Qazaq History


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


Тариx. История. History.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций




"Қараш-Қараш оқиғасындағы" Бақтығұлдың прототипі - Рысқұл Жылқайдаров.

Сәбит Шілдебайдың парақшасынан алынды.








Бауыржан Момышулы.
Одно из его главных завещаний его сыну Бахытжану Момышулы было: "Если будешь с народом, то никогда не будешь одинок. Если будешь идти дорогой народа - не потеряешься. Если ты считаешь гусей - то народ считает песок. От глаза народа ничего не скрыть, поэтому будь честен с народом, склоняй голову перед народом".






Сол түні грузин ақыны мен сазгері қаралы гимн жазып, үш күн бойы грузин теледидары мен радиосында мезгіл-мезгіл ойнап тұрды...

Әншейінде атақ үшін, күлше үшін бір-бірін талап жердей болып жүретін біздің ұлттық мәдени элита бас біріктіріп, қарсылық білдіргенде, оларды жау алмас еді. Тұтас бір ұлттың зиялы қауымын ешқандай диктатор құртып жіберуге тәуекел етпейді! Олар бірінен бірі қорықты. Оларда пендешілік бәсеке бар да, бірлік жоқ-ты.

Менің архивімде Г.Колбиннің атына жазылған екі топ жазушылардың хаты жатыр: әрқайсысы «кімді құрту керегін» айтады!

Біздің ақын-жазушыларымыздың масқарасы Жазушылар Одағына Геннадий Колбин келген күні болды: жиналыста Бақытжан Момышұлы трибунаға көтеріліп, «Әкем тірі болғанда, сіздің келгеніңізге қуанар еді» дегенімен шектеліп қоймай, Геннадий Колбиннің бетінен сүйді.

...Ал сол жолы ұлт зиялыларының абыройын Жұб-ағаң - Жұбан Молдағалиев сақтап қалды. «Мен қазақтың ұлын қорлап, қызын қарға отырғызып, астынан теуіп, шашынан сүйреп жатқанын көргенше, Ұлы Отан соғысында өлуім керек еді!..» деген асыл аға, арлы адам кейін сол жан қасіретінен оңала алмады.

Біздің зиялы қауым қолынан келгенше ақталып-ақ бақты. Біреу жылаған, бірінің жүрегі ауырып, қан қысымы көтерілген халде болды, т.т.

Қазір, әрине, «қазақ үшін өмір сүріп жатқандар» көп. Қалың, жаутаңкөз бұқараны алдарқату оңай: айғайлап қойсаң, кіжінген болсаң жеткілікті - аңғал халқың сені қорғаушысындай көреді. Зиялы қауымның «әртістеніп» кеткенінен еш хабары жоқ. Содан соң “түлкі боп қашқан заманды тазы боп шала бер” - балаларыңа бизнес жасап бер, халықтың аузынан жырып, юбилей өткіз, депутат бол, «мәдениетті, әдебиетті қорғамаса - ол өліп қалады» деген ұранмен жүріп, өз жағдайыңды жасап ал. Болмаса көзінше мақтап-мақтап, Президенттен атақ, ақша, қызмет ал да, былай шыға бере ақталу үшін ал кеп соны жаманда!..

Мұны айтпауға, жазбауға болар еді.
Мына алмағайып заманда әуелі айнаға қарап, ажарымызды анықтап алуымыз керек. Рухы жүдеген елдің алдындағы жауапкершіліктің қандай болмағын ұлт қаймағы, зиялы қауым сезінуге тиіс. Оның жалғыз жолы - онсыз да төрт құбыласы теңеліп жарымаған ұлттың көзін ашу, ұлтты алдарқатудан арылу.

Авторы: Мейірхан Ақдәулетұлы.
«Алтын Орда». 10.03.2000 ж.


...Алаңға қаптап келіп жатқан жастарды көріп, көзіміз бұлдырап, көңіліміз әлем-жәлем болған. «Әй, рух тірі екен ғой! Тірі екенбіз ғой!..» деп еді Жұмабай-дос (Шаштайұлы) түрі бұзылып, ерні дірілдеп тұрып.

...Өзім әлі күнге дейін іштей төбеме көтеріп жүретін бірер үлкендер (зиялылар) сол күні Алаңға шықты. Бірері таяқ та жеді. Қудаланды да.

Бірақ халықтың қаймағы сол күні сыр беріп алды.

Өз ағаңды жамандағанмен, жұрт жақсы ағасын бере ме - мен ағаларыма ренжігем жоқ. Әлі жақсы көрем. Әрі аяймын. Ақтап алғым келеді. Олар, бәлкім, мұны түсінбес Еріктері білсін…

Мен сол жолы жеген таяқ, естіген сөз, көрген қорлық үшін күйінген жоқпын - «көппен көрген - ұлы той», әрі жап-жас жігіттер мен қыздар қыршындарынан қиылып та жатты ғой… Менікі - әншейін. Ең бастысы - сол оқиғаның болғаны, бола білгені еді. Рух тірі еді!..
Күйгенім - біздің «сорлы ағаларымыздың» сорлы қылығы. Мұны айту керек. Өзім қайталамауым үшін. Кейінгілер сорлы бола бермес үшін. «Ұят» дегенді, ең болмаса, өз ұлдарым біліп өсуі үшін.

Бірінші. Совет аудандық ІІБ-ына қарасты абақтыда үш күн тікемізден тік тұрып (камерада отыруға мүмкіндік жоқ), өлдіге жорып отырған үйге қабырғам сынып қайтып оралған күні, теледидардан Мұхтар Шахановтың Мәскеуде өткен поэзия кешін көрсетіп жатты. «Саяси күн жылыған соң», Мұқаң «Герой дня» болды. Мәскеу трибунасынан желтоқсан туралы айту Айға ұшып барумен бірдей.

1987 жылдың ақпанында КазЛКСМ хатшысы Бірғаным Әйтімованың «звоногымен» Фариза апам басқаратын «Пионерден» «өз еркіммен» кеттім. Еңбек стажым үзілмесін деген қауіппен «Жалынға» кіріп, бас редактор Мұхтар Шахановтан «аға, тым құрыса, корректор деп тіркеп қойшы» деп өтінгенімде, Мұхаң «К…рің қышып алаңға неге бардыңдар?» деп «позициясын» ашық айтқан.

«Лениншіл жас», «Пионер», «Білім және еңбек», «Ұлан», «Дружные ребята-лардың» біріккен партия ұйымы ашық жиналыста «жаппай тәртіпсіздікке қатысып, ұсталған» менің мәселем мен «желтоқсан оқиғасына партиялық көзқарас» туралы мәселені қарады. Аупарткомнан бір орыс жігіт пен қазақ қатын келген-ді. Әлгі қатын «қазақ жастарының жауыздығы» туралы ызалы сөйледі. Одан соң «мәселені талқылау» басталды.
Сәл ғана ауыр үнсіздіктен соң Тұманбай Молдағалиев, Мұзафар Әлімбаев, Ақселеу Сейдімбеков, Фариза апам және т.б. бас редакторлар мен беделді кісілер сөз алды.

Тұмағаң - Тұманбай Молдағалиев: «Бұдан асқан оңбағандық жоқ! Біз (қазақ, әрине) масқара болдық, ұлтымыз масқара болды! Мына бұзақылыққа қатысқан оңбағандарды атып тастаса да, артық болмайды!» деп қалшылдағаны сонша, көзілдірігін түсіріп ала жаздады. Мұз-ағаң - Мұзафар Әлімбаев «Бұл - біздің кінәміз. Біз оңбаған ұрпақ тәрбиелеппіз. Жексұрындарды аямау керек!» деді маңырай сөйлеп.

Ақселеу ағам сәл ұстамдылау екен: «Біз бұл тәртіпсіздікті айыптаймыз. Жастар тәрбиесімен қажырлы түрде айналысу керек» деді. Фариза апам да сөйтті. Қалғандар туралы айтпаса да болады: әлгі мықтылардың көлеңкесінде күйбеңдеп, өз басымен ештеме ойлап көрмегендердің қолынан құлша қостау ғана келетіні белгілі.

«Қазақстан пионерінің» редакторы, партия ұйымының хатшысы Уәлихан Қалижановтікі дәл сол кез үшін ерлік болды: аупарткомнан келгендерге менің бастауыш ұйымда талқыланбай партиядан шығарылуым “нарушение устава” екенін айтып, «бұл - өте жақсы, тәртіпті, мәдениетті жігіт, оның үстіне, әріптестеріміздің шындығын осы жерде тыңдауымыз керек» деп отырып алды. Менің көзіммен көріп, құлағыммен естіген сұмдықтарды мынадай сорлы, дәрменсіз ортада маңыратып отыруға дәтім жетпеді, ызаға, жасқа булығып сыртқа шығып кеттім.

Қал-ағаң, Қалтай Мұхамеджанов қана сол тарихи сынақ сәтінде - желтоқсан күндерінде зиялы қауымның «…көті жетпегенін» (қарсылық көрсетпегенімен, жастарға ара түсе алмағанын!) ашық мойындады. Ақылы, ары жеткен болар.

… Сол желтоқсан оқиғасынан екі жыл өткен соң Тбилисиде үлкен наразылық болып, қалың тобыр таптап кеткен үш-төрт адам өлді. Келесі күні Грузия үш күн қатарынан қара жамылып, республика туы түсірілді.


9 - жер бетіндегі біраз халық үшін ерекше сан

Ал түркі елдерінде адамзат тіршілігінің, яғни жаңғыру, жаңадан өркен жаюдың, сонымен қатар зор олжа, үлкен сыйдың символы. Мысалы, үйірімен үш тоғыз - қазақ үшін одан ұлық сый да, сияпат та, сәттілік те жоқ.
Алтайдың 9 шыңы бар деп білген ежелгі түркілер. Шыңғыс хан тоғыз байрақты ақ ту тіккен ордасына (токуз туглук хан). Қазақ хандары да осы туды көтерген.
Қазақ ұғымында 9 жолдың торабы - өмірдің барлық бағыттары түйісетін қасиетті тоғыс болып саналады.
Тоғыз деген - бұл тек қана билік емес, бүтін халық үшін киелі сан деп қабылданады.
Кеше жаңа Қазақ мемлекеті тарихындағы жаңа кезең -Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика Президенті қызметіне кіріскеніне 9 ай толды.
Сонымен бірге кеше Ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Бірінші реформа пакетін іске қосуды жариялады. Мен мұқият тындап, осы құжаттағы 9 негізгі бағытты пайымдадым.
Қазақпыз, ырымшыл елміз, тоғыз саны жаңа саяси процеске ерекше мән береді. Мағынасы да терең, жоспары да көңілге жақсы үміт ұялатады.
Еміре кезі ғой келе жатқан.

Бір Тәңірі қорысын!
(с)
Асқар Құмыран




В 1868 году была образована Акмолинская область в составе Степного генерал-губернаторства с центром в городе Омске. В ее состав входили 5 уездов - Акмолинский, Омский, Петропавловский, Кокшетауский, Сарысуский.

*

В 1991 году была подписана Алма-Атинская декларация, в которой излагались цели и принципы Содружества Независимых Государств. В ней закреплялось положение о том, что взаимодействие участников организации «будет осуществляться на принципе равноправия через координирующие институты, формируемые на паритетной основе и действующие в порядке, определяемом соглашениями между участниками Содружества, которое не является ни государством, ни надгосударственным образованием».

#ЭтотДеньвИстории


90 жыл бұрын (1929 жылы) әнші, КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Ахметқызы ТӨЛЕГЕНОВАдүниеге келді. Семей қаласында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1951-1971 жылдары - Қазақ радиосының, Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі. 1971-1979 жылдары - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі. 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы вокал кафедрасының профессоры. Әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары бар. Өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді. Қазақ опера өнеріне де елеулі үлес қосты.


1991 жылы дәл осы күні «ҚазАқпарат» (ҚазТАГ) әлемге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғанын хабарлады.


24 года назад (1995) в Жамбыле состоялось заседание Межгосударственного совета Казахстана, Кыргызстана и Узбекистана, в котором принимали участие президенты Н.Назарбаев, А.Акаев и И.Каримов. Стороны подтвердили стремление углублять интеграционные процессы между тремя республиками, всемерно содействовать укреплению стабильности и мира в центральноазиатском регионе. По итогам встречи подписано Соглашение между тремя странами об организации и формировании коллективного миротворческого батальона трех стран под эгидой ООН. В этой связи Президенты приняли Обращение к Генеральному секретарю ООН Б.Б.Гали.

@historyqazaq


Танымал тарихшы, т.ғ.д., академик Мәмбет Қойгелді "Барыс" орденімен марапатталды! Құтты болсын!
@historyqazaq


Бүгін елордада Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің ескерткіші ашылыпты. Бәрекелді! Сүйінші сұрайтын-ақ жаңалық. Бірақ бір әттеген-айы бар...

Ілиястың тас бейнесіне де көзілдірік тағып қойыпты. Ілияс өмірінде көзілдірік тақпаған адам. Тек бір суретінде ғана фотографтың сұрауы бойынша көзілдірік тағып түскен. Ол суретін өзі ұнатпаған. Алайда дәл сол суреті қатты насихатталып, Ілиясты бізге көзілдірікті кісі ретінде таныстырып қойды.

Бұл жайлы бірнеше рет жазылды да. Тіпті ұрпақтары да "сол суретті пайдаланбасаңыздар" деп өтініш білдірген еді. Бірақ баяғы жартас - сол жартас... (c) Серікбол Хасан


Америка первой признала независимость Казахстана.
В тот холодный декабрьский день, когда мир буквально распадался на части, Буш и Назарбаев объявили о сотрудничестве. Двадцатипятилетнюю историю дружбы между Казахстаном и Америкой рассказывает генеральный консул США Марк Муди. Читайте и смотрите эксклюзивные фотографии на портале e-history.kz :

http://bit.ly/2gV0dSe



Показано 20 последних публикаций.

117

подписчиков
Статистика канала