Эльеграм

@ergalina Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Өзім, күнделікті əрекетім, ойым мен көзқарасым туралы. Бұл канал онлайн блокнотыма айналады-ау...
Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Блоги
Добавлен в индекс
24.06.2018 23:40
реклама
Читай новости и выигрывай деньги
Ежедневно выкладываем новости и разыгрываем призы
Продвигай канал бесплатно
Бесплатная помощь в раскрутке ресурсов телеграм
Ваш канал приносит доход?
Мы заплатим за каждого вашего пользователя
909
подписчиков
~0
охват 1 публикации
~16
дневной охват
N/A
постов в день
N/A
ERR %
0.09
индекс цитирования
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Эльеграм 1 Mar, 02:51
Адамның өмірінің сапасы миындағы ақпараттардың сапасына тікелей байланысты.
Эльвира Ерғалина

... деп жазып қояйыншы ұлы адамдар секілді 😃
💰 73
Эльеграм 9 Feb, 16:20
Қаржылық сауатымды одан сайын арттыру үшін арнайы курсқа қатысып, білім алып жүрмін.
Миым ақша туралы қоқысқа толып қапты. Бір қызығы, оны өзім емес, еркімнен тыс салып берген басыма: ата-ана, қоғам, мұғалім, ертегі, кино, билік тіпті, қазақ даналығы да біраз аттікін салысыпты.

Ата-бабамыз «иә, мен дым бітірмеген көкжалқау болдым» деп мойындаудың орнына, «байлық жаман, байлар жауыз болады, ұрлайды, тартып алады, қыдырады» деп, кедейлігін ақтаған кей сөздері далеко не даналық, кешірерсіздер.

Әсіресе, бай оңбаған, сіңірі шыққан кедей жақсы деген позициядағы ертегі, батырлар жыры, қисса-дастан көп, оны тазаласақ, халық әдебиеті жалаңаш қалатын түрі бар(((
Қазір де сол бай-бағлан, шенділерді лағнеттеу, кедейлердің жақсы, адал, бірақ, бейшара екенін насихаттау трендте.

Ақындарымыз да тек апат болса, біреу өртенсе, қауіп төнсе ғана өлең шығаратын жылауық боп алды.
Ертең ұрпаққа тек зарланған, жыламсыраған әдебиет қалдырмақпыз ба?
Көбінің музасы тек қайғыда келіп, стақандас боп кететін сияқты.

Позитив ескен, рух беретін, жігерлендіретін поэзия, проза жазып жүргендерді көрсетіңдерші.
Жо, пытырлатып өлең жазу үшін бес сәби өртену керек!

Қорлық көрген бейшара, жертва күйден арылайық та! Санадағы пердені ашып қарасаң, мүмкіндік шексіз дәуірдеміз ғой.
Может өміріміздің, әмиянымыздың жауапкершілігін қолға аламыз, Құдайды қарғай бермей?
👍 123
👎 5
Читать полностью
Эльеграм 8 Feb, 13:47
А иә, сіздер білмейді екенсіздер ғой. Қазір Түркияда жүрмін. Ұзақ болатын сияқтымын. Бәлкім, 10 жыл, бәлкім, 1.
Қаласаңыздар, осындағы ерекшеліктері мен қызықтарын салып отырайын.
👍 - О, давай, жазшы.
👊 - Жо-жо, керек емес.
👍 214
👊 13
Эльеграм 8 Feb, 13:40
Түркияда мемлекеттік балабақша жоқ. Тек жекеменшік бақшалар бар, оның өзінде көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін жоғары бағамен.
Ақшасы жоқтар әрине бала бағып үйде отырады.

Енді мемлекет қызық заң шығарып жатыр екен. Жұмыс күндері өз немересін бағып, үйде отыратын әжелерге жәрдемақы бермекші. Жо, шын айтам.

Пенсиясы 1800 лирадан аспайтын (130 мың тг айналасы) әжелер өз еңбегіне тағы 100 доллардай ақша алады.
Түсінгенім, бұл жәрдемақыны пенсиясы ең аздарға ғана береді.
Ең азы, Карл! 130 мың теңге.

Қазақтың әжелеріне немере баққаны үшін ақша төлесе, шетінен Форбсқа еніп кетер ме еді ?
Читать полностью
Эльеграм 7 Feb, 00:34
Барлық жігітке қыздардан ұнайтын бір қасиет бар: үнемі жымиып, көзі күліп, көңілді жүруі. Орынсыз жырқыл не дарақы күлкі емес, әрине. Бойынан позитив есетін жанға жалпы адам үйірсек келеді ғой. Жігіттердің өзінен сұрап көрейінш, сөзім рас па?
public poll

Клоун емес, шынайы көңілді болса – 51
👍👍👍👍👍👍👍 54%

Иә, тек позитив қыз – 28
👍👍👍👍 30%

Әрине, агрессия толы қыздан сақтасын! – 11
👍👍 12%

Фетишім - жылауық, ұрысқақ қыздар – 4
👍 4%

👥 94 people voted so far.
Иә, тек позитив қыз – 30%
Әрине, агрессия толы қыздан сақтасын! – 12%
Клоун емес, шынайы көңілді болса – 54%
Фетишім - жылауық, ұрысқақ қыздар – 4%
Читать полностью
Эльеграм 5 Feb, 18:34
Көпке ұнамаса да, пікірім еш өзгермейді:
"Күнін көре алмай отырып, пытырлатып туа бергенге қарсымын. Материалдық жағынан ғана емес, санасы, білімі рухани кедейді көбейтіп зачем?"
👍 98
👎 53
Эльеграм 1 Feb, 23:13
Сағат 23:14. Ұйқым әзір келмейтін сияқты.
Соңғы кездері инстапарақшам тап-таза жұмыс үшін ғана пост жазатын алаңға айналды. 80k аудиторияны тонуста ұстап отыруым керек. Фолловерсіз үнің шықпайтын заманда тырмысып-ақ жатырм))

Ал, Телеграм үшін фото таңдап, басылатын лайк пен жазылатын комментке икемделмейсің. Нап-нағыз шығармашылық алаңы. Әлдекім келіп, әп-әдемі постыңа нәжісін сүйкей алмайды. Өзіңмен өзіііің гүбір-гүбір етііііп отырғаның.

"Все, жиі жазып тұрам" деп, осында ентігіп кірем де, ұмытып кете берем ?

Инстаграмның алгоритмі жұрттың назарына (лентасына) ілігіп, сүйсінтіп, таңдай қақтырғанға (лайк) перемәжбүрлеп жіберді. Охват, белсенділікті көтеру үшін напряжениеде жүру ауыр маған. Сол үшін осы жақ озып тұр әзірге.

Телеграмның ең басты плюсін айтайын ба?
Әр постымды той-томалақ, садақада талқылайтын туған-туыс, құда-жекжат, ауылдас-ағайындар жоқ әлі мұнда ?
Еркіндік әлі тірі!
Читать полностью
Эльеграм 8 Dec 2018, 20:23
Дүйсенбіден бастап айкунеге барам. Омыртқамды жаттықтырмақпын. Әрең іздеп тапқанымда "сізді қарамаймыз" деп қиғылық салды. Бел омыртқамдағы темір үшін "аулақ" деп отыр))
"Не болса да, жауапкершілік өзімде" деп, зорлықпен жазылып алдым.
Үлбірей берсем, шынымен ауру боп қалмайм ба. Қорқатын дәнеңе жоқ, дым да болмайды. Иә? 😉
👍 131
🙀 16
Эльеграм 8 Dec 2018, 10:00
Осы уақытқа дейін кімді алдап келдім, кешірім өтінем ?

Былтырдан бері инстапарақшамда ақырындап жаза бастаған шындығымды Ақеркеге айтып бердім. Көлемді сұхбат шығыпты, уақытыңыз болса, оқып көрерсіз.

Қамшымен осып жүрмеңіздер тек ?

https://www.qamshy.kz/article/elvyra-ergalyna-zheti-zhil-burin-tortinshi-qabattinh-terezesinen-ozimdi-tastap-zhiberdim.html
Эльеграм 3 Dec 2018, 11:27
Жақсы досым бар. Расында жақсы адам және сауатты.
Соның 3 телеграм-каналын ұсынғым келеді сіздерге.

Қызық, құнды, пайдалы ақпарат алатыныңыз сөзсіз ?
Көпәріппен созбайды, әр ақпаратты нақты, қысқа сурет-посттармен береді.

Канал сілтемесін белгілеп жіберіп, инстаграмда, ФБда, басқа да жерлерде қолдануға болады ?
Авторы Аршат Ораз деуді ұмытпаңыз.

@eskisuret - тарихымыздағы маңызды оқиғалар, тұлғалар, мекендер;

@qurtt - карикатура әзілдер, мағыналы суреттер;

@alembizditanydy - карта, инфографика, кесте, диаграммалар.
Читать полностью
Эльеграм 21 Nov 2018, 22:29
Эльеграм 21 Nov 2018, 22:06
Көп рақмет! Мәзбін! Креатив атаулар арасынан "Эльеграм"-ға тоқталдым. Автордың аты-жөнін білмеймін ? "Белгісіз оқырманым қойып берді" деп айтып жүретін болдым.
Уақытыңызды, энергияңызды, идеяңызды бөлгеніңізге лав! ❤

P.S. Бұл каналымнан сұмдық ақылды нәрсе күтпеңіздер, пендеуи парымды шығарып тұрмақпын))
Қиқылдап-шиқылдап, мазаңызды алмас үшін дауысын басып қоюды сұраймын.
Эльеграм 21 Nov 2018, 22:03
Эльеграм 21 Nov 2018, 20:37
Тааак, каналымның мына атауы ұнамайтындар бар екен. Жабылып, креатив атау таңдайық ендеше. Маған көмектесіңіз ?
Идея ұсыныңыз, авторлығына нұқсан келтірместен жариялайын ??
Эльеграм 21 Nov 2018, 20:29
Ой, мына каналыма "ойыма түскен шимай-шатпақты жазып жүрейінші, онлайн блокнотыма айналдырайыншы" деп, атын ауыстыруға талпынып едім. Идеясыздықтан смартфоным бетіме құлаған күйі ұйықтап қалыппын, кешірерсіз 😃
Канал аты ұнай ма?
👍 111
👎 9
Эльеграм 21 Nov 2018, 18:17
Эльеграм 21 Nov 2018, 18:15
Эльеграм 16 Jul 2018, 12:37
Та-дааам! Қанша айдан бері сағындыңыздар ма, жоқ па? "Каналыңа қашан жазасың?" деген хатты неге жібермейсіздер? Неге сағынбайсыздар? Неге хабарласпайсыздар? Не деген адамсыздар, а? ? Мына жақты бір көріп кетейінші деп келгем. Орындарыңыз жайлы ма, кете бе
public poll

Жазсиш, ёмоё! – 105
??????? 36%

Әр жазбаңызды әлі де асыға күтем. Жазып тұрыңыз. – 76
????? 26%

А маған бәрібір. – 67
???? 23%

Ренжів қалдым саған. Сонша күттіргенің не? – 23
?? 8%

Вообще удалить етвстасай каналыңды, нервыма тие бермей! – 13
? 4%

И қой, тыста, аәс! – 11
? 4%

? 295 people voted so far.
Жазсиш, ёмоё! – 36%
Ренжів қалдым саған. Сонша күттіргенің не? – 8%
Вообще удалить етвстасай каналыңды, нервыма тие бермей! – 4%
И қой, тыста, аәс! – 4%
Әр жазбаңызды әлі де асыға күтем. Жазып тұрыңыз. – 26%
А маған бәрібір. – 23%
Читать полностью
Эльеграм 1 Apr 2018, 20:26
Осы шоубиз өкілдерінің әр қимылына Фейсбукта қызылкеңірдек боп қылқынып отыратын кей топ Қазақстандағы "100 жаңа есім" жобасына енген адамдардың, жоқ дегенде, онын біле ме екен? Жақсы, бесеуін дейінші.

Ай, қайдам, күмәнім бар.

Жаңалық жаршыларына емес, негативке жабысып алған ғой, жабысып.
"Бүгін кім қай жерде мүлт кетті екен?" деп қолын ысып отыратындай елестейді))
👍 249
💬 83
Эльеграм 31 Mar 2018, 16:39
Бүгін MadMan тобының жігіттерімен таныстым. Танысқанымды қайтейін, өзімді көке сезініп қалдым)))

Иә, кәдімгідей жауырыны қақпайтай бола бастаған, мойны жуандап, "ассалаумағалейкүүүм" деп қалақтай қолымен амандасатын көке ?

Жігіттер нәп-нәзік қой, нәп-нәзік. Прям үзіліп кетейін деп тұр.
Бесеуін бауырыңа басып, қорған болғың кеп кетеді екен ?

Түуу, өзімді қашан, кімнің қасында нәзік сезінем сонда? ☹

?‍♂️ - Шалдардың сақалымен ойнасайш.
?‍♀ - Қазақ қызына нәзік болу ұят!
👳 28
🤷 10
Читать полностью