Фильтр публикаций


Репост из: ФИҚҺ ДӘРІСТЕРІ


♦️4️⃣6️⃣3️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қандай да бір мұсылманның балиғат жасына жетпеген үш баласы өзінен бұрын дүние салса, (тағдырына налымай, сабыр еткендіктен), тозақ оты оған Аллаһтың антының орындалуы үшін (сәл ғана) тиіп өтеді (150)», – деп айтты», – делінге.

(Бұхари, жәнәйз 6/ әйман 9; Муслим, бирр 150).

❗(150) Яғни, хадистегі мұсылманға тозақ отының тиюі, Құрандағы: «Түгелдей тозақтың үстінен өтетін боласыңдар. Бұл Раббыңның берген кесімді үкімі» – деген аятқа байланысты. Яғни, о дүниеде тозақтың үстіне керілген қыл көпірден өтпейтін ешбір жан болмайды. Алайда мұсылмандардың тозақтың үстіндегі қыл көпірден өтуі қас- қағым сәтте жүзеге асады. Не болмаса оларға тозақ оты тисе-дағы дүние отының Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарды күйдірмегеніндей салқын әрі зиянсыз болады.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣6️⃣2️⃣-ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Бірде бір топ адамның қасынан әлдекімнің сүйегін жерлеуге апара жатқан топ өтті. Сонда олар марқұмды мақтап, жақсы жағынан еске алды. Мұны естіген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уәжіп болды», – деді. Біраз уақыттан кейін тағы біреудің мәйітін арқалаған топ өтті. Бұл жолы адамдар оны жамандап, жағымсыз пікір білдірді. Сол кезде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағы да: «Уәжіп болды», – деп тіл қатты. Осы сәт Омар ибн әл-Хаттаб: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Ол екеуіне) не уәжіп болды?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: Алдыңғы жаназаға мақтау айттыңдар, сондықтан оған жұмаққа бару уәжіп болды. Ал, кейінгісіне жағымсыз пікір білдірдіңдер, сондықтан оған тозаққа кіру уәжіп болды, өйткені сендер (149) Аллаһ тағаланың жер бетіндегі (куәлігі қабыл болатын) куәгерлерісіңдер», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жәнәйз 86/шәһәдат 6; Муслим, жәнәйз 60).

❗(149) Шынайы мүміндер

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣6️⃣1️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласы дүниеден озғанда үш түрлі ісінен өзге барлық істері тоқтап (кітабы жабылып) қалады. Тоқтамайтын істер: үзілмейтін садақа (148), адамзатқа пайдалы ілім және артынан дұға жасайтын ізгі ұрпақ» – деп айтты.

(Муслим, уасыйя 14).

❗(148) Яғни, мешіт, медресе, аурухана және көпір сияқты халықтың игілігіне жарайтын нысандарды салып, үздіксіз сауапқа бөлейтін игі істер.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣6️⃣0️⃣-ХАДИС:

Осман ибн Аффан (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мәйітті жерлеп болған соң, қабір басында тұрып: «Бауырларың үшін Аллаһтан кешірім тілеп, (Мүнкәр-Нәкір періштелерінің алдында) иманына берік болуын сұраңдар, өйткені ол дәл қазір сұраққа тартылып жатыр», – деп айтатын еді», – деген.

(Әбу Дәуіт, жәнәйз 69).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣9️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Дүниедегі қарыздары толық өтелмейінше, мүміннің жаны байлаулы (147) болады», – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи, жәнәйз 74).

❗(147) - Яғни, дүниедегі қарыздары оған есеп беруге және о дүниенің нығметтеріне бөленуіне кедергі болады.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣8️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мәйіттің жаназасын шығаруға асығыңдар. Егер ол салиқалы құл болса, жақсылыққа тезірек қауыштырасыңдар. Ал егер ондай болмаса, иықтарыңа көтерген жаманнан тезірек құтыласыңдар», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, жәнәйз 51; Муслим, жәнәйз 50).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣7️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра, Әбу Қатада және Ибраһим әл-Әшһәли өзінің сахаба болған әкесінен (р.а.) жеткізген хадисте: «Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаназа намазын оқығанда: «Уа, Аллаһ тюТағалам! Бізден тірі жүргендерді және арамыздан озғандарды, кішілеріміз бен үлкендерімізді, ер азаматтарымыз бен әйелдерімізді, осы жердегілер мен келе алмағандарды жарылқап, кешіре гөр! Уа, Аллаһ Тағалам! Біздің арамыздан әлі де өмір сүретіндерді Исламның хақ жолынан тайдырмай, ажалы жеткендерді иманды етіп ала гөр! Уа, Аллаһ Тағалам! Бізді осы жаназаның сауабынан мақұрым ете көрме! Осы бауырымыздың артында қалған бізді ауыр сынақтарға, түрлі бәлелерге душар қыла көрме!» – деп дұға жасады» – делінген.

(Тирмизи, жәнәйз 38; Әбу Дәуіт, жәнәйз 56).


📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy




♦️4️⃣5️⃣6️⃣-ХАДИС:

Ауф ибн Мәлик (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаназа намазын оқығанда марқұмға арнап: «Уа, Аллаһ Тағалам! Марқұмның күнәларын кешіп мейіріміңе бөлей гөр! Оны жарылқап, (қабірдің ауыр сынағы мен азабынан) сақтай гөр! Жаннатыңда оған ерекше сый-құрмет көрсетіп, қабірін кең қыла гөр! Оны (күнәларын) су, қар және бұршақпен жуып-шайып, аппақ киімді кірден тазартқандай күнәларынан тазарта гөр! Оған (жаннатыңда) дүниедегі үйінен де жақсы үй, отбасынан да қайырлы жанұя және өмірлік қосағынан да қайырлы жұбай нәсіп ете гөр! Оны пейішіңе кіргізіп, қабір азабынан һәм тозақ отынан бір Өзің сақтағайсың!» – деп дұға жасады», – деген.

Хадисті жеткізген Ауф ибн Мәлик: «Бұл дұғаны естігенімде, шіркін, марқұмның орнында мен болсам ғой!» – деп армандадым», – деген еді.

(Муслим, жәнәйз 85).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣5️⃣-ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «О дүниеге аттанған мұсылманның жаназа намазына Аллаһ Тағалаға серік қоспайтын қырық адам қатысса, Аллаһ Тағала міндетті түрде оларды марқұмға шапағатшы қылады», (146) – деп айтқанын естідім», – деген.

(Муслим, жәнәйз 59).

❗(146) - Яғни, марқұм үшін тілеген дұға-тілектерін қабыл алады.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣4️⃣-ХАДИС:

Умму Атия (р.а.): «Бізге (әйелдерге) жаназаның соңынан еруге тыйым салынды. Алайда бұл кесімді тыйым (харам) емес еді», – деп айтты.

(Бұхари, жәнәйз 29; Муслим, жәнәйз 34).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣3️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім шынайы сеніммен және сауабын бір Аллаһтан ғана күтіп, мұсылман бауырын ақтық сапарға шығарып салу жолында жаназа намазынан бастап, оны қабірге қойғанға дейін атсалысса, әрбірі Ұхұд тауы сияқты таудай екі сауапқа кенеліп қайтады. Ал кімде-кім жаназа намазына ғана қатысып, жерлеуге қалмай қайтып кетсе, Ұхұд тауы сияқты таудай бір сауап алып қайтады», – деп айтқан», – делінген.

(Бұхари, иман 35).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣2️⃣-ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ауыр тыныстап, хал үстінде жатқан баласы Ибраһимді көруге кіргенде әкелік мейірімнен көзі жасқа толды. Мұны көрген Абдуррахман ибн Ауф (р.а.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сіз де көзіңізге жас аласыз ба?» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Уа, ибн Ауф! Бұл (көз жасы) әкелік мейірім ғой», – деді де, расында, жанардан жас парлайды, жүрек болса мұңға батып, қайғырады. Алайда, біз Раббымызды разы ететін сөзді ғана айтамыз. Уа, Ибраһим! Біз сенен айырылып қалғанымыз үшін қайғырамыз», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жәнәйз 43; Муслим, фадайл 62).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣1️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзімен бірге Абдуррахман ибн Ауфты (р.а.), Сағд ибн Әби Уаққасты (р.а.) және Абдуллаһ ибн Масғутты (р.а.) ертіп, Сағд ибн Убаданың (р.а.) көңілін сұрай барған еді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) науқасты көргенде көз жасына ие бола алмады. Расулаллаһтың көзіне жас алғанын көріп, сол жердегілер де қоса жылады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, Аллаһ Тағала көз жасы мен жүректегі қайғы үшін азаптамайды. Ол тек мынау үшін азаптайды немесе мейіріміне бөлейді», – деп тілін көрсетті», – деген.

(Бұхари, жәнәйз 44; Муслим, жәнәйз 12).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣5️⃣0️⃣-ХАДИС:

Әбу Муса (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүміннің бауыр еті баласы қайтыс болғанда Аллаһ Тағала періштелерінен: Құлымның баласының жанын сендер алдыңдар ма?» – деп сұрайды. Періштелері: «Иә, біз алдық», – деп жауап береді. Аллаһ Тағала оларға: «Демек, оның бауыр етін алған екенсіңдер ғой?» – дейді. Періштелері тағы да «Иә» деп тіл қатады. Аллаһ Тағала олардан: «Бұған құлым не деп айтты?» – деп сұрайды. Ол Саған мадақ айтып: «Бәріміз Аллаһқа тәнбіз және бәріміз де (уақыты келгенде) Оған ораламыз», – деп айтты», – дейді періштелер. Сонда Аллаһ Тағала: «Ендеше, құлым үшін жаннаттан зәулім сарай салыңдар да, оны «Бәйтул-хамд» (мадақ сарайы) деп атаңдар», – деп бұйырады», – деген.

(Тирмизи, жәнәйз 36).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣9️⃣-ХАДИС:

Умму Сәләма (р.а.): «Расулаллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтың қандай да бір құлының басына қайғы келгенде: «Расында, бәріміз Аллаһқа тәнбіз және соңында Аллаһқа қайтамыз. Уа, Аллаһ Тағалам! Мына қайғымда маған сауаптан жазып, мен үшін артын қайырлы қылғайсың», – деп дұға етсе, Аллаһ Тағала сол қайғысы үшін (145) оған сауап жазып, міндетті түрде артын қайырлы қылады», – деп айтқанын естіген едім. Күйеуім Әбу Сәләма (р.а.) қайтыс болғанда, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұйырғандай дұға қылдым. Соңында Аллаһ Тағала Әбу Сәләмадан да қайырлы болған Аллаһ елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған өмірлік жар қылды», – деген.

(Муслим, жәнәйз 4).

❗(145) Яғни, тағдырына налымай сабырлылық танытқаны үшін

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


Репост из: غريب 🤍
📌 40 хадистен аударма дәрістер.

Атақты ғалым Имам ан Науауидың 40 хадис кітабы бойынша аударма дәрістерді ұсынамыз.

Дәріс кімдерге арналған :

🔹Исламдағы ең маңызды әрі танымал 40 хадисті оқып , түсінгісі келетіндерге.

🔹Пайғамбарымыздың хадистеріне қызығушылығы бар жандарға.

🔹Арабша кітаптарды әдемі аударып үйренгісі келетіндерге.

Дәріс видео форматта 🎥

Кері байланыс бар ✅

Айына небәрі 1000 тг. Дәріс ұзақтығы шамамен 3 ай.

Қатысам деушілерге WhatsApp : +7 776 715 79 77
Telegram : @ushkyn_00


♦️4️⃣4️⃣8️⃣-ХАДИС:

Умму Сәләма (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолдасым Әбу Сәләманың мәйітіне жақындап, ашық қалған көздерін өз қолымен жапты да: «Жан тәннен шыққанда мәйіттің жанары шығып бара жатқан жанға қарап қалады», – деп айтты. Сол кезде марқұмның жақындарының кейбіреуі егіліп жылай бастады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өздерің үшін тек қана жақсы дұға жасаңдар (бастарыңа келген қайғыға бола беттеріңді жұлып, өз-өздеріңе лағынет айтпаңдар). Өйткені періштелер ауыздарыңнан шыққан әрбір сөзге «әмин» (144) деп тұрады», – деп ескертті. Содан кейін марқұм үшін: «Уа, Аллаһ Тағалам! Әбу Сәләманы жарылқап, күнәларын кешіре гөр! Һидаят жолындағы құлдарыңның арасында мерейін өсіріп, бір Өзің артында қалған жақындарының қамқоршысы болғайсың! Уа, күллі әлемнің Раббысы! Біздің де, оның да күнәларын кешіре гөр! Қабірін кең етіп, нұрға бөлей гөр!» – деп дұға жасады», – деген.

(Муслим, жәнәйз 7).

❗(144) Қабыл ете гөр!

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣7️⃣-ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған сүйеніп жатып: «Уа, Аллаһ тағалам! Мені кешіре гөр, шексіз рақымыңа бөлей гөр және Ұлы досқа (немесе достарға) (143) қауыштырғайсың», – деп дұға жасағанын естідім», – деген.

(Бұхари, марда 19; Муслим, сәләм 46).

❗(143) «Ұлы дос» дегені – Аллаһ Тағала немесе періштелер, дүниеден озған пайғамбарлар, шейіттер және салиқалы жандар.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy

Показано 20 последних публикаций.