Жалқаулықты қалай жеңеміз? Ештеңе жасағың келмейтін, құр жатып, былжырап жүре беретін жағдайдан қалай құтылуға болады? Сіздер осы уақытқа дейін жалқаулық туралы талай әдістерді оқып, пайдаланып көрген шығарсыз. Жалқауланбау үшін бару керек та, жасау керек екенін де білеміз. Бірақ бәрібір ештеңе жасамай жүре береміз. Неге? Себебі жалқаулық деген біздің табиғатымызға тән нәрсе. Біздің миымыз өмірімізге қауіп төнген сәттерде ғана жалқауланбайды. Мысалы, алдыңнан қасқыр шықса, қашуға жалқауланбаймыз ғой. Демек жалқаулық деген табиғи нәрсе. Ал табиғи нәрсені жеңу үшін, теориялық ақпараттар жетпейді. Жалқаулықпен табиғи түрде күресу қажет. Адамның табиғатында басқалармен жарысу деген құбылыс бар. Тайпалық кезден бастап, тек озып шыққандарға ғана, жақсы тамақ, төрден орын, статус және ең жақсы жағдайлар тиесілі болған. Ал жарыса алмағандар аштан өліп немесе тайпадан шығып қалып отырған. Сол замандардан бері миллиондаған жылдық эволюция нәтижесінде адамның бойында өз ортасында үздік болуға талпыну әдеті қалыптасты. Яғни адамдар белгілі бір ортаға түссе, сол ортада үздік болуға тырысады. Ол табиғи рефлекс. Жалқаулықпен де осы рефлекс арқылы күресеміз. Яғни сізге орта керек. Мысалы сіз сайт жасауға ерініп жүрсіз делік, онда сізге сайт жасау үздік болуды, белгілі бір жетістікті білдіретін орта табу қажет. Бизнес идеяларды, құралдарды, кітаптарды түсінетін орта қажет. Ондай ортаға түскен кезде өзіңіздің қаншалықты бейшара екеніңізді түсінесіз. Бейшаралық деген біздің ағзамызға ұнамайды. Сондықтан сіз бейшара болмас үшін, тынымсыз еңбектене бастайсыз, басқалардың да жасап жатқанын көріп, олардан қалмауға тырысасыз. Жалқаулық деген түсіңізге де кірмейді. Яғни жалқаулықты жеңудің бірден бір жолы - орта табу. Адам жалғыз өзі жалқау да, еңбекқор да бола алмайды. Үйде жаттығу жасап жүрген адам спорт секциясына барып жүрген адамдай нәтиже көрсетпейді. Себебі спорт секциясында орта бар. Сондықтан ғой курсқа барғандар, секцияға жазылғандар өзгеріп, жаңа нәтижелерге жетіп жатады. Жалқаулығыңызды жеңгіңіз келсе, орта табыңыз.