Неке махаббатқа негізделмейді.Құран ерлі-зайыптылар арасындағы идеалды исламдық қарым-қатынасты сипаттағанда, «рахма» (мейірім) және «муадда» (терең сезім) терминдерін қолданады. Бір қызығы, Құранда «хубб» (махаббат) сөзі басқа контексттерде, соның ішінде Зуләйха мен Юсуф пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі болсын) қиссасында қолданылады, мұнда Зуләйханың сезімдері құмарлық пен сүйіспеншіліктің обсессивті түрі ретінде сипатталады. «Хубб» пен «муадда» арасындағы бұл айырмашылық Исламдағы берік неке қарым-қатынасының негізін түсіну үшін өте маңызды.
«Хубб» пен «муадданың» айырмашылығы олардың табиғатында. «Хубб» сезімдер мен эмоцияларды, «ғашық болу» күйін білдіреді. Бұл күй бастан өткерген жағдайлар мен эмоцияларға байланысты өзгереді, келеді және кетеді.
«Муадда», керісінше, құштарлықтың тереңірек, тұрақты және күшті түрі. Ол эмоцияларды ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынасты, эмпатияны, мейірімділікті және сүйіспеншілікті қамтиды. Ол дұрыс нәсрлереге негізделген болса, күшті болады: құрмет, қызмет, қамқорлық, өзара түсіністік.
«Хубб» өткінші және кейде елес сезім болуы мүмкін болса, «муадда» эмпатия мен өзара түсіністікке негізделген тұрақты қарым-қатынас болып табылады.
Голливуд пен Болливуд махаббаттың романтизацияланған және шындыққа жанаспайтын концепцияларын дәріптейтін эмотивизм дәуірінде біз эмоционалдық қарқындылықтың төмендеуіне байланысты көптеген ажырасуларды көріп жатырмыз. Көптеген адамдар, ұзақ жылдар бойы некеде болғаннан кейін, тіпті нақты некелік проблемалар болмаса да, жұбайын «сүймейтінін» айтады. Көбінесе бұл олардың неке туралы тұжырымдамасы өткінші «хубб» сезіміне негізделген. Эмоциялардың қарқындылығы басылғанда, өмірлік қиындықтар басталады, олар жұбайымен тығыз эмоционалдық байланысты сезінбейді және қарым-қатынасты тоқтатады, содан кейін өкінеді.
Ислам «мууадда» мен «рахмаға» негізделген ұзақ және терең некені ұсынады. Бұл қасиеттер өткінші сезімдерге байланысты емес, бір-біріне деген қамқорлық, қызмет көрсету, мейірімділік және жауапкершілік сияқты дәйекті әрекеттерге байланысты. Осы айырмашылықты түсініп, қарым-қатынастарында «муадданы» күшейте отырып, ерлі-зайыптылар тек қуанышты сәттерге ғана емес, қиындықтарға да төтеп бере алатын берік отбасылар құра алады. Мұндай жанұялар қазіргі романтикалық идеалдар көтерген уақытша жалт өткінші эмоционалды сезімге қарағанда әлдеқайда мағыналы қарым-қатынастарға негізделеді.
Доктор Абдуллаһ Хасан.
https://t.me/ImanKuanyshqyzy