Khabar news


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Telegram


Khabar news

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Telegram
Статистика
Фильтр публикаций






🇰🇿🇷🇸 Мемлекет басшысы Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесіне барды

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады.

✔️Сербия – әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты бойынша аймақтағы көшбасшы ел. Қазір Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдері әлемнің 70 мемлекетіне, соның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Болгария, Индонезия сияқты елдерге жеткізіледі.

✔️Көрмеде құрлық әскерінің жауынгерлік техникаларының, сербиялық қару-жарақпен жабдықталған тікұшақтардың, әуе қорғанысы жүйелерінің, атыс қаруларының, артиллериялық және басқа да оқ-дәрілердің, миналар мен минометтердің үлгілері ұсынылған.

✔️Сербияның осы бағыттағы мол тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал ете алады.


🇰🇿🇷🇸 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

🔵Жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін Қазақстан мен Сербия президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичке Белградқа ресми сапармен келуге шақырғаны және серб халқының қонақжайлық танытқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

🔵Қазақстан Президенті бұл сапарға айрықша мән беретінін атап өтті.

– Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі ниеттес әрі тілеулес сенімді серіктесі. Достығымыз өзара сыйластық пен қолдауға негізделген. Бүгінде берік әрі мазмұнды қарым-қатынасымыздың аясы кеңейіп келеді. Жаңа салалар бойынша ықпалдастық орната бастадық, – деді Мемлекет басшысы.


🔵Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен нәтижелі және мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілген.

– Біз инвестиция, өнеркәсіп, тау-кен, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салаларына баса мән беріп отырмыз. Инновация және жаңа технология бағытына ерекше назар аудардық. Өзара алыс-берістің көлемін арттыру үшін құзырлы органдарға нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма береміз. Қазақстан Сербияға өнеркәсіп, азық-түлік өнімдерін және басқа да тауарларды экспорттауға дайын. Сербияның да қазақ еліне шығаратын өнімдері аз емес. Осы тұста қолда бар мүмкіндікті барынша пайдалануға уағдаластық. Бұған Үкіметаралық комиссияның белсенді қызметі серпін беруге тиіс. Сондай-ақ Іскерлік кеңестің жұмысын жандандыруға келістік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🔵Мемлекет басшысының айтуынша, өнеркәсіп, көлік-логистика, «жасыл» энергетикаға көшу салаларында, әскери өнеркәсіп кешенінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

t.me/aqorda_resmi


Репост из: Khabar
⚽ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗҒА БИЛЕТ СЫЙЛАЙМЫЗ

Қазақстан мен Аустрия арасындағы матчқа билет ұтып ала аласыз!

Билетті ұтып алу үшін:
1. ‼️ Алматы қаласының тұрғыны болуыңыз керек
2. Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз
3. ОСЫ посттың астына «АЛҒА» сөзін жазу

🎟️Жеңімпазды ертең сағат 11:00-де тікелей эфирде анықтаймыз.

Матчқа билетті ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! 😍


Репост из: 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
✅78 жастағы Дональд Трамп АҚШ-тың 47-ші Президенті


Репост из: Khabar
🤳Қазақстанда тик-токты жабу керек пе?
Опрос
  •   Иә
  •   Жоқ
  •   Ол проблеманы шешпейді
  •   Маған бәрібір, тикток қарамаймын
537 голосов


👩🏻‍🎓 Студент 140 мың теңге айлық шәкіртақыны қалай ала алады?

2024 жылы студенттер қанша теңге стипендия алады? Жоғарылатылған және президенттік стипендия кімдерге беріледі? Толығырақ білу үшін карусельді жылжытыңыз➡️


✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты.

– Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📺 «ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ 30-ДАН АСТАМ ТЕЛЕЖОБА ҰСЫНАДЫ

Үш арнаның басын біріктірген «Хабар» Агенттігінде» қазір 1 мыңнан астам адам еңбек етеді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📡 29 лет в эфире: история успеха Агентства «Хабар»

Сегодня Агентству «Хабар» исполнилось 29 лет. Начинало оно с маленькой редакции информационной программы. В команде журналистов было всего несколько человек. А операторы и инженеры работали только с доступной в то время аппаратурой и техникой.


🎖️ Сегодня Президент также вручил награды государственным служащим и руководителям национальных компаний, внесшим значительный вклад в социально-экономическое развитие страны


🎖️Бүгін Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне елеулі еңбек сіңіріп жүрген мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың басшыларына мемлекеттік наградалар тапсырды

Показано 14 последних публикаций.