Kaz informburo.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: не указана



Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Жетісайдың Қазығұрт ауданын жағалай мақсары өсуде. Белгілі болғандай, қазығұрттықтар көбіне мақсары егеді екен, өнімі мол, кірпияздық көрсетпей өсетін мақсарыны қытайдан келіп көтерме бағамен сатып әкетеді екен.
Алғашында тек сығылған майын әкетіп жүрген қытайлықтар, соңғы жылдары "күнжара"деп малға беретін қалдығын да алып кететін болған. Кәшек қалдырмай әкетуінің түпкі себебін енді түсіндік.

Біз малға беріп жүрген мақсарының қалдығынан қытай елі таптырмастай дәрумен дәрі-дәрмек жасайтынын білеміз бе? Мақаланың жалғасын оқыңыз 👉 https://bit.ly/2UXzmZd


Мәжілістің бүгінгі отырысында Нұрлан Нығматулин тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғыртуға арналған Акционерлік қоғамның былығын жайып салды.

"Жалпы, осы орталықтың жұмысына қатысты шынымды айтсам, сұрақ көп. Бұл орталық 2010 жылы 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған. Штаттарыңызда 97 қызметкер бар екен. Жалақысы да жаман емес екен. Жалақы – әрине, жеке мәселе ғой, дегенмен мемлекеттен алып отырған соң, бір есебі болу керек шығар?" - деді мәжіліс төрағасы. Орталықтыі қызметкерлерінің жалақыснда айтып тастады 👉 https://bit.ly/2Ks7NqS


9 маусым күні қазақстандықтар таңдау жасауы керек. Толығырақ 👉 https://bit.ly/2WX3yEW


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Нұр-Сұлтанда үш қоғамдық көлік пен бір жедел жәрдем машинасы соқтығысып қалды. Жантүршігерлік көлік апатынан қоғамдық көліктің 53 жастағы жүргізушісі мен 22 жастағы автобус жолаушысы көз жұмды.


Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының президенті қызметіне тағайындалған Тоқаев мырза осындай ұсыныс жасады. Ол сондай-ақ облыстық қалалардың басты көшелерін - Нұрсұлтан Назарбаев деп атауды ұсынды 👉 https://bit.ly/2Tl9SE6


Бүгін, сағат 19.00-де, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев xалқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жариялады #информбюро оқыңыз


Бүгінгі материалда қалаланудың пайдасы мен зияны туралы айтамыз 👉 https://bit.ly/2VWaRw8


Астанада "Нұр Отан" партиясының кезекті съезі басталды. Тікелей xабарлауды оқыңыз 👉 https://bit.ly/2BSNUm2


Білім министрлігі қай жерде қателесті?
Ағымдағы жылдың наурыз айында министрден бастап білім саласындағы лауазымды тұлғалар "Алтын белгі" иегері мен басқа оқушының балы бірдей болған жағдайда ғана, грант "Алтын белгі" алған балаға беріледі" дегенді бір емес бірнеше рет қайталағаны есімізді. Өкінішке орай, іс жүзінде олай болмады. Жоғары білім саласының белсендісі Мырзантай Жақыптың сөзінше, Білім министрлігі "Талапкер-2017" науқанында бір емес, бірнеше заңды бұзған. Олай дейтініміз, биылда министрлік өз міндетін жүйелі түрде орындай алмады. Сондықтан да "Алтын белгі" иегерлерінің біразынан грантты "тартып" алып, біреулеріне басқа жерден тегін білім тауып беріп, мемлекеттік білім гранттарының жаңа тізімін жасауға мәжбүр болды. Бұны Білім министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсәриевте мойындап отыр.
http://bit.ly/2iD5L9s


Астананың білім беру саласын қаржыландыру 51 млрд теңгеге өскен
Ұстаздардың жалақысы мардымсыз. Бұны қала әкімі Әсет Исекешов мойындап отыр. Оның сөзінше, бюджеттен бөлінген қаржы мектеп салуға, ол үшін жер сатып алу, ғимарат тұрса оны бұзуға кетеді. Одан қала берді, мектептердің есігінің алды таза, баратын жолы жайлы болуы керек. Осы қажеттілікпен қамтамасыз ететін адамдардың жалақысы бар. Және жаңадан салынған мектептердің ішін мұғалі мен оқушыға толтыру керек. Айналып келгенде, баяғы қаржыға келіп тіреледі. Сондықтан да, ұстастарымызды кейде жақсы сыйақымен қуанта алмаймыз дегенді алға тартты әкім. Бірақ енді жағдай өзгереді деп сендірді. Өйткені мектептерінде ілкі жоба ретінде бірыңғай "бұлтты" бухгалтерия жобасы іске қосылып, 200 млн теңге қаржы үнемдеуді көздеп отыр екен.
http://bit.ly/2vudLLd


ЭКСПО-дағы ең озық 24 жоба
Қазақстанда жылына 90 миллиард кВт сағат энергия өндіріледі. Оның 72 пайызын көмірді жағу арқылы, 12,3 пайызын су электр стансаларынан, 10,6 пайызын табиғи газдан, ал 4,9 пайызын мұнайдан алады. Қуат көзін өнідірп, оны қолдануды білеміз. Бірақ үнемдеуге тырыспаймыз. Биылғы халықаралық көрменің басты мақсаты – баламалы энергия ресурстарын тауып қана қоймай, үнемдеудің жолын қарастыру. Мысалы, Ұлыбритания павильонындағы ең негізгі жоба энергияны үнемдеуге бағытталған. Британдық ғалымдар лампаға ең жеңіл, ең жұқа және ең қатты материал графенді пайдаланған. Салдарынан алынған энергиясын 10 есеге үнемдеуге болады.
http://bit.ly/2xuQvy8


14 жастағы қазақстандық вундеркинд экологиялық мәселелерді шешуді
Алдияр Божбанов төрт жасында Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейдің табалдырығынан аттаған. Лицейдің талаптарына сәйкес ол барлық емтихандарды жақсы көрсеткішпен тапсырғанымен, мұғалім оны бірінші сыныпқа қабылдай алмайтынын айтыда. Бірақ үміттен қол үзгісі келмеген Алдияр мен оның анасы директормен кездесіп, уақытша оқуға рұқсат алады. Ал 11 жасында болса вундеркинд бизнес идеяларды қаржылай қолдап жүрген "AtamekenStartUp" жобасына қатысады. Онда Алдияр ұялы телефон, компьютерді электр желісіне қоспай қуаттағыш құралды таныстырып, басты жүлдені жеңіп алған. Бүгіндері болса ол экологиялық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып жүр.
http://bit.ly/2wxeLTP


Миллиардтар қайда кетіп жатыр?
Ресми ақпаратқа сүйенсек, елордада күніне 850 автобус өз бағытымен жүреді. Арасында көнесі де, жаңа автобусы да бар. Бірақ 80 пайызы электронды жол ақы төлеу жүйесіне көшкен. Десекте автобус жүргізушісі мен кондуктор «левый» пайдадан құр қалмағаны белгілі. Өйткені кейде кондуктор мырза жолақысын алғанымен, билет бермейді. Берсе де билеттің жартысын беретіндері бар. Әрине бұл көлеңкелі экономиканың дамуына әкеп соқтырады. Бүгін біз автобус парктерінің бір жылдағы осылай "далаға" кетіп жатқан миллиардтаған шығындарын есептеп көрмек болдық.
http://bit.ly/2wjFdQ3


Халық қалауларымыздың демалысы қалай өтті?
45 күннен кем демалып көрмеген депутаттарымыз жазғы каникулын қалай өткізді екен десек, кейбір халық қалауларымыз ренішін білдірді. Мысалы, біздің әріптесіміз Сауытбек Әбдірахманов қойған сұрағымызға «Мені мазаламаңыз, каникулдамын» - деп қайырды. Бірақ барлығы дерлік отандық туризмді қолдап, Қазақстанда демалғандарын айтып ақталуда. Олардың ішінде, депутат Ольга Шишигина еліміздегі туристік нысандардың қызмет көрсету сапасы көңілінен шықпағанын айтты. Тек демалып қана қоймай, елдің проблемасына көңіл аударған депутаттарда болды. Бақытбек Смағұловтың бастамасымен үш депутат Қызылорда өңірін, Арал, Сырдария аудандары мен Байқоңыр қалаларын сапарлаған. «Өңірлер өте жақсы дамып жатқанын өз көзімізбен көрдік» - дейді.
http://bit.ly/2uXy34k


12 жасар баланы құтқарып қалған қарт
Александр Скаковскийдің жасы 70-тен асты. Бірақ оған қарамастан ол әр апта сайын 510 миллилитр қан өткізген. Бастысы, дейді ол, ауыр халде жатқан жанның өмірін сақтап қалу. Кеш үйленгендіктен болар, Александрдың баласы жоқ. Жұбайы екеуі тұрады. Бірнеше жыл бұрын ол алғашқы рет қан тапсырып, бейтаныс жанды баласымен ажалдан құтқарып қалған. Мүмкін сол оқиға әрес еткен шығар, міне 46 жыл бойы мұқтаждардың өмірін өз қанымен сақтап келуде.
http://bit.ly/2uNTmFn


«Үй сатып алса, көмек көрсетіледі, қаражат, жұмыс, жер дайын»
Бұл Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың сөзі. Негізі облыстың кейбір елді мекендерінде 12-13 мың ғана адам тұрады. Басқа облыстарға қарағанда тым аз. Мысалы, оңтүстікпен салыстырғанда. Сондықтан болар, биыл 150 үйге квота бөлініпті. Солтүстікке оңтүстіктің халқын қоныстандыру мақсатында шығар. Оған қоса, шетелден келетін қандастарымыз үшін де сол жақта жағдай жасалған дейді. Тек көшіп келушілер саны аз сияқты. Осы ретте ішкі және сыртқы көші-қон арасында қандай айырмашылықтар бар деген сұрақ ойландырды. Қандай көмектер қарастырылған? Көшіп келу үшін не істеу керек? Кімдер көмектеседі?
http://bit.ly/2uS3glo


Қаулы бар, қаржы жоқ...
Түнгі сағат он екі, бірге дейін жұмыс істейтін жұмысшылар «Сәлем» базары биыл күрелмейтін шығар деген үмітте. «Өйткені, жұмыс қызып тұр» - дейді олар. Бірақ қала атқа мінерлерінің жоспары да, қалау да басқа. Базардың орнына кіші айналым жол салуды мақсат қойған. Тек қаражат жоқ. Егер инвестор табылса, базар күреледі. Бір қызықтыратыны: қаншама адам жұмыссыз қалады?
http://bit.ly/2fKwvUk


ЭКСПО-ға сіз бардыңыз ба?
Биылғы жаз қазақ елі үшін өте айтулы болды. 115 елді өзіне қаратқан халықаралық көрме елордамызда өтіп, соңғы үш айдың ішінде экономикалық тұрғыда жақсы өзгерістер болуда. ЭКСП-ны тамашалауға әлемнің түпкірінен туристер келіп жатыр. Бірақ олардың қатарынан қазақстандықтар да қалыс қалмауда. Мысалы, бүгіндері Павлодардан 500-ге жуық қазақстандық Астанаға ат басын тіреді. Олар ERG компаниясының жұмысшылары. Бірақ осыған дейін компания жоспар бойынша 6500-ге жуық адамды көрмеге жіберіп үлгеріпті.
http://bit.ly/2vznMK6


Тіпті белсіздікті жояды дейді мамандар...
Жаңа сауылған бие сүті саумал деп аталады. Ол физикалық және химиялық құрамы жағынан ана сүтіне ұқсас келеді екен. «80-ге жуық биологиялық белсенді қоспалар бар саумал түрлі асқазан жараларына, ісік ауруларына ем. Өкпе, бауырды қуаттандырады, қан құрамын реттеп, қантты теңгереді, белсіздікті жойып, генді қалпына келтіру ролі бар» - дейді мақала авторы Бейсен Ахметұлы мамандарға сілтеме жасап. Қырық аурудың емі болып табылатын қымыздан да қымбат тұрады екен саумал. Сонда оның артықшылығы неде?
http://bit.ly/2wWeIwI


Қанат Исламның жетім балаларға, ауру балаларға көмек көрсеткені PR-ма?
Бір айдан соң қазақ жігіті канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасады. Бүгіндері жаттықтыру қызу өтуде. Ол үшін әдейі Америкадан жаттықтырушысы да келген. Қарсылас-спаррингтерімен де күн сайын жаттығу ретінде жекпе-жек өтуді. Уақыттың тығыздығына қарамастан, Қанат Ислам kaz_informburo редакциясына эксклюзивті сұхбат берді. Бокстан тыс уақытында ауылға барып ат мініп, жалқы бағуды жаны сүйетін қазақтың әйгілі боксшысы қайырымдылықпен де айналысады. Бірақ сын айтушыларға ызаланады...
http://bit.ly/2vURZF5

Показано 20 последних публикаций.

26

подписчиков
Статистика канала