Репост из: Қатал редактор
Қазір медиада мынадай бір тіл қалыптасты:
"... мәселе қалай шешіліп жатқаны туралы хабарлады", "...Қытайдан келгені туралы айтты", "пациент дәрігерге ауырып тұрғаны туралы айтты", тағы басқа.
Қазіргі қазақ "мәселе қалай шешіліп жатқанын" айтпайды, "мәселе қалай шешіліп жатқаны ТУРАЛЫ" айтады. Өйткені орысшасы "рассказал о (об)" қой.
Орыс тілін жек көретін, қазақша мен ағылшыншаны мадақтап жүретін бір кісі де осылай жазады екен (значит, солай сөйлейді де). Бұл не деген сөз? Бұл - біздің сөйлеушілер мен жазушылар осындай кальканы орыс тілінен де, ағылшын тілінен де (about немесе how ) енгізіп жатыр деген әңгіме.
"МәселеНІҢ қалай шешіліп жатқаны туралы айтты" деп жазатындар көп еще. Басы артық ілік септігін айта-айта Назгүл апай да ...)))
Содан не басыңызды ауыртайын, "мәселе қалай шешіліп жатқанын айтты" деп жазайық. "Туралы айтты", "туралы айтты" дей бермей. "Туралының" да өз орны бар қолданылатын. Есім сөзбен қолданылады ғой ол.
(Әр тілдің ықпалына бір ұшырайтын, "нағыз ұлт жанашыры" дегеннің өзі бұзып сөйлейтін осы бір тіл ұнамай барады кейінгі кездері))