмауы қажет, өзгелерді кешіріп, оларға жақсылық тілеуі тиіс.
Шамасына қарай зікір айту, нәпіл намаз оқу, Құран тиләуат ету.
Бұл түнді зікірге арнаған өте жақсы. Әсіресе, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту. Таһажуд немесе басқа да нәпіл намаздарды оқу құпталады. Нәпіл намаз жамағатпен оқылмайды, әркім өзі жеке оқиды. Ал Құран оқу – осы түні атқарылар пайдалы құлшылықтың түріне жатады.
Мүмкіндік болса, Шағбан айының он бесінші күні ораза тұту.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді» (Ибн Мажә). Бұл күні ораза тұту – мұстахаб. Ораза ұстамаған адам күнәһар болмайды.
Бұл қасиетті түнде орындаған барша құлшылықтарымызды, дұға – тілектерімізді Алла қабыл еткей. Барша күнәмізден тазартып, Рамазан айына аман-есен жеткізгей! Әмин!
Хасан АМАНҚҰЛ,
Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары
@muftyat_kz @dinibilimkz