Репост из: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
❌ Жақынын жоғалтқан.
❗ "Потерявшие близких" дегеннен калька.
❓Қазақ "әкемді жоғалттым" деп жылағанын көріп пе едіңіз?
✅ Жақынынан айырылған.
❗ "Потеряла ребенка" - "Баласы түсіп қалды" (іштегі бала болса), "Баласынан айрылды" (ержетіп қалған бала".
"Потерял доход" - "Табысынан айырылды".
"Потерял работу" - "Жұмысынан айырылды".
Қазақ тілінде "жоғалту" етістігі "потерять" дегенге аударма қылып қолданып жүр, бірақ қазақ тіліне тән емес. Қазақ "бірнәрсені жоғалттым" демейді, "бірнәрсем жоғалды" дейді: малым жоғалды, ақшам жоғалды.