Хиджабтағы Ару🌺


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


🌺Қыз-келіншектерге арналған парақша🌺
Ханафи мәзһабы бойынша!!!
Каналымызға тіркеліңіздер)

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қасиетті РАМАЗАН айына орай Өзіңізді және жақындарыңызды қуантыңыз😍

*Королевские финики в шоколаде
*Клубника в шоколаде
*Жент в шоколаде
*Банан в шоколаде

Тапсырыс номері: + 7 707 99 114 93


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қасиетті РАМАЗАН айында балапандарыңызға қуаныш сыйлаңыздар❤️😍
Ин шәә АЛЛА Рамазанды ерекше сағынып күтетіндей атмосфера жасаңыздар) Біз Сізге көмектесеміз😉

Тапсырыс беру үшін: +7 707 99 114 93


Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһи уа барокатуһ! ОРАЗА АЙТҚА аман-есен жеткізген АЛЛАҒА сансыз мадақ болсын🤲🏻 АЛЛА осы қасиетті РАМАЗАНЫМЫЗДА ұстаған Оразамызды, оқыған Намаздарымызды, дұға-тілектерімізді, барша құлшылықтарымызды қабыл етсін🤲🏻 Қате-кемшіліктерімізді кешірсін🤲🏻 Ин шәә АЛЛА Иманымыз бүтін, деніміз сау, Отбасы, бала-шағамыз аман, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын🤲🏻 МЕЙІРІМІ шексіз АЛЛА келесі Рамазанымыз бен Ораза айтымызға төрт көзіміз түгел, аман-есен жетуімізді нәсіп етсін. Ар-Рахман бармашызға екі дүние бақытын, мәңгілік Фирдаус Жәннәтын нәсіп етсін🤲🏻

АЛЛА бізден де, Сізден де қабыл етсін! Ораза айтымыз баршамызға мүбәрак болсын❤️




​​🌙 Бүгінгі түн Қадыр түні болуы мүмкін!

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ
«Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр сүресі, 3 аят)

ابي هريرة رضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم قال: "من قام ليلة القدر إيماناً واحتساباً غُفِر له ما تقدم من ذنبه" خرّجه البخاري
ومسلم،

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын): Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Қадыр түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі» (Бұхари риуаяты).

Қадыр түні қай түні екені белгісіз болуымен де қадірлі. Қадыр түнінің бар екендігі хақ. Бірақ ол Рамазанның соңғы тақ түндерінің біріне жасырылды. Оның нақты қай күн екендігі жайлы Пайғамбарымыздан ﷺ әртүрлі деректер жеткен. Ал, сахабалардан жеткен риуаяттарға сәйкес, ғұламалар арасында 23 түрлі пікірлер айтылған. Оның арасында 21-ші түні деген деректерде кездеседі.

Осыған қатысты Ғұбада ибн Самит: «Алла елшісі ﷺ Қадыр түнін хабарлауға шықты. Осы кезде екі мұсылман кісі жанжалдасып қалды. Сонда ол ﷺ: «Негізінде, сендерге Қадыр түнін айтқалы шығып едім, пәленше мен пәленше жанжалдасып (тұрғанын көріп), (ол) есімнен көтеріліп кетті (оны ұмытып қалдым). Бәлкім, бұл сендерге қайырлы болар, (енді Қадыр түнін) жетісінде, тоғызында немесе бесінде (Рамазанның соңғы ондығының жетінші, тоғызыншы және бесінші түндерінде) іздеңдер»,—деді» (Бұхари риуаяты).

Алла Елшісінің ﷺ өзі де Рамазанның соңғы он күндігінде ерекше ынтамен құлшылықты күшейтетін болған. Бұл туралы Айша анамыздың «Рамазанның соңғы он күндері келгенде, Алланың Елшісі ﷺ түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін де оятатын және құлшылықтарында ерекше ыжтаһадтылық танытатын» ,‒ деп айтқан (Бұхари мен Муслим риуаяты).

Жалпы жалпы мұсылман баласы осы соңғы 10 күндіктің тақ түндерін ерекше құлшылықпен өткізуге тырысу керек. Өйткені, 27-ші түн деген риуаят мәшһүр болса да, хадистегі «оны соңғы он күндіктің тақ түндерінен іздеңдер» тіркесі соңғы тақ түндердің кез келгені қасиетті Қадыр түні болуы әбден мүмкін екендігін білдіреді.

@Mihrab_kz


Репост из: Сүре жаттау
“ҚҰРАН СЫЙЛА” АКЦИЯСЫ

♥️РАМАЗАНДА 1000 ҚҰРАН СЫЙЛАЙМЫЗ! ♥️

Рамазан - Құран айы. Бұл айда Алла разылығы үшін жасалған амалдар 70 не одан да көп есеге артады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кiм Аллаһ Тағала Кiтабының бiр әрпiн оқыса, оған одан бiр жақсылық бар әрi жақсылық он есе арта түседi. «Әлиф-ләм-мим»-дi бiр әрiп демеймін. Бәлкiм, «әлиф» бiр әрiп, «ләм» бiр әрiп, «мим» бiр әрiп» деген.

Рамазанда Құран сыйлау мақсатымыз - Алла разылығы көпшілікке Құран таратып, өзгелердің Құран үйренуіне себепкер болу.

Арманымыз - Құран сыйға алған 1000 адамның ішінен тым болмағанда 1 адам #қари болса. ♥️

Сыйлықтың ең жақсысы Құран емес пе?!♥️

Осы игі ісімізге сіз де ат салысыңыз😊

Реквизиттер:
💳 Каспи голд: 4400 4301 0877 2614
📱Каспи нөмір: 8 747 649 19 57
МАЛИКА А.

Осы есепшотқа өзіңіз қалауыңызша қаржы салып, 1000 Құран сатып алуға атсалысуға шақырамыз.

📖 Құран QR код аламыз.

Акция Рамазанның соңына дейін жалғасады.

Барлық жаңалықтар мен есептер: @malika_ustaz парақшасында.

❗️ Мүлдем Құраныңыз болмаса немесе енді үйреніп бастасаңыз, төмендегі нөмірге хабарласыңыз!

Біздің хэштег: #1000Құрансыйлаймыз!
#құрансыйла


​​🌼 РАМАЗАНДА БОЛАТ СИЯҚТЫ БОЛМА!

Болаттың биыл ораза ұстап жатқанына 6-жыл. Рамазан жайлы ешқандай кітап, мақала оқымайды.
Болат “Ораза ұстап жүргеніме 6 жыл болды ғой, бәрін білемін”, - деп ойлап, алдын-ала дайындалмаған.

Рамазан кірді. Таңға дейін ұйықтамай ауыз бекітуді күтіп, сәресін ішіп алды. Сәресін күндіз ештеңе жемеймін, аш қаламын деп қорқып, қарны жарылғанша жеді. Одан соң таң намазын оқып, ұйқыға кетті. Болат ұйқыдан 14:00-де тұрып, телефонын іздеді. Телефонын шұқылап жатып сағаттың 15:00 болғанын байқамай қалды.

Денесі ауырып, төсегінен әзер дегенде тұрып, екі көзін уқалап душқа барды. Душтан шығып телефонына қараса бесін намазы шығайын деп жатыр екен. Асығыс-үсігіс парыз намазын оқып алды.

Артынан "дәрет бар кезде екінті намазын оқып алайын" деген жақсы ойға келді. Екінтіні оқып, сағатқа қараса ауызашарға екі сағаттай уақыт бар екен. Болат ауызашарға дейін уақытты өлтірейін деп, интернеттен 2 сағат болатын кино іздей бастады. 2 сағат кино көріп болысымен ауыз ашатын уақыт та кірді. Жүгіріп барып ауызын ашты.

"Су және құрмамен ашып, одаң соң ақшам намазын оқып, кейін тамақ ішу сүннет" екенін білсе де олай істемей, дастархандағы тамақтарды аузына тыққылай бастады.

”Тамақты асықпай же, балам!”, - деген анасының сөзіне “Қойшы, мам! Күні бойы аш болдым, мен оразамын“, - деп қабақ шытты. Бірақ ораза ұстаған адам сабырлы болу керек екенін Болат жақсы біледі, тек амал етпейді. Қарнын тойғызып болып, ақшам намазын әзер оқыды. Құптан намазы кірді. Құптан намазын оқып алды.

”Эхх, егер карантин болмағанда мешітке барып тарауық намазын оқитын едім. Үйде оқиын десем аз сүре білемін. Бір жағынан жалғыз оқыған біртүрлі екен тарауықты” деген сылтаумен оқымады. Сөйтіп "ең жақын досы" телефонды ұстап, әр түрлі видеоларды қарап, инстаграмды шұқылап қалай сәресі жақындап қалғанын байқамай қалды...

Болаттың проблемасы - біздің проблема. Қалай шешеміз?


АУЫЗАШАР ӘДЕПТЕРІ

Ауызашар – бұл ораза ұстаушының оразасы тоқтатылатын күн батқан мезгіл немесе мұны қарапайым тілмен ақшам намазына азан шақырылған кез деп түсіндіруге болады. Омар ибн әл-Хаттабтан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «... күн батқан кезде ораза ұстаушылардың оразасы тоқтатылады», - деген. (Бұхари, Муслим)

☕️ АУЫЗДЫ НЕМЕН АШУ КЕРЕК?

Сүннет бойынша ауызды құрмамен немесе сумен ашқан абзал. Себебі, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден біреу ауыз ашатын болса, құрмамен ашсын, ал егер құрма болмаса, онда су ішсін, өйткені, расында, ол тазартады», - деген (Әбу Дәуд, Тирмизи, Ибн Мәжаһ)

🕋 АЛДЫМЕН АҚШАМ НАМАЗЫН ОҚИМЫЗ БА, ӘЛДЕ АУЫЗ АШАМЫЗ БА?

Ауызды намаз оқудан бұрын ашу керек. Бұл туралы сахаба Әнас ибн Мәлик (р.а) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сумен болса да ауызын ашпастан бұрын ақшам намазын оқығанын ешқашан көрген емеспін» (Әбу Яғлә, Ибн Хузайма)

🤲 АУЫЗ АШАР АЛДЫНДА ДҰҒА ЖАСАУ КЕРЕК ҚОЙ?!

Иә, көп адам ауыз ашар алдында тілек тілеуді ұмытып жатады. Ал шын мәнінде, ауыз ашар алдында жасалған дұға мен Алланың арасында перде болмайды. Сондықтан адам бұл мүмкіндікті пайдаланып, Алладан бар керегін сұрап қалуға тырысуы керек. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, ораза ұстаушының ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды», - деген. (Ибн Мәжаһ, әл-Хаким)

🤔 АУЫЗ АШҚАН СОҢ ШЕ, ОДАН КЕЙІН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА БАР МА?

Иә, бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ауызын ашқан соң: «Шөл басылды, тамырлар нәрге толды, Алла қаласа, сауап та бізді күтіп тұр», - деп айтатын. (Әбу Дәуд, Бәйһақи)
Оқылуы: Зәһаба ззома-у уәбталләтил-‘уруқ, уә сәбәтәл-әжру иншә-Алла.
ذهب الظمأ وابتلت العروق وثبت الاجر إن شاء الله

⏰ УАҚЫТЫ КІРГЕНДЕ АУЫЗ АШУҒА АСЫҒУ КЕРЕК ПЕ?

Иә, ораза ұстаушы адам ауыз ашар уақыты кірсе де, оразасын бұзуға асықпай, уақыт өткізіп жүре беруіне болмайды. Себебі, "ауыз ашуды кешіктіру яһудилер мен христиандарға тән" (Әбу Дәуд, Нәсаи, Хаким). Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдар ауызашарларына асығып жүргендеріне дейін игілікте болады», - деген (Бұхари, Муслим)

🌴АУЫЗ АШАР УАҚЫТЫНЫҢ ТАҒЫ ҚАНДАЙ ИГІЛІГІ БАР?

Ең кереметі, ауызашар - бұл жай ғана тамақ ішетін кез емес, бұл кезде Алла кей құлдарын тозақтан азат етеді!
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Ұлы әрі Құдіретті Алланың әрбір ауызашар кезінде Оттан босататын құлдары бар. Әрі бұл босату әрбір түн сайын орын алады!» - деген (Ибн Мәжаһ)

Ендеше, осынша құлшылық, сауап, игілік жасырылған ауыз ашарға, оның уақытына, әдептеріне мұқият болайық. Алла осы Рамазанда күнәларымызды кешіріп, бізді де оттан босаған құлдарының қатарынан етсін. Әмин!
_________

http://t.me/kuran_tapsir






Сәресіде айтылатын дұға:
 
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
 
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
 
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

‼️ Ескерту: Сүннетке ауыз бекітуге қатысты арнайы дұға келмеген. Сондықтан қиындық тудырса, жоғарыдағы дұғаны айту міндет емес. Өзіңіз қалаған кез келген дұғаны айтсаңыз болады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Әлхамдулилляһ!!! Көптен күткен Рамазанымызға аман-есен жеткізген АЛЛАҒА сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын🤲🏻❤️

Қасиетті Рамазанымыз мубарак болсын!!! АЛЛА осы айлардың Сұлтанында 30 күн бойы Оразамызды қаза қылмай, шын ниетпен ұстауымызды, Құран түсірілген айда Құранды серік етіп жүруімізді, АЛЛАНЫ көп еске алып, зікір етуімізді, Мейірімі шексіз АЛЛАДАН кешірім тілеп, тәубе етіп, истиғфар айтуымызды, Сүйікті Пайғамбарымызға (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көптен көп салауат айтуымызды, садақа беріп, ауызашар беруімізді, АЛЛАНЫҢ разылығына жетер хайыр-ихсан амалдарды көп жасауымызды нәсіп етсін!
Ин шәә АЛЛА Қиямет күні тек Ораза ұстаушылар ғана кіретін Ар-Райиан қақпасынан шақырылуыңызды нәсіп етсін!
Қасиетті, Сүйікті, Ұлық болған РАМАЗАНЫМЫЗ баршамызға мубарак болсын❤


Қасиетті ЖҰМАМЫЗ мүбәрак болсын❤️🤲🏻




Ораза айтқа жеткізген АЛЛАҒА сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! 🤲 Мейірімді АЛЛА Рамазанымызда кеткен қате-кемшіліктерімізді кешіріп, Өзінің шексіз Мейіріміне бөлесін! Ұлы АЛЛА қасиетті Рамазанымызда ұстаған Оразамызды, оқыған Намаздарымызды, дұға-тілектерімізді, жасаған әрбір ізгі-хайыр амалдарымызды қабыл етсін! Ин шәә АЛЛА келесі Рамазанымызға, Ораза айтымызға Иманымыз бүтін, деніміз сау болып, төрт көзіміз түгел, аман-есен, жетейік! АЛЛА Иманыңызға беріктік, деніңізге саулық, Отбасыңызға амандық, ісіңізге адалдық, ең бастысы Екі дүние бақытын, мәңгілік Фирдаус Жәннәтын нәсіп етсін. АЛЛА елімізге амандық берсін, тыныштығымыздан айырмасын! АЛЛА Сізден де, бізден де қабыл етсін!😘😘😘❤🤲





Показано 20 последних публикаций.

157

подписчиков
Статистика канала