Кәсіпкерлер тобы

@kasipkerlertoby Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Кәсіпкерлік және жеке тұлғалық даму бойынша қазақша блог.
Гео и язык канала
Казахстан, Узбекский
Категория
не указана


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Узбекский
Категория
не указана
Добавлен в индекс
24.06.2018 23:40
реклама
TGStat Bot
Бот для получения статистики каналов не выходя из Telegram
SearcheeBot
Ваш гид в мире Telegram-каналов
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
194
подписчиков
~0
охват 1 публикации
~15
дневной охват
N/A
постов в день
N/A
ERR %
0.09
индекс цитирования
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Мусор...

Бүгінгі пост біздегі бойымыздағы қоқыстар жайлы болмақ. Жаңа ғана өзімнің бойымдағы барлық кемшіліктерімді жазып шықтым. Жазып шықтым да шошыдым. Бойымда кемшілік деген жетіп артылады екен. Өзімді ішінде қоқыс толы қапшық секілді сезіндім. Өзімнен өзім жиіркендім. Енді бір апта бойы бір кемшілігіммен жұмыс жасап отырмақпын. Сіздерге де өз кемшіліктеріңізді жазып шығуды ұсынамын. Адамның ең бірінші жауы - өзінің кемшіліктері. Жауды жеңу үшін жаумен бетпе - бет келу қажет. Кемшіліктеріңізді тізбектеп шықсаңыз, жаудың түрін көрдіңіз деген сөз. Жауды көрген соң оны жеңу оңай. Жауларыңызбен кездесуді кейінге қалдырмаңыз. Кемшіліктеріңізбен күресті неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым жақсы. Әйтпесе, ол сіздің ішіңізден құртып тынады.
Читать полностью
Пост жазбағалы көп болыпты. Не туралы жазайын?

👥 0 - всего голосов
🔹Предложить свой вариант
Ғалымдардың зерттеуі бойынша кедейлік деген адамның миына сіңіп қалады екен. Мысалы кедей адамның үйі үнемі лас, жұпыны, ескі болады емес пе? Сонымен қатар, кедей адамдардың үйінде ұрыс-керіс те жиі орын алады. Міне осы көріністердің барлығы үйдегі кішкентай балалардың миына әсер етеді екен. Жоқшылықта өскен балалардың миындағы нейрондар басқаша байланыс құратыны анықталып отыр. Сондықтан кедей отбасында өскен балалардың сабақ үлгерімі нашар, көзі ашық емес, білімсіз болып өседі. Ондай балалардың көпшілігі өскенде әке-шешесі секілді кедейшілікке тап болады. Осылай ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Енді бұл нәрседен қалай құтылуға болады? Қазір жағдайыңыз нашар болса да, айналаңызды реттеңіз. Үйіңіз, жұмыс орныңыз, көлігіңіз, бай адамдардікі секілді таза, жинақы болсын. Үйіңіздің жарық, жайма шуақ болып тұруын қадағалаңыз. Ең бастысы ұрыс-керісті азайту қажет. Тіпті болмағанда балаларыңыз ұрыс керістен аулақ өссін. Балаларыңызға дөрекі сөйлемеңіз. Сіздің кедей болғаныңызға олар кінәлі емес. Оларды ұрмаңыз. Керісінше, оларды да тазалыққа, өз заттарын жинап жүруге үйретіңіз. Өзім қанша үйге бардым, бірақ бай адамның үйінің шашылып жатқанын көрмедім. Ия, қазір қымбат жиһаз алып, үйіңізді жарқыратып жібере алмайтын шығарсыз, бірақ айналаңызды реттей аласыз ғой. Бұл шынымен де маңызды нәрсе. Кедейліктің миыңызға сіңуіне жол бермеңіз. Ол сізге де, балаларыңызға да қатысты. Айналаңыз кедей адамның айналасына ұқсаса, өзіңіз де кедей боласыз. Бұл жай ойдан шығарыла салған пост емес. Бұл фактілер Роберт Кийосакидің "Почему богатые становятся еще богаче" кітабынан алынды.
Читать полностью
Достар Қазақстанның үздік арналарына жазылыңыздар @kanalyrk 🇰🇿
Бизнесті қалай таңдау қажет? Сіз бизнес таңдағанда кәсіп түрін ғана емес, бәсекелестеріңізді де таңдайсыз. Сондықтан бизнесті бастамай тұрып, бәсекелестеріңізді зерттеңіз. Кәсіп таңдап жатқанда бірден сол саладағы алпауыттармен алысамын демеңіз. Оларда тәжірибе де, ақша да бар. Сіздікіндей бизнес жасап жатқандарды табыңыз да, сізден деңгейі сәл ғана жоғары, ең кішкентай бәсекелестеріңізді көздеп алыңыз. Бизнесті бастағанда сол бәсекелесіңізден артық жасауға тырысыңыз. Бизнес деген жүріп келе жатқан пойыздың үстіне секірумен бірдей. Егер ең соңғы вагонға секірсеңіз, пойыздың екпініне шыдамай ұшып түсесіз. Сондықтан ортаңғы вагондарға секіріңіз. Сонда пойыздың екпіні сізді артқа ұшырып ең соңғы вагонға лақтырады. Сіздің мақсат сол вагонға жармасып, ұшып кетпеу. Ең соңғы вагонда ең әлсіз бәсекелестеріңіз келе жатыр. Сіз енді солармен шайқасасыз. Сондықтан бастапқыда-ақ сол бәсекелестерге шамаңыз жететінін нақты білуіңіз керек. Оларды зерттеп, барлық кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтап алыңыз. Артықшылықтарын өзіңізге пайдаланыңыз да, кемшіліктерін қайталамаңыз. Бизнесті бастамай тұрып, сізде сол бәсекелестеріңізге жететін күшіңіз болуы қажет.
Читать полностью
Менің жеке Телеграм аккаунтым @alikhanrakysh Скринді осыған жіберіңіз
Соңғы сауалнамада көпшілік адам кітапты алғысы келетінін жазыпты. (Фил Найт "Продавец обуви". Әлемдік бизнес тарихындағы үлкен алпауыттардың бірі Nike компаниясының 24 жасар жігіт бастаған тарихы жазылған кітап). Ендеше, біз сізге кітаптың электронды нұсқасын жібереміз. Ол үшін біздің ютуб арнамызға кіріп, өзіңізге ұнаған видеоға бір комментарий жазыңыздар. Комментарий жазып болған осы телеграмда маған жекеге сол комментарийді скринге түсіріп жіберіңіз. Комментарий видеоға қатысты болу керек және комментарийде өзіңіздің шынайы ойыңызды жазыңыз. Ютуб арнамызға сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCxYISHf4nXv6vbGljpzuxtQ
Читать полностью
Жоғарыда айтылған кітапты оқығыңыз келеді ма?

▪️ 92% (39) Ия
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 7% (3) Жоқ

👥 42 - всего голосов
39 Ия
3 Жоқ
Өткенде айтқан едім ғой, Nike компаниясының тарихы жазылған кітапты оқып жатырмын деп. Кеше сол кітапты оқып бітірдім. Сол туралы бірер ауыз сөз. Найктың негізін қалаушы Фил Найт деген кісі. Өз жолын бастағанда, ол көптеген кітаптардағыдай, керемет оратор, пысық, еті тірі, жұлынып тұрған жігіт болмаған. Оның мінезі салмақты, тұйық, көңілді ортада топтан бөлініп қалған адамдай болған екен. Өзім осыған таң қалдым. Қаншама әлемдік алпауыттардың тарихын оқысам да, мынандай ерекше мінезді лидерді бірінші рет естіп біліп тұрмын. Кітап ашық жазылған. Бос мотивация немесе жалаң ұран жоқ. Фил Найт өзінің қорқыныштары, кемшіліктері жайлы шынайы айтады. Компания ашылған соң он шақты жылдай бизнесі шайқалақтап тұрғанын, сол он шақты жылдың ішінде кез-келген уақытта жабылып қалуы мүмкін болғанын айтады. Маған ұнағаны да осы шынайылық. Дәті бармаса да, бизнесін тартып алмақ болған жапон қызметкерінің папкасынан қағаздар ұрлағанын, жапон компаниясында тыңшысы болғанын соттың алдына шығып айтып береді. Бірақ ешқашан өздігінен біреуге ұрынып көрген адам емес. Бұл адамның жасағаны тамшылап мұзды жарып шыққан су секілді. Тоқтамай, мақсатына қарай жүре берген. Өзінің нақты мақсатының қандай екенін білмесе де, тек алға баса берген. Кейбір кітаптарды жапқан соң, кітаптың ішіндегі кейіпкер сенімен қалып кеткен секілді болады ғой. Мына кітапта тура сондай болды. Әдеби жазу стилінде жазылған ерекше бизнес кітап. Міндетті түрде оқуға кеңес беремін.
Читать полностью
Таңертең жүгіруге шыққанда байқайтыным, өздері жүгіріп жүрген адамдардан иттерін қыдыртып жүрген адамдар көп. Адамдар өздері үшін таңертең ерте тұрғанша, иттері үшін тұрғанды қалайды. Иттерін қыдыртпаса, иттері үйді былғайды ғой. Яғни оларды таңертең ерте тұрғызуға сыртқы жағдай әсер етеді. Ал өздері жылы төсегін қиып, жүгіруге тұратындар, өз бетінше шешім қабылдағандар деп білемін. Өз ерік-жігерін, өз денсаулығын, өз өмірін қолына алған адамдар. Табысты адам мен кедей адамның айырмашылығы да осында. Табысты адамдарға шешім қабылдау үшін сырттан әсер ететін "иттер" қажет емес. Олар өз бетінше шешім қабылдап, өздері үшін өмір сүре алады. Ал кедей адамның әрекет етуі үшін "иттер" нұқып, үйлерін былғап отыруы керек.
Читать полностью
Өздерін жегідей жейтін, самооценкасы төмен адамдарға. Өзіңізді жақсы көріңіз. Қандай жағдай болса да, әлемнің ортасы сіз екеніңізді ұмытпаңыз. Сіздің кемшіліктеріңіз сіздің ерекшелігіңіз болуы мүмкін екенін естен шығармаңыз. Барлық ұлы адамдардың кемшіліктері болған, комплекстері де болған. Сіз ешкімнен кем емессіз. Дәл қазір, осы сөздерді оқып отырған сәттен-ақ, күлімдеңіз, арқаңызды тік ұстаңыз. Тік ұстаңыз да, ешқашан мойымаңыз. 👍👍👍
Читать полностью
Егер адам өткенімен көп мақтанса, онда қазіргі өмірі жетісіп тұрған жоқ.

Өздеріңіз байқаған шығарсыздар, жолы болмай қалған адамдар "кезінде мен сөйткенмін", "жас кезде бүйткенмін" деп мақтанғанды жақсы көреді. Оның себебі, адам өзінің қазір ешкім емес екенін мойындағысы келмегенінен. Бұрынғы бір жетістігінің арқасында өзінің абыройын көтеріп, өз-өзін алдағысы келеді. Адам өзінің бұрынғы жетістігін айтпауы керек. Керісінше, басқа адамдар сіздің сол жетістігіңіз туралы өздері айтып жүруі қажет.

Бұрын кім болғаныңызды тек жұмысқа кіретін кезде ғана айтсаңыз болады. Оның өзінде мақтанбай, тек фактілер ретінде ғана.
Читать полностью
Кеше Nike компаниясының негізін салушы Фил Найттың өз өмірі жайлы жазған кітабын оқып бастадым. Оқып бастаған сәттен ақ адам кәсіпкер болып тумайтынына көзім жетті. Олай айтып жатқан себебім, Филипп мырза ешқашан пысық, көшбасшы болмаған. Өзінің комплекстері бар орташа ғана жігіт болған екен. Бұл кәсіпкерге қажет қасиеттердің барлығын адам жүре үйрене алады деген сөз. Лидер болуды да, сатуды да, мүмкіндіктерді пайдалануды да, барлығын адам үйрене алады. Сондықтан, егер сіз бойымда кәсіпкерге тән қасиеттер жоқ деп ойласаңыз, қорықпаңыз. Керек қасиеттердің барлығын үйреніп ала аласыз. Пысық емеспін, саудаға жоқпын деген нәрселер кедергі емес. Барлықтарыңызға сәттілік!
Читать полностью
Блог жазу туралы менің ойларым. Егер блог жазсам ба деп жүргендеріңіз болса, пайдасы тиер деп ойлаймын. Ең бірінші кезекте блог жазу керек пе деген сұраққа жауап берейін. Біреулерге керек, біреулерге керек емес. Егер басқаларға айтар ойыңыз, көзқарасыңыз болса, жазыңыз. Өз өзіңізді тәрбиелегіңіз келсе, жазыңыз. Өз ойыңызды анық, жүйелі түрде жеткізіп үйренгіңіз келсе, жазыңыз. Өзіңіздің жеке брендіңізді қалыптастырып, маман ретінде танылғыңыз келсе, жазыңыз. Басқалардың сізге деген сенімін арттырғыңыз келсе, жазыңыз. Бірақ, есте ұстайтын нәрселер бар. Блогты жылдап жазуға дайын болыңыз. Бұл бір-екі айлық жұмыс емес. Егер блог сізге материалдық пайда алып келмесе, сіз оны тастап кетесіз. Блог клиенттер, инвесторлар, серіктестер, ақша алып келуі мүмкін. Егер блогыңыз ешқандай пайда алып келмесе, оны жалғастыру қиын болады. Тағы айта кетер бір жайт, Қазақстанда ақылды, интеллектуалды блог баяу дамиды. Біздің интернет қолданушылары арзан күлкі мен көңіл-көтеретін немесе өсек-аяңға негізделген блогтарды жақсы қарайды. Ал рухани, миға азық болатын блогтарды көпшілік жаппай оқи бермейді. Сондықтан блогтың тақырыбын таңдағанда жеті рет өлшеп, бір рет кескен дұрыс.
Читать полностью
Тіркеліп алыңыздар. @studoi
@studoi
@studoi
Қайырлы күн баршаңызға. Сауалнамаға қарап отырсам, барлығы "Ия" деп жауап беріпті. Ал онда жаңадан агқан жеке блогымды көрсетейін. @studoi
Кәсіпкерліктен басқа өзімнің жеке ойларымды жазатын блогымды көрсетейін бе?

▪️ 97% (41) Ия, көрейік жеке блогыңды
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 2% (1) Жоқ, қайтеміз оны

👥 42 - всего голосов
41 Ия, көрейік жеке блогыңды
1 Жоқ, қайтеміз оны
Жалқаулықты қалай жеңеміз? Ештеңе жасағың келмейтін, құр жатып, былжырап жүре беретін жағдайдан қалай құтылуға болады? Сіздер осы уақытқа дейін жалқаулық туралы талай әдістерді оқып, пайдаланып көрген шығарсыз. Жалқауланбау үшін бару керек та, жасау керек екенін де білеміз. Бірақ бәрібір ештеңе жасамай жүре береміз. Неге? Себебі жалқаулық деген біздің табиғатымызға тән нәрсе. Біздің миымыз өмірімізге қауіп төнген сәттерде ғана жалқауланбайды. Мысалы, алдыңнан қасқыр шықса, қашуға жалқауланбаймыз ғой. Демек жалқаулық деген табиғи нәрсе. Ал табиғи нәрсені жеңу үшін, теориялық ақпараттар жетпейді. Жалқаулықпен табиғи түрде күресу қажет. Адамның табиғатында басқалармен жарысу деген құбылыс бар. Тайпалық кезден бастап, тек озып шыққандарға ғана, жақсы тамақ, төрден орын, статус және ең жақсы жағдайлар тиесілі болған. Ал жарыса алмағандар аштан өліп немесе тайпадан шығып қалып отырған. Сол замандардан бері миллиондаған жылдық эволюция нәтижесінде адамның бойында өз ортасында үздік болуға талпыну әдеті қалыптасты. Яғни адамдар белгілі бір ортаға түссе, сол ортада үздік болуға тырысады. Ол табиғи рефлекс. Жалқаулықпен де осы рефлекс арқылы күресеміз. Яғни сізге орта керек. Мысалы сіз сайт жасауға ерініп жүрсіз делік, онда сізге сайт жасау үздік болуды, белгілі бір жетістікті білдіретін орта табу қажет. Бизнес идеяларды, құралдарды, кітаптарды түсінетін орта қажет. Ондай ортаға түскен кезде өзіңіздің қаншалықты бейшара екеніңізді түсінесіз. Бейшаралық деген біздің ағзамызға ұнамайды. Сондықтан сіз бейшара болмас үшін, тынымсыз еңбектене бастайсыз, басқалардың да жасап жатқанын көріп, олардан қалмауға тырысасыз. Жалқаулық деген түсіңізге де кірмейді. Яғни жалқаулықты жеңудің бірден бір жолы - орта табу. Адам жалғыз өзі жалқау да, еңбекқор да бола алмайды. Үйде жаттығу жасап жүрген адам спорт секциясына барып жүрген адамдай нәтиже көрсетпейді. Себебі спорт секциясында орта бар. Сондықтан ғой курсқа барғандар, секцияға жазылғандар өзгеріп, жаңа нәтижелерге жетіп жатады. Жалқаулығыңызды жеңгіңіз келсе, орта табыңыз.
Читать полностью
Осы блогты жазып жүргеніме бір жылдай болды. Өткен жылы жаңа кәсіп бастаған кезде, өзімнің ортам көңілімнен шықпаған соң, осындай блог ашуға бел буған едім. Бизнес туралы, жетістік туралы ақпараттармен бөлісіп, бір-бірімізбен араласатын орта құрғым келген. Ең басында блогтың миссиясын басқаша елестеткенмін. Бірақ бизнестегідей, барлық нәрсе біз ойлағандай бола бермейді. Блог мутация жасап, басқа форматта дами бастады. Басында Вконтактеде, кейін Инстаграмда, қазір міне Телеграмда дамып жатыр. Бір жылда блогты тастап та, қайта қолға алып та үлгердім. Осы уақыт ішінде менің жазғандарымды оқып жүргендеріңізге алғыс айтамын. Менің жазғандарым сіздерге пайдалы болды деп ойлаймын. Блогта әлі талай даму болады. Келесі постта осы блогты жазу барысында қандай ойға келгенімді жазамын. Араларыңызда блог жазғысы келіп жүргендерге пайдалы болады деп ойлаймын.
Читать полностью