Атамекен Бизнес Қазақстан

@inbusinesskz Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Экономика, бизнес және әлеуметтік-маңызды ақпаратты ұсынатын алғашқы қазақстандық бизнес-канал
Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Новости и СМИ
Добавлен в индекс
24.05.2019 19:12
реклама
Эффективная реклама по низкой цене ↓
Реклама с автоматическим размещением и статистикой
SearcheeBot
Ваш гид в мире Telegram-каналов
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
1 204
подписчиков
~378
охват 1 публикации
~1.7k
дневной охват
~5
постов / день
31.4%
ERR %
3.1
индекс цитирования
Репосты и упоминания канала
39 упоминаний канала
0 упоминаний публикаций
35 репостов
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
Atameken Business
YEDILOV ONLINE
@ZamirBolysbek
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
[noname]stan
Atameken Business
@ZamirBolysbek
@ZamirBolysbek
Atameken Business
@ZamirBolysbek
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Atameken Business
Каналы, которые цитирует @inbusinesskz
Упоминаний и репостов не обнаружено
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар үшін жаза қатал болады

Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.

«Балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар үшін жаза тіптен қатал болмақ. Бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр», – деді ол.

Сонымен қатар, педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін, тек қана бұрмалап және жасырып қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік көзделген.

@inbusinesskz
👍 3
👎
Читать полностью
Air Astana әлемде аса қауіпті саналатын Boeing 737 MAX 8 ұшақтарын сатып алмақшы

Компания Дубайда өткен авиасалон кезінде аталмыш маркілі 30 лайнерге тапсырыс берген. Олардың жалпы құны 3 млрд 600 млн доллар болады. Алайда жаңа әуе кемелері Air Astana-ның емес, оған еншіліс компания Fly Arystan-ның рейстерін орындайтын болады.

Еске салайық, ағымдағы жылдың наурызынан бастап Boeing 737 MAX ұшақтарының ұшуына әлем бойынша тыйым салынды. Өйткені осы типтегі екі бірдей лайнер апатқа ұшыраған еді. Бірі Индонезияда, екіншісі Эфиопияда. Салдарынан 346 адам мерт болды. Араға 3 ай салып ұшақты құрастырған компания басшылығы Boeing 737 MAX жолаушылар ұшағының қауіпсіздік сигналы жүйесінің жұмыс істемегенін мойындады. Бұл кемшіліктер бүгінде түзетілуде.

@inbusinesskz
👍 1
👎 12
Читать полностью
Қостанай облысында әлеуметтік нан бағасын өсірмеу үшін жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінеді

Соның арқасында өңірде нан бағасы 85 теңгеден қымбаттамайды, - деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов аудан басшылары да белгіленген межеден бағаны асырмауы керек деп қатаң ескертті. Еске салайық, биыл жазда өңірдегі қолайсыз ауа райына байланысты егін аз шығып, біраз қиындықтар туғызған.

@inbusinesskz
👍 7
👎 1
Читать полностью
Игерусіз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің салығы 20 есе ұлғайтылмақ

Тиісті заң жобасы әзірленіп, қазір талқылану үстінде. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, бүгінде облыстық маслихат іске жаратылмай жатқан учаскелерге салықты 10 есе өсіруге құқылы. Салық ұлғайғаннан кейін жерді негізсіз иеленгендер оны мемлекет меншігіне қайтарады, - дейді министр.

@inbusinesskz
👍 1
👎 3
Азия даму банкі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесе отырып, Қазақстанда әйелдер ипотекасын енгізуі мүмкін

Болжам бойынша, оның шеңберінде әйел адамдарға жеңілдетілген несиелер ұсынылады. Осы орайда шетелдік банк 38 млрд теңге бөлмек. Келісім бойынша жаңа салынып жатқан үйлер мен қатар қайталама нарықтағы баспана да қарастырылады.

Несие 30 млн теңгеге дейін беріледі. Егер жалақы 200 мыңнан төмен болса алғашқы жарна ретінде жалпы соманың 15 пайызын құю керек. Ал 200 мыңнан жоғары болған жағдайда 20 пайыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілер жаңа жоба ауылды жерлерде тұратын қыз-келіншектердің 60 пайызын қамтиды деген пікірде.

@inbusinesskz
👍 7
👎 1
Читать полностью
Қызмет құны - 200 мың теңге

Таразда көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау үшін пара алған мемлекеттік қызметкер ұсталды. Әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы оңай жолмен тапқан олжасын көлігіне жасырыпты. Енді оған қатысты түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

@inbusinesskz
😱 4
😠 8
Елордада 33 тұрғын үйдің сусыз қалуына климаттық жағдай себеп болды

Апатты жағдайға байланысты тексеру жүргізген мамандар осындай тоқтамға келген. Олардың пайымынша, ауа темпаратурасы өзгергенде топырақ қозғала бастайды. Соның салдарынан су құбырының дәнекерленген жері сөгілген.

Осыған байланысты Жағалау мөлтек ауданы тұтас сусыз қалды. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша, тұрғындарға ауыз су арнайы көлікпен жеткізілді. Екі күнде 70 мың тонна су тасымалданған.

@inbusinesskz
👍 1
👎 10
Читать полностью
Қазақстанға шетелден арзанқол жұмысшылардың кіруіне тыйым салынбақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Еңбек кодексіне келер жылы осындай өзгерту енгізілу мүмкін екенін айтады. Оған сәйкес, 4-ші категориядағы жұмысшыларды өзіміздің еңбеккерлермен алмастыру шарты ұсынылмақ. Қазір талқылау шарасы жүріп жатыр.

Сондай-ақ, министр Бас прокуратурамен бірлесіп, шетелдік компаниялар қызметін тексерудің алғашқы кезеңі аяқталғанын жеткізді. 64 кәсіпорынға ревизия жүргізіліп, 400 заң бұзу фактісі анықталған. Жыл соңына дейін тексерудің екінші кезеңі аяқталуы тиіс. Бүгінде Қазақстанда 4 категория бойынша 21 мың шетелдік азамат жұмыс істейді. Оның басым бөлігі, әрине, қытайлықтар.

@inbusinesskz
👍 11
👎
Читать полностью
Қазақстандық спортшы Ерсін Балтагүл Жапонияда жастар арасында сумодан өткен чемпионаттың жеңімпазы атанды

Қуанышты хабармен қоғам қайраткері Арман Шораев бөлісті. Қазақстандық сумошы 22 жаста. Оны бірнеше жыл бұрын сумодан атақты моңғол жаттықтырушысы Асошури Акинори шәкірт қылып алған.

Ол осы спорт түріне физикалық жағынан сәйкес келгендіктен, оны Токиоға оқуға жіберу туралы шешім қабылданған. Осылайша Ерсін Балтагүл Жапонияға 2016 жылы 18 жасында көшіп барған.

@inbusinesskz
👏 6
💪 5
Читать полностью
Енді азық-түлік бағасын назардан тыс қалдырған әкімдер жазаланады

Үкімет осындай қатаң шара қолданбақ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Премьер-министрге мұндай аймақ басшыларына сөгіс жариялау да артық болмайды деп ұсыныс жасады. Әсіресе, бұл әлеуметтік санаттағы тауарлар құнын асырып, тұрақтандыру қорын қадағаламай отырғандарға қатысты болмақ.

Мәселен, министрлік дерегінше, қарақұмықтың бағасы рекорд орнатқан. Бағасы жыл басынан бері 63%-ға қымбаттапты. Асқар Мамин министрдің ұсынысын «құп» деді. Әрі алдағы бір апта ішінде аймақтарға барлау жасауға тапсырма берді. Соның нәтижесіне сәйкес, әкімдер мен олардың орынбасарлары жазалана басталмақ.

@inbusinesskz
👍 6
👎 3
Читать полностью
Еліміздің геологтары Қазақстанның оңтүстік аудандарының бірінде мұнай пайда болғанын анықтады

«Оңтүстік өңірде мұнайдың пайда болуы байқалды. Бұл Қазақстанның оңтүстігінде барлау жүргізу керек дегенді білдіреді. Барлау кезінде мұнай пленкасы табылды. Бұл – қазір бұрғылау және іздеу жұмыстарын жүргізу керек дегенді білдіреді», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Мұнай Түркістан облысындағы Қаратау учаскесінде байқалған.

@inbusinesskz
👍 9
👎 2
Читать полностью
Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын бекітті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, «Бақытты отбасы» бағдарламасы көпбалалы аналарды, толық емес және мүгедек баласы бар отбасыларды сондай-ақ екі айлық есептік көрсеткішке, яғни 59,4 мың теңгеге күн көріп отырған азаматтарды қамтиды.

«Тұрғын үй кезегінде тұрған, 92 мың теңге табыс табатын азаматтар әкімдіктердің «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. Бұл санатқа әскери қызметкерлер, бюджет қызметкерлері және мемлекеттік қызметкерлер жатады», – деді министр.

@inbusinesskz
👍 5
👎 4
Читать полностью
Елордада мұздай қаруланып, «Астана біздікі» деп видео жариялаған жігіт ұсталды

Ол бұрын сотты болған 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Еске салайық, 14-қараша күні әлеуметтік желіге жас жігіттің қару ұстап, былапыт сөздер айтқан сәті тараған болатын. Полиция қызметкерлері видеоны зерттеп, ол шамамен бір ай бұрын түсірілгенін анықтады.

Сондай-ақ, жедел іздестіру барысында видеодағы жігіт пен оны телефонға түсірген адам және көлік жүргізушісінің мекен-жайы анықталып, арнайы жасақ оларды дереу тұтқындады. Оларға қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз.

@inbusinesskz
😱 5
🤦‍♂️ 11
Читать полностью
2019 жылдың үш тоқсанында (қаңтардан қыркүйек айына дейін) Қазақстаннан 34,2 мың адам көшіп кетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артық. 

Сонымен қатар, Қазақстанға осы уақытта тек 8 мың адам келген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,4 пайызға аз. 

2019 жылдың тоғыз айында 30,4 мың адам Ресейге көшкен. Ал ол жерден келгендер саны - 2,2 мың адам.

Қазақстандықтар таңдаған екінші ел - Германия: онда 2,1 мың адам кетті. Үшінші орында - Беларусь (297 адам). Сондай-ақ, бестікке Өзбекстан мен АҚШ кірді, онда тиісінше 220 және 190 адам көшкен.

Қазақстандықтар сонымен қатар, Қырғызстанға, Израиль, Қытай, Түркия және Канадаға жиі барады. Ал Қазақстанға Өзбекстан (2,9 мың адам), Ресей (2,2 мың адам) және Қытай (686 адам) тұрғындары келеді.

@inbusinesskz
🛫 5
🛬 7
Читать полностью
Елордада қыста автокөлікті тоқпен жылытатын инновациялық құрылғы орнатылды

Қала әкімдігі төмен көміртекті қалаларды дамыту бастамасы аясында автомобиль қозғалтқышын электрмен жылыту пилоттық жобасын іске қосты.

Инновациялық технология еліміз бойынша алғаш рет елордада қолданысқа енгізілді. Алдағы уақытта басқа қалаларда да іске қосылуы мүмкін.

@inbusinesskz
👍 9
👎
Алматы облысында бюджеттен бөлінген 6 млрд теңгені әлі күнге игере алмаған шенеуніктерге аймақ басшысы сөгіс жариялады

Қазына қаржысын жоспарлы жұмсай алмай отырған аймақтар көшін Қапшағай, Талдықорған, Талғар қалалары мен Алакөл ауданы бастап тұр. Осы тұста құрылыс қарқынын баяулатып, инвестиция тарту ісінде салғырттық танытқан жауаптыларды облыс әкімі сынға алды.

Мәселен, Қапшағай қаласы бойынша 741 млн теңге қаржы игерілмеген. Оның 518 млн теңгесі - республикалық бюджеттен бөлінген қаражат. Миллиондар есебінен 50 пәтерлі екі тұрғын үй, ауыз сумен қамту жұмыстары жасалуы тиіс болған. Алайда, қомақты қаржы бөлінгенінмен, шаруа шатқаяқтап тұр.

@inbusinesskz
👍 7
👎 9
Читать полностью
Еліміздегі жалғыз тері-былғары зауыты өз жұмысын тоқтатуы мүмкін

Семейдегі 130 жылдық тарихы бар комбинатты облыстық сот банкрот деп жариялады. Алайда, бұл шешіммен келіспеген өндіріс ошағының басшылығы мен жұмыскерлері жергілікті шенеуніктерді айыптап отыр. Сөздерінше, аймақта зауытқа көз алартып отырғандар аз емес.

@inbusinesskz
👍 3
👎 19
Дүниежүзілік банк 20 мың шаруаға қаржылай көмек көрсетпек

Бұл жайында Ауыл Шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева мәлімдеді. Оның сөзінше, ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа бағдарлама іске қосылады. Ол келер жылдан бастап жүзеге аспақ. Бағдарлама аясында 100 мың фермер оқытылып, 500 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

Дүниежүзілік банк өкілдері былтырдан бері елдегі фермерлерге несие беруге дайын екенін айтып келеді. Осы орайда шетелдік банктен 500 млн доллар қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, қой мен сиыр етінің экспортын 1 млн тоннаға жеткізу жоспарда бар. Әзірге 32 мың тонна ет сыртқа тасымалданады екен.

@inbusinesskz
👍 13
👎
Читать полностью
Азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген басшылар қызметінен кетеді

Ақмола облысына барған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген еді. Оған әлеуметтік маңызға ие тауарлар бағасының инфляцияны басып озғаны себеп. Бірқатар азық-түліктің құны тіпті 2 есеге өскен. Атап айтқанда, өзіміз егіп, жинап шығаратын бидай мен ұнды тұрақтандыру мүмкін болмай тұр.

Мемлекет басшысының сөзінше, Көкшетауда ұнның бағасы максималды көрсеткішке жетіп, 47 пайызға қымбаттаған. Мәселені шешуде тұрақтандыру қоры да қауқарсыз көрінеді. Президент бағаны бетімен жіберген үкімет пен жергілікті жердегі шенеуніктердің жұмысын қатаң сынға алып, азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген басшылар енді қызметінен кететінін айтты.

@inbusinesskz
👍 22
👎
Читать полностью
Үкімет мүшелеріне Парламентке әкелетін заң жобаларын қазақ тілінде жазуға міндеттеу керек

Тек сонда ғана қазақ тілі аударма тілі емес, бір елдің толыққанды мемлекеттік тіліне айналады. Бүгін Әділет министрлігінде бас қосқан Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері осындай бастама көтерді.

Жалпы тәуелсіздіктің 28 жылында небәрі екі заң ғана қазақ тілінде дайындалған. Оның бірі – Көші-қон туралы заң болса, екіншісі – Бала құқықтары жөніндегі заң. Бірі Әкім Ысқақтың күш салуымен әзірленсе, екіншісі Фариза Оңғарсынова бастамасымен қолға алынған.

Қолдайсыз ба?

@inbusinesskz
➕ 44
Читать полностью