Essizdik is the New Black!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Куә бол, жұлдыз!
Еркектердің көбі соның басында ғой. Уақыттары жоқ. Біреуі малын шығарып, бірі басқаға көмектесіп дегендей. Уақыт жоқ.


Тасқын болған аймақтардағы халықтың ызасына қарап қазақ демократиясы әйел екенін ұқтық.

Барлық жерде көбіне әйел азаматшалар сөз бастап, әкімдіктерге ашуын көрсетіп жүр.


Репост из: toqsansegiz
Мирхан әкіммен жекпе - жекке дайындалып жатырған сияқты.


Назарбаев кезінде қардың өзі қорыққаннан рұқсат алып еритін еді.


Бүгін жатып ішер еріншек болайын деп пепси іше қойып едім, төсігіме төгіп алдым.

Құрметті Ақтөбе облысы әкімі, вот осыны тілсіз жау деп атауға болады.


Ақтөбе әкімі "бұл тасқын – тілсіз жау" – дейді.

Тілсіз жау деп айтпай келетін, я болмаса орын алатынын ешкім болжамаған нәрсені айтады. Мысалы, жер сілкінісі мен өртті тілсіз жау деп айтуға болады.


Меніңше, осындай болып жатқан кезде Қытайдағы форумға періп кету Президент жасайтын іс емес.

Бес мың жыл тұрған Қытай, тағы бес мың жыл тұрады. Бірақ, сенің үкіметін жасаған факап кезінде халықпен өтірік болса да бірге болған жөн.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Біздің ауылдың да бірқатар үйі суға кетті. Ақтөбе қаласына апаратын трассаны су шайып кеткен екен.

Ең қызығы осының барлығы жылдан жылға қайталана береді. Тек су кірген кезде ғана әрекет басталады.


Ең опасызы топан судан зардап шеккендердің көбісі ауыл тұрғындары.


Еее, біздің Ақтөбенің жағдайы осындай.

Көктем келсе су тасып жатыр деп жүгіреміз, жаз келсе су азайып кетті деп жүгіреміз.


Ресей пропагандасы бойынша:

еврейлердің айтқанын істейтін америкалықтар олардың сөзін тыңдайтын украиндерді тәжіктерді теракт жасауға көндірткізген.


Уф, шаршап кеттім ғой.


⚡️

// №27 кезекті дауысчат // пікір мен сұрақ осы жерге.

Ұзақтығы: 60 минут


Егер аноним сұрақ қоямын десеңіз, сілтеме осы.

Егер арна иесін қолдаймын десеңіз:


💳 4400 4301 1314 7117
📩 MIRKHAN ZHUMABAYEV


Unfortunately, Essizdik is for Sale!

Happy Nauryz to everyone!


Ертең ескі жыл мен ескі өкпені артта қалдыратын Наурыз мейрамы.

Мені ренжіткен жамағат болса, ертеңге дейін кешірім сұрап үлгеріп қалыңыздар.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қараңғы бөлме ішінде
қайғыны көрмес үшін де
көзімді жұмып жаттым көп.

Қорқынышты еңсеріп,
жүректің жайын тексеріп,
тамырымнан бастым дөп.

дүрс-дүрс-дүрс

зұлмат белгі шақырған жойқын, мұңды,
тентек теңіз жіберген толқын сынды
жүректің қағысы бейімсіз.
Барлығын тек жүрек біледі,
күресу – тиімсіз.

Ол біледі не көріп, не өткенін,
не естіп, не кешкенін,
не келіп, не кеткенін.
қай күз бен қай көктемін
жол бойы ұмытқанын.
кім кетіп ызғар сыйлап,
кім келіп жылытқанын...

маңызды естелік пен
ойлардың бәрібірі.
қараңғы бөлме және
жүректің қағыс үні.

дүрс-дүрс-дүрс...



/ / Үзінді. Теңіз, Наурыз, 2024


Еее, Алматы туралы ең жүрекжарды ән жазған адамдардың көбісі алматылық емес екені қызық көрінеді.


Базар дәуірі ресми аяқталып жатыр десек те болады.


Еее, JanaPost қытайлық 1688 сайтымен Қазақстандағы нарықты періп алайын деп тұр.

Показано 20 последних публикаций.