FARAB BOOKS


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


📗 Онлайн кітапханамыз пайдасын тигізсін. Керек кітаптарды "поиск" батырмасын басу арқылы іздей аласыз.
✊ Біз үшін хайырлы дұға жасап қойыңыз.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


ҒҰМЫРДЫ САҚТАУ - ИБН ӘЛ-ЖӘУЗИ.pdf
21.0Мб
Жаңа аударма кітап

Әбу әл-Фараж ибн әл-Жәузидің уақыт құндылығы туралы кітабы.

Аударған: Әбу Хаммад
Дизайн: HOSH GROUP (KITAPSHOLU авторы)




KITAPSHOLU №7.pdf
57.2Мб
Әссәләм алейкум!

7-бөлімде шолу жасалған кітаптар:

1) Мағжан Жұмабаев - "Педагогика" / OQYRMANNAN

2) Берік Уәли - "Алаш айтқан асыл сөз" / Ерхан Алаш




KITAPSHOLU #6.pdf
65.3Мб
Әссәләм алейкум!

6-бөлімде шолу жасалған кітаптар:

1) Баян Бекетай - "Сен қалаған әке";

2) Рагиб ас-Сирджани - "История Андалусии от открытия и до падения (93 – 897)";


Шәкірт алған біліміне қаншалықты амал жасайтын болса, соншалықты терең түсінетін болады. Білімнің артуы амалға байлаулы. Сондықтан «алдымен жете түсініп алған соң амал етемін» деген ойдан арылған жөн. Амр ибн Қайс былай деген: «Хадисті естіген кезде, ең болмағанда, оған бір рет болса да амал ет. Сонда хадис иелерінен (хадисті терең меңгерген кісілерден) боласың».

Жамашев А. «Хадис - ғылым бұлағы». 2020. 464 б.




KITAPSHOLU 5.pdf
103.4Мб
5-бөлімде шолу жасалған кітаптар:

1) Олжас Бейсенали - "Салауат байрағы";

2) Джек Лондон - "Мартин Иден";

3) Аслан Орақбаев, Темирлан Толеш - "Мүмкіндік".


Қайып Мұхамедхановтың жұмыстары жарияланған "Көп томдық шығармалар жинағы" атты 345 беттік еңбек бар.

Сол жерде Абайдың 169 өлеңінің жазылу себептері мен әртүрлі баспадағы нұсқаларын келтіріп өткен.






«Ғалия» медресесінің шәкірттері шығарған «Садақ» журналының Бейімбет Майлиннен кейінгі редакторы болған Жиенғали Тілепбергенов былай деп жазады:

«Медресе «Ғалияға» мен барған жылдан бастап қаламымызды әдебиетке үйрету үшін «Садақ» деген жазба журналды жасырын шығарып тұрдық. Журналымыз ойыншық сияқты болса да, қаламымыз едәуір ысылып қалды».

📗 Тұрсынбек Кәкішев: «Садақ»


📜 «Айқап»-тың арулары

«Айқап» журналының ерекшелігі сол - қазақтың тұңғыш журналист қыздарының буынын қалыптастырды:

1️⃣ Мәриям Сейдалина (1891-1916) - белгілі заңгер Жансұлтан Сейдалиннің қызы. Жастайынан өлең шығара бастады.
«Айқап» журналына ұлт жоғын жоқтаған мақалаларымен қатар, «Зарлау», «Көздер», «Тұр, қазақ!» секілді отты жырларын жариялады. Қазақ зиялысы Сейілбек Жанайдаровқа тұрмысқа шықты. Сөйтіп, екеуі 1916 жылы Бірінші Дүниежүзілік соғысқа аттанды. Ол жақта майдандағы қазақтарға қамқор болды. Алайда Мәриям сол майдан даласында дүние салды. Невель қаласында жерленді.

2️⃣ Сақыпжамал Тілеубайқызы «Айқап» журналына озбырлықты, зорлық-зомбылықты айыптаған дүниелерін жариялады. 1911 жылғы №7 санында жарық көрген «Қазақ қыздарының аталарына» деген мақаласында Сақыпжамал: «Шариғат бұйрығынша, ер бала мен қыз бала тең болуға тиісті. Ер баланы артық көріп тәрбие қылсын да, қыз баланы кем көріп тәрбие қылмасын деген шариғат бар ма? Қыз баланы кемге тұтыну жаһиттік белгісі емес пе?» деп жазды.

3️⃣ Күләйім Өтегенқызы да «Айқаптың» атын шығарды. Күләйім көркем-публицистикалық мақалаларымен көрінді. Ол да өлең жазды. Күләйімнің «Қазақ қыздарына» деген өлеңі «Айқапқа» жарияланғаннан кейін сол кездің қыз-келіншектері білім алуға ұмтыла бастапты. Күләйімнің бұл өлеңі журналдың 1912 жылғы №8, №9 сандарында жарияланыпты.

📗 СЕРІКБОЛ ХАСАН: «Қазақ пен қазан»


Кітапшолудың 3-бөлімі жарық көрді.

Журналда қамтылған кітаптар:

1. «Тәлімгер тағылымы». Бурһан әл-Ислам әз-Зәрнужи / Samaru

2. «Қаракерей Қабанбай». Шәкен Күмісбайұлы / Samaru

3. «Самый богатый человек в Вавилоне». Джордж Клейсон / Samaru




📗 Журналды оқыған жандар ойларыңызбен бөлісіп отырыңыздар.

Немесе сұрақтарыңыз болса, жазыңыздар.


Кітапшолудың 2-бөлімі жарық көрді.

Шолу жасалған кітаптар:

1. Данияр Жігітбек: "Не үшін үйлену керек?" / Samaru

2. Азамат Жамашев: "Сайын даланың саңлақ ғұламалары" / Samaru




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
✨“Сайын даланың саңлақ ғұламалары” кітабының тұсауы кесілді!

📗Қазақ даласынан шыққан ортағасырлық ғалымдардың өмірінен сыр шерткен кітаптың тұсаукесер рәсімі Алматы қ, Әл-Фараби университетінің кітапханасында өтті.

Кітап авторы, Нұр-Мүбарак ЕИМУ аға оқытушысы, доктор Азамат Жамашев оқырмандарға кітапты жазу мақсатын, зерттеу барысын, кітапқа енген кей ғалымдардың ерен еңбегін баяндап берді.

“Сайын дала” дегеніміз - біздің байтақ даламыз. Ал, “саңлақ ғұламалары” - қазақ даласы тудырған ғалымдардың ішіндегі ең білгір, ең озаттары дегенді білдіреді. Біз кітабымызға солардың тек 437-сін енгіздік. Ал, негізі, одан да көп. Бүгінгі ұрпақ олар жайлы білуі керек”, - дейді автор.

Сондай-ақ, автор болашақта кітапты ағылшын және т.б шет тілдерге аударылып, әлем кітапханаларынан орын алады деп қуантып қойды.

Егер сіз де туған жеріңізден шыққан ғалым тұлғаларды біліп, өмірімен танысқыңыз келсе кітапқа дәл қазір тапсырыс бере аласыз!

📗 ”Сайын даланың саңлақ ғұламалары”
✏️ Азамат ЖАМАШЕВ
💵 6500
📞 87782792848


📗 ЖАҢА КІТАП!

«САЙЫН ДАЛАНЫҢ САҢЛАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫ"

АВТОР: ЖАМАШЕВ АЗАМАТ

Бұл еңбекте:

1️⃣қазақ даласында орналасқан ортағасырлық қалалардың жағдайы;

2️⃣қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, діни жағдайы;

3️⃣ әр облыстың діндар тұлғалары жайлы жан-жақты баяндалады.

Бағасы: 6500 тг
Төлем: 87006576795 Нұрбек. Т
(Төлем жасаған соң чекті 87782792848 номеріне жіберуді ұмытпаңыз)

Показано 20 последних публикаций.

603

подписчиков
Статистика канала