Sana mode 🔓


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Психология


Қарапайым тілмен
Жастық шектеу: 16+
Байланыс үшін: @Wanderer_rb

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Психология
Статистика
Фильтр публикаций


Айтпақшы, инстада осы сияқты пайдалы бірдеңелер қазір жиі жазып тұрамын. Ол жаққа да жазылам десеңдер, төменде сілтемесін қалдырдым (лүпіл, поддержка дегенге жирныйлау намекпен салынған сілтеме):

https://www.instagram.com/reel/DBbw9gYuanD/?igsh=MXR4cnRxMmNzcTZ4Yg==


Инста жүргізген ұнамайды)
Бірақ негізгі аудитория сонда дейді мыс.

Ал бірақ ол аудитория көп мәтін оқымайды, арасында жеңіл допамин іздеп қалады.

Сосын осында да бөлісейін дедім. Мұнда оқитындар отырады ау деп 🌚


Пайдалы бірнәрсе арасында бөлісіп қояды ғой деп, каналды қарап жүрген әрқайсыңа лүпіл 🫶


Чекаптан қорқу да сол.

Дене алдындағы кінә сезімі.

Тексерсем, мені денем сол ықылас жоқтығына жаза бере ме деген фантазия.

Кейде психика солай қиындатады. Саналы адам тәуекел етіп, бақылай алмайтын нәрселерге магиялық ойлауды қоспай, денемен дос болуға тырысады.

Саналы адам болыңыз, сол)


Талдаудың түйіні:

Дене ауырғанда ғана оған құлақ асу — өзіңді өзің жығып беру сияқты.

Өз-өзіңе (бейсанаңыздың сізге) жасалған шабуылды көріп, “Иә, иә, енді байқадым, бар екенсің ғой” дегенге ұқсайды.

Мұрныңыз аллергиядан бітіп, тыныс алу қиындағанда, мұрныңызбен кең тыныс алған сәтті елестетуге тырысқандай, сау кезіңізде дем алуды сезініп көріңіз.

Денеңізбен тілдесіп тұрыңыз. Денеңізді (эмоцияларыңыз бен жап-жаман ойларыңызды) бар деп қаз-қалпында қабылдаңыз.

Басқа бол демеңіз, бар қалпында, бар кемшілігімен қабылдаңыз.

Бұл қиын, бірақ істеуге болады дейді 😊

Денеңізге сізге қызмет етіп жүргеніне рақмет айтып қойып, жазбаны бір лүпілдетіп кетіңіз 🫶


Жоғарыда өзім жайында болды, енді саналы өмірдің салттарын айтайық)

Клиникалық психологияның негіздерінен дәріс оқығанда, банальный болып кеткен психосоматикаға тоқталдық.

Көбі мұны миф дейд, біреуі ойбай тамақ ауырса, біреуге ренішің қалып қойды деп, фурацилинді ысырып, таза эмоцияларымен жұмыс істеуге көшеді 😄

Ал негізі екеуі де беймаза, зерттеусіз бірдеңе әрекеттер.

Психоаналитикалық бағытта психосоматикалық тұлға типі деген ұғымды қарастырады. Мұнда бейсанадағы дүниелер автономды жүре беруден шаршап, дене арқылы адаммен контакт құруға тырысады.

Мұнда андай магия жоқ)

Мәселен, жұмысыңыз ұнамайды, барғыңыз келмейд, бірақ образцовый адамсыз. Сосын жеңіл киініп шығасыз, мұзбен лимонад ішесіз, тұмау адамға ештеңе етпейд дейсіз, сосын ауырасыз, жұмысқа рационалды себеппен бара алмай қаласыз, не әрең барасыз, бәрі келмей ақ қойсаңшы дейді.

Бұл сол психосоматиканың бәрінде кейде көрініс табуы мүмкін формасы. Ал психосоматикалық тұлғада сондай көріністердің гүлшоғы болады.

Бүгін студенттермен солармен жұмыстың ерекшеліктері бойынша кейс талдау жүргіздік 🙃


Парақшамда да, мынау каналда да өзім туралы, өзімдегі орын алып жатқан өзгерістер туралы көп жаза бермейді екенмін 🤗

Жаңалықтардан: фул тайм жұмысты тастап, универге оқытушы болып кірдім.

Аптасына 2-3 клиентпен консультация жүргізіп жүрмін.

Қырғын бос уақыттан өнімді жұмысқа уақыт таппай жүрмін содан 😄

3-4 жұмыста аоаоаоа дер үйреніп қалған психикам жаңа сарынға уаау деп жатыр қысқасы)


Менің өзіме рефлексиям: өмірде жазғандағыдай таза қазақша сөйлей алмайды екем 🥹💔

Өсуге тағы бір нүкте маған 🤭🙃


Тыңдаған адамдар осында лүпіл қойып әу деп қойып, фидбэк берсеңіздер, мархаба 😌🫶


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Ертең жалғастырамын 🫶
Жұмыс көп болып, қалған энергия тек жеке өмірге жетіп жатыр 🙃


Самооценка неге қирауы мүмкін екенін талқыласақ қызық па?)


Егер самооценка қирап қалса, ең кемі сол дефициттердің орнын толтырамыз 🙃

— Мәселен, кешке отырып не бітіргеніңізді саралап, жасаған еңбектеріңіз үшін Құдайға сеніп жатсаңыз Құдайға, сосын өзіңізге алғыс білдіріп отырасыз 🙂

— Жарты жылдық, бір жылдық жыл қортындыларын жасайсыз. Ұсақ-түйек демей, сонда бар жасағандарыңызды жазып шығасыз, сөйтіп саналы “шүкір етуді” үйреніп, өз амалдарыңызды бағалап бастайсыз 😌

— Өзіңізге айнаға қарап, өзіңізден қысылмауды үйреніңіз. Өзіңізге махаббатпен қарап көріңіз. Солай өзіңізге шартсыз махаббатты сыйлап көріңіз 🫶

Бәрі былай айтсаң, оңай, иә?


Оңай болмаса, маған хабарласамыз, сосын консультацияда бірге шешімін іздейміз 😉


5-6 жаста адам баласында өзін бағалау деңгейі қалыптасады. Мұнда балаға ата-ана толық тұлғасын мақтап, жай “сен барсың, сол үшін ғажапсың” деп өзін қаз-қалпында қабылдауға, жақсы көруге үйретеді. Баласының жасаған жақсы амалдарын байқап, дұрыс істерін демеп жүруі арқылы, өз жеңістері мен артықшылықтарын тануға әсер етеді.

Сондықтан бұл кезең ғажап 🥹
Жеңімпаз тәрбиеленетін, өзіне деген махаббат орнығатын әдемі кезең 🫶


Жазғандарымды кім оқып жүр?) Парақшаның пайдалылық деңгейін түсінуге көмектеріңіз керек 🫶
Опрос
  •   Бәрін оқимын 🤍
  •   Оқуға тырысамын 🫶
  •   Кейін оқимын деп, уақыт таппай жүрм 🫠
30 голосов


Неге сканер сынады?
Банально, адам өзгереді. Бұрын құнды болған нәрсе, ертеңіне бағасын жоғалтады.
Екіншіден, жай өмір сізге бәрін, әсіресе адамдарды бақылауда ұстау мүмкін емес деп шапалақ береді)

Неге бұл адам үшін ауыр?
Себебі сканер адамның ішкі әлеміндегі құндылықтарға негізделген. Және адамдар көңілін қалдырғанда, жаңағы құндылықтардың тұрақтылығына қатысты үрей пайда болады.

"Мүмкін мен өзім сондай досқа лайық шығармын? Мен қай жерде қателестім? Менің қандай кемшілігім осындай жағдайға мені алып келді?" деген сынды уайымдар адамды мазалай бастауы мүмкін.

Яғни өз айдентикасына қатысты глобальный жаңағы жасөспірімдік шақтағы таракан оянып кетеді дейд )

Не істеу керек?
Өзіңізге ересек екеніңізді еске салыңыз. Жасөспірімдік шақпен салыстырғанда өткен тәжірибеңіз бен жолыңыз барын еске салыңыз.

Банально, санамен сіз бөлек, достарыңыз бөлек тұлға екенін, сізге олар тәуелсіз екенін ұғыныңыз.

Ішкі үреймен жұмыс істеңіз. Тіректі сырттан (достардан) ғана емес, іштен (жүректен) іздеп көріңіз.

Қайтадан "Мен қандаймын?" деп ересек өзіңізге сұрақ қойыңыз. Сосын артықшылықтарыңыз бен кемшіліктеріңізбен қоса ғажап екеніңізді ұғынып, өзіңізді ұялмай құшақтаңыз 😊

Айтылғандарды істеу қиын болса, жазыңыз, бірге істеуге талпынамыз дейд 😉
----------------------------------------

Осындай мини терапиялық посттармен бөлісейін деп шештім)
Жазба пайдалы болса лүпілдетіп, ойларыңызбен бөлісіп кетсеңіздер, мархаба 🙃


Бұл керемет компенсация, және мұндай достық әдетте ұзаққа барады. Адам достықты бағалайды, өзі жақсы дос болуды үйренеді.

Компенсацияның күшті болғаны соншалық, жоғарыдағы достыққа абсолютті сенім (өз адамым деген фантазия) ересек шақта да қалады.


Өз басыма жасөспірімдік дағдарысты, үш жастың дағдарысын басқасын сол жасқа байлап қойып, әйтеуір шала-пұла сол өз уақытында өтіп, қалдырып кететіндей етіп айтатын көзқарастар ұнамайды)

Себебі кейде дағдарыс аяқталмай қалад, сол жастағы фантазия қалып қояды, сосын ересек өмірде сізбен бірге жүре береді дейд)


Енді ересек өмірде жаңағы релайтор таланты, менің достарым ғажап, сенімді, уақытпен тексерілген т.б. деп жүргенде, сканер қателескен болып шығады 🙃

Біреу сіз ойламаған әрекетке барып, сізге ауыр дүние жасайды.
Біреу сізді бірінші орынға қоймай, басқа біреумен жақынырақ дос болып шығады.
Біреу мәселесі көбейіп, басқа приоритеттерді жоғары қояды.

Релэйтордың сканеры сынып, жоғарыдағы нәрселерді бақылай алмай қалады. Бұдан адам қасымдағы адамдарым қаншалықты жақын, шынайы достық бар ма, кімге сенуге болады деп сәл-пәл үрейленіп, кішігірім дағдарысты кешіре бастауы мүмкін дейді.

Показано 20 последних публикаций.