Ғалымдардың зерттеуі бойынша кедейлік деген адамның миына сіңіп қалады екен. Мысалы кедей адамның үйі үнемі лас, жұпыны, ескі болады емес пе? Сонымен қатар, кедей адамдардың үйінде ұрыс-керіс те жиі орын алады. Міне осы көріністердің барлығы үйдегі кішкентай балалардың миына әсер етеді екен. Жоқшылықта өскен балалардың миындағы нейрондар басқаша байланыс құратыны анықталып отыр. Сондықтан кедей отбасында өскен балалардың сабақ үлгерімі нашар, көзі ашық емес, білімсіз болып өседі. Ондай балалардың көпшілігі өскенде әке-шешесі секілді кедейшілікке тап болады. Осылай ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Енді бұл нәрседен қалай құтылуға болады? Қазір жағдайыңыз нашар болса да, айналаңызды реттеңіз. Үйіңіз, жұмыс орныңыз, көлігіңіз, бай адамдардікі секілді таза, жинақы болсын. Үйіңіздің жарық, жайма шуақ болып тұруын қадағалаңыз. Ең бастысы ұрыс-керісті азайту қажет. Тіпті болмағанда балаларыңыз ұрыс керістен аулақ өссін. Балаларыңызға дөрекі сөйлемеңіз. Сіздің кедей болғаныңызға олар кінәлі емес. Оларды ұрмаңыз. Керісінше, оларды да тазалыққа, өз заттарын жинап жүруге үйретіңіз. Өзім қанша үйге бардым, бірақ бай адамның үйінің шашылып жатқанын көрмедім. Ия, қазір қымбат жиһаз алып, үйіңізді жарқыратып жібере алмайтын шығарсыз, бірақ айналаңызды реттей аласыз ғой. Бұл шынымен де маңызды нәрсе. Кедейліктің миыңызға сіңуіне жол бермеңіз. Ол сізге де, балаларыңызға да қатысты. Айналаңыз кедей адамның айналасына ұқсаса, өзіңіз де кедей боласыз. Бұл жай ойдан шығарыла салған пост емес. Бұл фактілер Роберт Кийосакидің "Почему богатые становятся еще богаче" кітабынан алынды.