Репост из: JanaSozdik (18+)
Қонақбас туралы босмодернистік мақал-мәтелдер:
Қонақ келсе — құт,
Қонақбас келсе — жұт.
Жаман үйді қонақбас билейді.
Түскенше қонақ, түскен соң қонақбас.
Әр үйдің өз қонақбасы бар.
Қонақ — құдайдың еркесі,
Қонақбас — сайтанның серкесі.
Қонақбас, сен "ет" деме, мен "кет" демеймін.
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Қонақбас келсе қойға қасқыр шабар.
Қонақбас "тоймадым" демес, "соймады" дер.
Үре білмеген ит үйіне қонақбас келтірер.
Кедей үйді бойдағы билейді,
Жаман үйді қонақбас билейді.
Қонақбас, өз үйіңді де ойлап отыр.
Қонақбасқа қолдиірмен тартқызады.
Аңқау қонақбас үй иесін сыйлайды.
Барлық қонақ бірдей емес. Кейбіреуі қонақбас.
Қонақбас көп отырып, көп сынайды.
Тас түскен жеріне ауыр,
Қонақбас қонған жеріне ауыр.
Қонақбас алдымен қабағыңа қарайды,
Содан кейін табағыңа қарайды.
Қонақбас келсе, жұт келер.
Қонақбасы көп үйдің баласы аш.
Тоқ қонақбасты сыйлау оңай.
Қонақбас келсе есікке,
Атылып қаш, кешікпе,
Көріп қойса қонақбас,
Кесір болар несіпке.
Қонақбас келсе есіктен,
Пәлекет шығар тесіктен.
Қонақбастан қонақ ұлық.
Қонақбас келсе мазасыз,
Аяғыңнан тозасыз.
Қонақбас жатар уақытта келер.
Қонақбасты сөзбен тойғыза алмайсың.
Жаяу қонақбас тыныш ұйықтар.
Ұрыны қонаққа шақырсаң,
Қораңа көз салып отырады.
Қонақбасты шақырсаң,
Қатыныңа көз салып отырады.
Құдай ұрған қонақбаспен керісер.
Үйге келген қонақбасқа үйдей өкпе айтпа.
Қонақ келсе — құт,
Қонақбас келсе — жұт.
Жаман үйді қонақбас билейді.
Түскенше қонақ, түскен соң қонақбас.
Әр үйдің өз қонақбасы бар.
Қонақ — құдайдың еркесі,
Қонақбас — сайтанның серкесі.
Қонақбас, сен "ет" деме, мен "кет" демеймін.
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Қонақбас келсе қойға қасқыр шабар.
Қонақбас "тоймадым" демес, "соймады" дер.
Үре білмеген ит үйіне қонақбас келтірер.
Кедей үйді бойдағы билейді,
Жаман үйді қонақбас билейді.
Қонақбас, өз үйіңді де ойлап отыр.
Қонақбасқа қолдиірмен тартқызады.
Аңқау қонақбас үй иесін сыйлайды.
Барлық қонақ бірдей емес. Кейбіреуі қонақбас.
Қонақбас көп отырып, көп сынайды.
Тас түскен жеріне ауыр,
Қонақбас қонған жеріне ауыр.
Қонақбас алдымен қабағыңа қарайды,
Содан кейін табағыңа қарайды.
Қонақбас келсе, жұт келер.
Қонақбасы көп үйдің баласы аш.
Тоқ қонақбасты сыйлау оңай.
Қонақбас келсе есікке,
Атылып қаш, кешікпе,
Көріп қойса қонақбас,
Кесір болар несіпке.
Қонақбас келсе есіктен,
Пәлекет шығар тесіктен.
Қонақбастан қонақ ұлық.
Қонақбас келсе мазасыз,
Аяғыңнан тозасыз.
Қонақбас жатар уақытта келер.
Қонақбасты сөзбен тойғыза алмайсың.
Жаяу қонақбас тыныш ұйықтар.
Ұрыны қонаққа шақырсаң,
Қораңа көз салып отырады.
Қонақбасты шақырсаң,
Қатыныңа көз салып отырады.
Құдай ұрған қонақбаспен керісер.
Үйге келген қонақбасқа үйдей өкпе айтпа.