Islamic Economics.Kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Экономика


Бұл каналда экономика, сауда, инвестиция, сақтандыру және т.б. қаржылық мәселелер ислам дінінің шеңберінде талқыланады
Жеке сұрақтар және ұсыныстар бойынша: @IslamicEconomicsKzJor

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Экономика
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
https://www.instagram.com/reel/DECi2_iOjyo/?igsh=MWV1cXgzaHBvY2cwNw==


Ізгі кісілерден: "Тыныштық маңызды ма әлде денсаулық маңызды ма?" деп сұраған екен. Ол кісі: "Тыныштық маңызды" деп жауап беріпті. Оны дәлелдеу үшін бір ай рұқсат сұрапты. Сонда екі қойды әкеліп біреуінің аяғын сындырып бір қораға, екінші сау қойды қасына қасқыр байлап екінші қораға кіргізіпті. Сонда аяғы сынған қой жазылып, семіріпті. Ал екінші сау қой қасқыр жеп қоя ма деген уайыммен жүдеп, өліпті.

Сол себепті Тәуелсіз екенімізге, тыныштықта өмір сүріп жатқанымызға Аллаға шүкір етейік


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
https://www.instagram.com/reel/DDj7TG_oAIH/?igsh=MWJqMXI2MHBjMG9leA==


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Гив ойнату

Гив (giveaway) ағылшын тілінен аударғанда «беру», «тарату» деген мағынаны білдіреді. Бұл инстаграм әлеуметтік желісінде тіркелушілер санын көбейту мақсатында өткізілетін ұтыс ойыны. Негізгі шарты инстаграмдағы бірнеше парақшаға тіркелу, сондай-ақ «хабарламаларды қара», «репост жаса», «пікір қалдыр» деген сияқты басқа да талаптар болады.

Гив ойындарын ұйымдастыру әрі оған қатысудың шариғаттағы үкіміне келсек, оны төмендегі екі жолмен қарастыруға болады:

1️⃣ Ойынға қатысу үшін тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса немесе бір өнімді (кітап, т.б.) сатып алуды шарт қойса, ол құмар болып саналады. Ал шариғатта құмар ойындарына тыйым салынған.

2️⃣ Егер парақшаға тіркелушілерден ешқандай кіру жарнасы алынбаса әрі ұтыс демеушілер тарапынан қойылса, онда рұқсат етіледі. Бірақ төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

- Репост жасау керек болған парақшада шариғатта тыйым салынған нәрселер (сурет/видео/ мәтін) болмау;

- Ұтыс сыйлығы харам зат болмау;

- Демеушілердің беретін қаражаты мен ұйымдастырушының алатын ақысы анық әрі нақты болу; Ұйымдастырушы тарап қанша адам жазылатынын нақты әрі ашық айту;

- Уәде етілген тіркелушілер санын жинап бере алмаса, жиналған адамның санына қарай қаражатты демеушілерге қайтарып беруі керек. Себебі келісімшарт нысаны дау тудырмайтындай анық әрі нақты болуы тиіс. Қайшы жағдайда келісім-шарт дұрыс болмайды;

- Конкурс өткізуде алдап-арбау, алаяқтық сынды әрекеттер және тіркелушілерге қиянат жасалмауы тиіс.

🟢 Үкім:

1️⃣ Гив ойынында парақшаға тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса немесе бір затты сатып алу шарты қойылса, ондай конкурсқа қатысуға тыйым салынады. Одан тапқан табыс шариғат бойынша харам болады.

2️⃣ Тіркелушілерден кіру жарнасы алынбаса және ұтыс демеушілер тарапынан қойылса, шариғат бекіткен шарттар толықтай орындалса, ол ойынға рұқсат етіледі.

🔴 Ескерту:

Қазіргі таңда көптеген ұтыс ойындарында шариғат бекіткен шарттар толық орындалмайтынын ескерген жөн. Сондықтан мұндай ойындардан сақ болу керек.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі
#гив #пәтуа
http://muftyat.kz
https://t.me/islamiceconomicskz


Жетімдердің мал-мүлкі
«Кәмелетке жетіп, ержеткенше еселеп көбейту мақсатында болмаса, жетімдердің мал-мүліктеріне жоламаңдар.» (Әл-Анғам сүресі: 152-аят)
«Ақиқатын айтсақ, жетімдердің мал-мүліктерін зұлымдықпен жегендер қарындарын отқа толтырғанмен тең. Түбінде олар жалындаған Тозақ отына кіреді.» (Ән-Ниса сүресі: 10-аят)
Осы аяттар түскен кезде, кімде жетім болса, оның тағамын өзінің тағамынан, оның суын өзінің суынан, оған қатысы бар нәрселерді өзінің заттарынан бөлек ұстап отырды. Бұлай жасау оларға ауыр келді. Осыны Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтқанда, Алла Тағала мына аятты түсірді: «Олар сенен жетімдер жайлы сұрайды, (уа, Мұхаммед!) «Оларға қайырымдылық жасау — (Құдай сүйер) қайырлы іс» деп айт. Егерде оларды өз қамқорлықтарыңа алсаңдар, сендерге бауыр секілді болады. Алла арамдық жасаушы мен ізгілік жасаушыны біледі. Егерде Алла қаласа, бастарыңа тауқымет түсіре салады. Алла Құдіретті әрі Дана.» (Бақара сүресі: 220-аят)
Осыдан кейін адамдар өздерінің тағамдарын олардың тағамдарымен, суларын олардың суларымен араластырып қолдана бастады.
(Құран Кәрімнің экономикалық тәпсірі кітабынан)


Халифа (орынбасар)

(Уа, Мұхаммед!) Раббың періштелерге: «Жер бетіне халифа болатын (құлымды) жаратамын», – дегенде, олар: «Жер жүзінде бұзықтық жасап, қан төгетіндерді жаратасың ба? Біз сені мақтап, тасбих айтып (нұқсаннан пәк деп зікір етіп) ұлықтаймыз», – деген еді. (Ұлы Жаратушы оларға): «Ақиқатында, Мен сендер білмейтінді білемін», – деді. (Бақара сүресі: 30 аят)

Халифа дегеніміз – істі атқаруда басқаның орнын уақытша басу. Адам (а.с.)-ның орынбасуы ақиқатпен, адалдықпен үкім жүргізуі мен жерді игеруі еді. (Құран Кәрімнің экономикалық тәпсірі кітабынан)

Адам баласы бұл дүниеге уақытша келгенін және барлық нәрсе Алланікі екенін жақсы білуі керек. Сол Алланың мүліктерінде өзі бұйырғандай істерді жасап, тыйғандарынан тыйылуымыз керек. Жасаған әрбір ісіміздің қияметте сұрауы бар.


Бірге оқыған бауырымыздың әкесі ауыр дертке шалдығыпты. Қолдан келгенше көмектесейік. Берген көмектеріңізді Алла еселеп қайтарады


Адам бол, мал тап!

Абай хакімнің «Адам бол, мал тап!» деген сөзінің мәні тереңде. Адамдық қасиетке ие болмай тұрып, байлыққа иелік ету соншалық опа бермейді. Өйткені адам баласы өзінің жаратылыстағы миссиясын терең түсінбесе, ол іштегі эгосын уақытша қанағаттандыру үшін өмір сүреді. Яғни нәпсі қалауын тояттандыруға тырысады.

Дәулет жинап, бай болу - аса терең мәнге ие құбылыс. Мысалы адам баласына пайдалы кәсіп ашып, халықты жұмыспен қамтып, олардың отбасын асырауларына жағдай жасаймын, жастарды оқу тоқуға ынталандырамын һәм жан-жақты жетілуіне жағдай туғызып, жақсы азамат болып қалыптасуына көмектесемін деген секілді. Яғни Алла тағала адамға байлықты жеке басы баю үшін емес, жер бетін көркейтсін, жақсылық пен қайырымдылық жасасын деп береді. Егер осы үкімді орындасаңыз, Абай атамыз айтқандай, «Алланың сүйікті құлы боласыз». Осы ұлы мақсат жолында жұмсаған дүниен күш-қайратың, сарп еткен уақытың бәрі сауапты іске айналып шыға келеді. Осындағы ұлы мақсат, биік мұратты толық түсінген жағдай да байлықтың мәні ашылады. Олай болмағанда, тек нәпсі тояттан дыру үшін ғана ат оздырған, дүние жиған пасық байдың бірі боласыз. Әйтеке бидің:

«Батыр боп жауға найзаң тимесе, Батырлықтан не пайда?
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе, Байлығыңнан не пайда?» - дегені де осы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы малды жан мен ар үшін жию керектігін алға тартады:

«Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи».

Демек, байлыққа қол жеткізу адамның мына дүниедегі негізгі миссиясы бола алмайды. Байлық бар болғаны ұлы мақсат, биік мұратқа жетудің құралы ғана.

"Кемел Адам" кітабы

#адамбол #малтап
https://t.me/islamiceconomicskz


Репост из: TAǴYLYM TAMSHYLARY
Бауырлар!

Шариғи ілім алып жатқан бауырымыздың баласы қатты науқастанып аруханада түсіп қалыпты. Шет елде жәй ыстығың шығып ауруханаға түсудің өзі қып қызыл шығын. Қазіргі хәлі мүшкіл, сол мақсатта елге отбасымен қайту керек болып жатыр екен. Еміне болмаса да билетіне көмек беріп жіберейік. 3 адамға Стамбулдан қайту 380 000 ға шығып тұр. Бала ауруханада кемі 1 апта болады. Оған дейін билетінің қаражатына қол ұшын беріп жіберсек. Ақпарат нақтыланған, өзім жақсы танитын жігіт. Сбор толық қаражат жиналғанша жалғасады. Жұмыла қол ұшын берейік✊

Каспи: 777 0549494

Жоқ дегенде репост


ЖАЛҒА АЛЫНҒАН МҮЛІКТІ КЛИЕНТКЕ САТУ

🌐 Қазіргі заманғы экономикалық қарым-қатынаста жалға алынған мүлік мерзім соңында жалға алушының меншігіне (номиналды суммада немесе тегін) өтетіндігі туралы келісім бар. Бұл дінімізде тыйым салынған, себебі баршамыз білетіндей дініміздегі ең басты тыйымдардың бірі - шарт ішіне шарт қоюға болмайды. Ал бұл жерде «егер клиент төлемді уақытылы жасаса, мерзім соңында мүлік клиентке өтеді» деген шарт бар. Яғни бір шарт екінші шартқа байланып тұр. Бұның тыйым салынуындағы себебі - ешкім болашақта бірінші шарттың толық орындалатынын болжай алмайды, сондықтан адамдарға әділетсіз болмас үшін Жаратушымыз бұндай келісімге тыйым салған.

🔗 Алайда кейбір заманауи ғалымдарымыз бұған альтернативті шешім ұсынады. Мүлікті сатуды екіжақты міндетті пункт қылудың орнына, тараптардың бірі біржақты ауызша немесе жазбаша уәде береді алады. Мысалы жалға беруші мүліктің иесі болғандықтан, мерзім біткен кезде өз мүлкімен не жасайтындығын өзі біледі. Яғни ол оны сатады ма, аренданы создырады ма немесе мүлдем басқа адамға жалға береді ме, оны өзі шешеді. Сондықтан алғашқы аренда келісіміне қатысы жоқ, бөлек біржақты уәде бере алады.

📌 Қорыта айтқанда, келесі 2 талапты орындай отырып, бұндай келісім жасауға болады:

1️⃣ Бастапқы аренда келісіміне қатысты емес, бөлек келісім жасау.
2️⃣ Уәде біржақты (сатушы немесе клиент) тарапынан болуы.

#жалғаалу #мүліктісату
https://t.me/islamiceconomicskz


ИДЖАРА. АРЕНДА ҚҰНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

🌐 Жалға беруші тарапқа ұзақ мерзімде жалға бергенде бекітілген құн қою тиімсіз. Сондықтан бұл сату емес, узуфрукт (қолдану құқығы) болғандықтан, мүлік иесіне әртүрлі мерзімге әртүрлі баға қоюына болады. Бұның 2 жолы бар:

1️⃣ Аренда құны белгілі пропорцияға сай өсуіне келісе алады. Мысалы, әр жыл сайын +10% деген сияқты.

2️⃣ Аренда мерзімін қысқа уақытқа жасап, мерзім біткен соң жаңа шарттармен қайта жаңарту. Бірақ екі тарап та өз еркімен создыруы керек және екеуінің де мерзім біткенде создырмауға құқығы болады.

⚡️ Екі нұсқа да Шариғат тұрғысынан құпталған. Алайда кейбір заманауи ғалымдар ұзақ мерзімді келісімде белгілі бір өлшем құралын пайдалануды ұсынған. Мысалы, "жалға беру құны өседі - егер мемлекет салық мөлшерін көтерсе" немесе "жалға беру құны жылдық орташа инфляция мөлшеріне сай өседі". Бұндай шарттар жарамды болып саналады.

🛍 Бірақ кейбір қаржылық институттар бұны теріс пиғылда пайдаланып, қарапайым банктегі пайыздық жүйеге ұқсатады. Алайда иджара келісімін бұндай үлкен күнәға ұқсатуға болмайды. Дегенмен бұл келісімді жарамыз етпейді. Бірақ мысалы жалға беруші шығынды жалға алушыға міндеттеп қоятын талап қойса, онда бұл кезде келісім жарамсыз болып саналады.

🛍 Сонымен қатар, кейбір ғалымдар түсініспеушілік (ғарар) туындамас үшін пайыздық мөлшерлеме емес, нақты бекітілген сумманы белгілеу керектігін ұсынады. Яғни "инфляция мөлшеріне сай" десе, инфляция келесі жылы қанша болатынын қазір ешкім айта алмайды. Сондықтан нақты белгілі, суммасы көрсетілген құн қою барлық тарапқа да түсінікті болады.

#иджара #құнөзгеру
https://t.me/islamiceconomicskz


Репост из: ISLAMIC FINANCE - қазақша
Бұл сапардағы мақсаттардың бірі — Islamic Economics.kz админі, Мұхаммеджан ағамен танысу болатын. Ол кісі Иорданияда «Ислами экономика» бағыты бойынша магистратура оқуда. Алла қаласа, алдағы уақытта бірлесіп жобалар жасауға келістік.

P.S. қазір үйге қайтып бара жатырмын. Жолда болған себепті кеше-бүгін пост сала алмадым


ИДЖАРА. ЖАУАПКЕРШІЛІК

🌐 Жалға беруші мүліктің иесі болғандықтан барлық шығынды өзі мойнына алады. Тіпті егер сатушы клиентті өзінің өкілі ретінде тағайындаса да, ол мүліктің иесі болып қала береді, сондықтан клиентке ешқандай жауапкершілік артылмайды.

⚠️ Жалға алушы тікелей оның кесірінен болған шығынға жауапты.
Мысалы: көлік немесе ғимаратты немесе қандай да бір оборудование (құрылғы) жалға алса, және клиенттің салғырттығынан ақау келсе, онда ремонт сияқты шығынды клиент көтереді.
Ал егер клиентке қатысы жоқ фактор болса, онда жалға берушінің шығыны болып есептеледі.
Мысалы жер сілкінісінен ғимарат бұзылып қалды, парковкада тұрған жерде көлікті басқа көлік соғып кетті, ескі құрылғының бір бөлшегі (запчасть) істен шықты және т.с.с.

#иджара #жауапкершілік
https://t.me/islamiceconomicskz


МУРАБАХА ЖӘНЕ ИДЖАРА

🌐 Мурабахада клиент сатушының өкілі (представитель) ретінде тағайындалып, поставщиктен затты сатып алады. Сосын алғашында ауызша келіскен келісімді қағаз жүзінде ресми рәсімдеп, клиентке қосымша құн қосу арқылы бөліп төлеуге сатылады.

🖥 Иджарада процесс мурабахаға ұқсас, бірақ біршама жеңіл. Клиент сатушының өкілі болып, поставщиктен затты өз иелігіне алғаннан кейін - жалға алушы және жалға беруші рөлі автоматты түрде басталады.

⚠️ Бұл жердегі 2 айырмашылық:
1️⃣ Мурабахада - сату бір реттік, яғни бастапқыда орнатылған бағаны екінші рет орнатуға болмайды. Ал иджара жалға алу/беру келісімі болғандықтан, екіжақты келісім арқылы бағаны өзгертуге болады.

2️⃣ Мурабаханың процесі ұзақ болу себебі - риск, зат клиентке сатылғанға дейін сатушының мойнында болады, ал сатқаннан кейін клиенттің мойнында. Ал иджарада мүлікке қатысты барлық риск - сатушының мойнында, себебі мүлікке иелік құқығы сатушыда.

#мурабаха #иджара
https://t.me/islamiceconomicskz


ИДЖАРА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МОДЕЛІ РЕТІНДЕ

🌐 Мурабаха секілді иджара негізгі қаржыландыру моделі болып саналмайды. Тек Ислам экономикасының институттары бастапқы кезеңде белең алып жатқаныдықтан, белгілі бір ережелерді сақтай отыра, иджараны клиентті қаржыландыру үшін қолдануға болады.

⚠️ Иджара негізі (суть) қарапайым лизингке ұқсас болғанымен, лизингте риба элементтері кездеседі. Сондықтан иджараны лизингпен шатастырып, оны риба элементтерімен араластыруға болмайды.

🛍 Келесі бөлімдерде иджара мен лизингтің негізгі айырмашылықтарына жеке тоқталып өтеміз.

ИДЖАРАНЫҢ (АРЕНДА) БАСТАЛУЫ

🌐 Алып-сату келісімшартына қарағанда, иджарада форвардтық келісімшарт жасауға болады. Яғни дәл қазір келісімшарт жасасып, болашақтағы датаға ақы белгілеу.
Мысалы саудада 1 айдан кейін белгілі бір затты сатып алуға келісімшарт жасап, бағасын қазір белгілесе және 1 айдан кейін келісімшартқа сүйеніп, келіскен бағада төлесе - риба болып саналады. Ал жалға беруде бұндай келісім (форвард) жасауға болады, себебі мүлікке иелік әлі де жалға беруші тарапта қалады.

🛍 Лизингте жалға беру келісімі актив (зат) сатып алған кезде, клиенттің қолдануына өтпей тұрып басталады. Бұл нағыз риба. Исламда жалға беру келісімі тек клиенттің қолдану иелігіне өткенде ғана басталады. Егер жеткізуші (поставщик) мүлікті жеткізуді кешіктірсе, жалға алушы ешқандай да төлем жасамайды және жауапкершілік алмайды.

#иджара #қаржыландыру
https://t.me/islamiceconomicskz


Аллаһым Олжас Ханафин бауырымызды рахымына алсын. Аллаһым оның барлық күнәларын кешіріп, Өзінің фирдаус жәннатін нәсіп етсін.

Алладан келдік, Аллаға қайтамыз.


🟢 Ислам діні бай болуға тыйым салады ма?

Ислам діні адамзат баласының жақсы тіршілік еткенін және ондағы аспан мен жердің шексіз нығметтерінен пайдаланғанын қалайды. Адамның бақытты өмір сүруінде материалдық заттарды негізгі тірек санады.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш нәрсе – адамның бақыты:
1️⃣ Оған қарағаныңда саған ұнайтын, бір жаққа кеткенде өзін және сенің дүниеңді сақтайтын әйел;
2️⃣ Жылдам әрі саған бағынатын, жолда сапарластарыңды тез қуып жетуге мүмкіндік беретін мініс көлігі;
3️⃣ Жайлы кең баспана. (Ал Хаким риуаят еткен)


Осы хадис отбасылық өмірдің, көліктің, баспананың адамзаттың бақытты не бақытсыз болуына әсерін көрсеткендей. Өмір де оны растайды.

Ислам адамзаттың бақытты өмір сүруін қалап, кедейлік өмірді құп көрмейді. Кедейлікті құптамайтыны соншалық қоғамда орын алатын дұрыс үлестірмеу, бір бірін күңдеу секілді зұлымдық істерден қайтар
ады.

♦️Ислами жүйе мен материалды жүйенің айырмашылығы, материалды жүйе оның пайдасы осы дүниеден аспай қарын мен әуреттің қажетін өтеумен шектеледі. Ал, Ислами жүйе байлық пен жақсы өмір сүрудің артында адамзаттың нәпақа іздеу уайымынан арылып жан дүниесімен Раббысына бет бұрғанын мақсат тұтады. Солайша мұсылман кісі материалды да рухани да бай болады.

Оған тағы бір мысал. Бай кісі төрт түлік малдың зекетін берерде ұрғашы малды беруі. Себебі, кедей ұрғашы мал арқылы мал санын көбейтіп, сүтін пайдалана алады. Және қолынан егіншілік келетін кедейге зекет егінге қажетті заттарды әперу арқылы, зекет өтеледі. Солайша Асыл Дініміз кедей адамның байға айналып, зекетін беретін жағдайға жеткенін қалайды.

#зекет #байлық
https://t.me/islamiceconomicskz


ИДЖАРА. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
(2/2 бөлім)

6️⃣ Бірнеше адамның иелігінде болған мүлікті жалға беруге болады. Одан түскен пайда иелерінің үлестеріне сай бөлінеді. Мысалы бір ғимаратты (зданиені) жалға беру.

7️⃣ Бірнеше ұқсас мүлікті жалға бергенде, келісімшартта нақты қай мүлік жалға берілетінін белгілеу керек. Мысалы бір адамның 2 дүкені бар, клиентке соның қайсысын жалға беретінін нақты келісуі керек.

8️⃣ Жалға алу ақысы келісім жасалатын кезде белгіленуі керек. Әр мерзімге әртүрлі ақы қоюға болады. Бірақ бұл бастапқы шартта көрсетіліп, келісім аяқталғанға дейін өзгере алмайды.
Мысал: Хамза Омарға 5 жылға үйді жалға береді. Екеуі ай сайынғы төлем 150.000 теңге деп және 1 жыл өткен сайын ақы 10%ға өседі деп келісті. Бұл келісім жарамды.
Мысал: егер жоғарыдағыдай келісім жасалса, және ақы тек 1ші жылға 150.000 теңге деп, алайда қалған 4 жылға әлі келісілмеген болса, бұл келісім жарамсыз.

9️⃣ Жалға беруші тарап төленетін ақыны біржақты көтеруіне болмайды.

🔟 Жалға берілетін мүлікке төлем жалға алушы қолданып бастағанға дейін алына алады, бірақ жалға беруші тарап бұл ақыны қолдануы тек келісілген мерзім өткен кезде қолдана алады.
Мысалы, Хамза Омарға қойма жалға береді. Омар қоймаға бармай тұрып 1 ай алдыға төлем жасай алады. Алайда Хамза бұл ақшаны 1 айдан кейін ғана өз қажетіне жұмсай алады, мерзім өткенге дейін бұл ақшаны жұмсауға болмайды.

1️⃣1️⃣ Жалға беру мерзімі мүлік жалға ашуға өткен кезден басталады, және жалға алушы оны қолданып бастаған немесе бастағаны маңызды емес.

1️⃣2️⃣ Егер жалға берілген мүлік толықтай істен шықса (бұзылса), онда иджара келісімі өз күшін жояды. Егер бұл ақау тікелей жалға алушының кесірінен болса, онда ол барлық шығынды көтереді, ал жалпы мүлікке қатысты толықтай жалға берушінің (яғни мүлік иесінің) мойнында.

#иджара #ережелер
https://t.me/islamiceconomicskz


ИДЖАРАДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
(1/2 бөлім)

1️⃣ Аренда - бір тараптың екінші тарапқа белгілі бір заттың узуфруктың (узуфрукт - қолдану құқығы) беру келісімі.

2️⃣ Жалға берілетін зат, толықтай жалға алушы тарапқа өтуі керек. Яғни тұтыну заттарын арендаға беруге болмайды. Мысалы ақша, тамақ, жанармай (бензин) т.с.с. заттар. Бұндай заттар басқа тарапқа қолдануға берілсе бұл қарыз немесе сату болып саналады.

3️⃣ Иджарада мүлікке иелік құқығы жалға берушіде қалады, ал жалға алушыға тек узуфрукт (қолдану құқығы) өтеді. Сондықтан жалға берілетін затқа қатысты барлық шығын (риск) заттың иесінің мойнында.

4️⃣ Жалға беру мерзімі алдын ала келісілуі керек.

4️⃣ Жалға алушы товарды келісімшартта көрсетілген мақсаттан басқа мақсатта қолдануына қатаң тыйым салынады. Егер келісімшартта ешқандай шектеу көрсетілмесе, қолдану аясына сай кез-келген мақсатта қолдануға болады. Ал егер мүлдем басқа мақсатта қолданатын болса, мүлік иесінен рұқсат алуы керек.

5️⃣ Егер қандай да бір шығын жалға алушының кесірінен болса, онда жалға алушы мүлік иесіне шығынын өтеуі керек.

#иджара #ережелер
https://t.me/islamiceconomicskz

Показано 20 последних публикаций.