Репост из: Қатал редактор
"Хабар 24" - сағат сайын жылдам ақпарат тарататын жалғыз телеарна, бірақ қазақша мазмұнының тілі нашар.
📺 Жүргізушілер "тілшіміз аймақтағы ахуалмен бөліседі", "жаңалықтармен бөліседі" дейді.
Мына пост сіздерге арналады: https://www.facebook.com/photo.php?fbid=2814368511982312&set=a.342026955883159&type=3&theater
📝 Бір сюжеттен "басқа өңірлерДЕН қарағанда" дегенді естідім, дұрысы - "өңірлерГЕ қарағанда". "Қарағанда" сөзі үшін барыс септігі, "салыстырғанда" сөзі үшін көмектес септігі керек.
✅ Тағы бір материалда "900-ге жуық жұмыс орынДАРы".
🚫 Тележүргізушілердің бірі кеше "алДЫға тартты" деді.
⚒ "Барлық мекемелер", "барлық сауда орындары", "барлық адамдар" деп басып жатыр. Осы сөзді "барлықты" тіркеп тұрып көптеу орыс тіліндегіні дұрыс аудармаудан пайда болған ғой. Қазақ тілінде "мекемелер", "сауда орындары" дегеннің өзімен-ақ "бәрі" екенін білдіруге болады. Ал "барлықты" қолданбағаннан көңіліңіз көншімесе, көптемей-ақ қолдану керек: "барлық мекеме".
☑️ "Естеріңізге салайық". "Ақыл", "ой", "пікір", "көзқарас", "білім", "пайым", "өнер", "ерік", "жігер", "сана" деген сияқты сөздер, "құм", "ұн", "жүн", "су", "ауа", "топырақ" деген сияқты сөздер саналмайды да, көптелмейді де.
😇 "Болатын". Өткен шақтағыны "болатын" деу - калька. Оны қазақ "еді" деп айтады, бірақ бұл көмекші етістікті "болатын" деген есімше ығыстырып алды.
Сонда дұрысы: "Алматыға карантин режимі енгізілгенін еске салайық". "Естеріңізге салайық, Алматыға карантин режимі енгізілген болатын" емес. Штампты радикал бұзғым келмейді десеңіз, "Еске салайық, Алматыда карантин режимі енгізілді/енгізілген еді".
⌨ "Олар барғанДАРын айтты", "барғанДЫҒын айтты" дегенді қойыңыздаршы. "Барғанын айтты", точка.
🤮 Содан кейін әлгі Ақорданың, Үкіметтің, басқа да органдардың сауатсыз тексін сол күйі оқи берудің қажеті жоқ. Онсыз да жүргізуші студияда тексті бездушно оқып отырады. (Орысшасы ондай емес, Вера, Аслан, Ваня, Арыстан, Асхаттар қандай керемет).
📓 Жалпы, бұл - каналдағы шығарушы редактордың жұмысы дұрыс болмай тұрғаны ғой. Текст редакциялауға креатив көзқарас жетпей тұр. Таптаурын болған тілді өзгерту керек.
Күшті редактор жоқ, жас журналистер қал-қадірінше жазып жүр.
😷 "Хабар 24" қана емес, ақпарат құралдарының көбі коронавирус инфекциясының таралуын "дерт", "дерт" деп жатыр. "Дерт" деп инфекция емес ауруларды айтатын еді. Ладно, "дерт" болса, дерт болсын, бірақ "коронавирусқа шалдыққан" деген тіркес те қолданылып жатыр. Ал ол - жұқпалы ауру, "шалдығу" сөзі инфекция емес ауруларға, созылмалы ауруларға қатысты. Бұл туралы 2000 жылы (!) "Ана тілі" газетінде жазылды.
Инфекция ауру "жұғады".
📹 Телеарналарда бірдеңе айтсаң, ренжіп қалатын бір жаман әдет бар. Біреуден айтып жіберсең, "өзің айтпасаң, а то басшылар түсінбейді" деп жалтақтаған біреу. Бұл - рекомендация, басшылар норма қабылдауы керек, о несі?!)
Еще мынадай бір типа уәж бар, "жылдам ақпарат таратқан кезде асығыстан әрі тікелей эфирде сондай болады" деген. Баста дұрыс редакциялайтын программа болса, қандай қауырт кезде де бәрі жақсы жазылады❗️ Өзім дрессировать еткендер қанша асықса да, дұрыс жазып жүр ғой.
💻 Бұл жерде жаңалық ашып отырған ешкім жоқ, баяғыда Ғалым Боқаш заманында (я өзі, я басқа мықты редакторлар болған шығар) осының бәрі сақталған. Журналистер дұрыс жазып, дұрыс сөйледі.
А напоследок https://www.facebook.com/nazgul.kozhabekova/posts/2810926995659797