Гүлмира Ілесбай | QMDB


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Гүлмира ұстаз

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Көркем мінез – тек сыртқы сыпайылық емес, жүректің тазалығы, сабыр, мейірімділік және кешірімшілдік.

Жұма күні осы қасиеттерді қайта жаңғыртуға себепкер болсын:
• Біреуге жылы сөз айтыңыз.
• Ренжіткен адамды кешіріңіз.
• Қиын жағдайдағы жанға қол ұшын беріңіз.
• Өз ісіңізде адал болыңыз.

Жұма мүбәрак болсын!🙌🏻


Қасиетті жұма күні әрбір мұсылман үшін жақсылыққа ұмтылу, жүрек тазалығы мен көркем мінезділікке бет бұрудың ерекше мүмкіндігі.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
“«Расында, қиямет күні маған сүйіктілерің әрі ең жақын отыратындарың – көркем мінезділерің»” деген


Таңды құлшылыққа арнау – береке кілті

Алматының көркем таңы, таза ауасы – ерекше нығмет. Құлшылық пен жақсы амалдармен басталған таңдарыңыз берекелі болсын!

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Таңғы уақыт – береке әрі намаздың өз мақсатына жететін кезі» дейді.


🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!

📎https://www.instagram.com/p/DDmZMTnswGy/?igsh=MTdjMGxyNTJrdXVhNA==


Рамазан айы алдында истиғфарды не үшін жасау керек?

1. Жүректі тазарту:
Күнәлар адамды рухани әлсіретеді. Осы айға таза жүрекпен кіру үшін истиғфар жасап, өткен қателіктерден арылу қажет.

2. Алланың рақымына жақындау:
Аллаға истиғфар арқылы жақындау Рамазанның берекетін толықтай сезінуге көмектеседі.

3. Дұғалардың қабыл болуы:
Күнәлар кешірілсе, жасаған дұғаларымыз қабыл болу ықтималдығы артады.


Тапсырма:

«Астағфируллаh» истиғфарын күніне кемінде 100 рет айтыңыз. Бұл жүректі жұмсартып, күнәлардан арылуға көмектеседі.


Истиғфар дегеніміз не?

Истиғфар – Алладан кешірім сұрап, күнәлар үшін өкініш білдіру. Бұл тек сөзбен ғана емес, жүректен шыққан шынайы тәубе арқылы Алланың кешірімін тілеуді білдіреді.

Истиғфар:
«Астағфируллаh» (Мен Алладан кешірім сұраймын).


Ал сіз Истиғфардың не екенін білесіз бе?
Опрос
  •   Иәә
  •   Жоқ, білгім келеді
89 голосов


Пайғамбарымыз (с.ә.с.) былай деген:
«Аллаға ант етемін, мен күніне жетпіс мәртеден де көп Алладан кешірім сұрап, тәубе етемін.»


فَقُلْتُ ٱسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّكُمْ إِنَّهُۥ كَانَ غَفَّارًا

Және де оларға: «Раббыларыңнан күнәларың үшін кешірім тілеңдер! Өйткені Ол (құлдары қанша жерден күнәға батса да тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді», – дедім.

(«Нұх» сүресі 71:10)


Көпшілік үшін маңызды тақырыптардың бірі: тәубе және кешірім сұрау – Рамазанға дайындықтың негізі.

Аллаға шынайы тәубе етіп, күнәлардан арылу – Рамазан айын қарсы алудың маңызды қадамдарының бірі. Алла бізді әрдайым тәубеге шақырады және Оның рақымы шексіз!✨


РАМАЗАНҒА 76 КҮН!🌙

Әс сәләму әлейкум, оқырман!🥰

Рамазан айына 76 күн қалды. Бұл қасиетті айды лайықты қарсы алу үшін қазірден бастап рухани дайындық жасау маңызды.


📌 Ұсыныс

1. Тұрақты уақыт белгілеңіз. Таң, түскі, кешкі уақыттарға бөліп оқыңыз.
2. Тәпсірмен оқыңыз. Аяттардың мағынасын түсіну үшін тәпсірге жүгініңіз.
3. Дұға жасауды ұмытпаңыз. Әр оқылымнан кейін жүрекпен дұға етіңіз.


Құран – жүректерге шипа. Осы келер Рамазанда оны оқып, жүрегіңізді нұрландырыңыз!
Алла баршамызға Құранды толық оқып, амал етуге нәсіп етсін! 🌙


РАМАЗАНҒА 84 күн🌙

📖 Рамазан айы – Құран түскен қасиетті ай

“Рамазан айы – адамзатты тура жолға бастаушы, айқын дәлелдерді һәм ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын өлшемдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай.”

(Бақара сүресі, 185-аят)


Жалқаулықпен қалай күресесіз?

Шейх Мұхаммад ас Сейд аль Ханбали жалқаулықпен күресу үшін Пайғамбарға ( صلى الله عليه وسلم) көптеп салауат айтуға кеңес береді. Сонымен қатар таң және екінті намаздарынан кейін 100 рет :" يا حي يا قيوم " (я хаийу ,я қойум) зікірін оқуды ұсынады.

Практикада жасап көріңіздер!)




Егер пайдалы болса, осы кестемен құрбыңызбен бөлісіп, осы телеграм каналда Рамазан айына бірге дайындалуға шақырсаңыз болады!☺️


Сақтап алыңыз!✅


Рамазан айына дайындалу үшін дұрыс күн тәртібін

жасау және ұйқы мен тамақтану режимін реттеу маңызды. Бұл сізге оразаны жеңіл және пайдалы түрде ұстауға көмектеседі.

Міне, осындай тәртіпке арналған ұсыныс:

Показано 20 последних публикаций.