Киностан ️


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Видео и фильмы


Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Видео и фильмы
Статистика
Фильтр публикаций




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бұны ойлап тапқан адам кемеңгер һәм данышпан 😃


Биыл Disney студиясының үш фильмі қазақшаға дубляждалады. Үшеуі де бұрын шыққан жобалардың жалғасы:
Ойжұмбақ 2 / Inside Out 2 - 12 маусым
Моана 2 - қарашаның соңы
Муфаса: Арыстан патша / Mufasa: The Lion King - желтоқсанның соңы


Рецензияны жазған мен емес, бірақ аударған мен. Дени Вильневтің "Құмбел: екінші бөлімін" күтіп жүргендерге қызық болар деп бөлісіп отырмын.
Айтпақшы кітабы да қазақшаға аударылып қойыпты. Сатылымда бар дейді.

https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/59147-kmbel-ekinsi-blim.html


"Өткен өмір" / "Past Lives" — "Алтын глобустың" 5 номинациясына ұсынылса да еш жүлде алмады. "Оскардан" да шансы жоғары емес. Бірақ өзім үшін Ноланның "Оппенхеймерінен" де, Скорсезенің "Гүл айының қанішерлерінен" де осы картина өзекті болды.

Бұнда аталған фильмдердегі сияқты ауқымды тақырыптарға бас ауыртып, ұлт деңгейінде проблема қозғамайды. Жай ғана бала кездің махаббаты, екі елде өскен адамдардың түрлі дүниетанымы. Кездесу, аңсау, қоштасу. Бірақ бұны қалай жеткізген, қалай көрсеткен — әсер алмау мүмкін емес.

Қарапайым, баналды нәрседен де осындай әдемі туынды жасауға болады екен-ау деп қаласың. Меніңше, осыған дейін көрген романтикалық, жылаңқы сюжеттердің бәріне ребут жасап, жаңа көзқарас беретін картина.

P.S. Азия киносы жасасын!


Netflix тағы да ақырзаман тақырыбын қозғайды.

2021 жылы "Аспанға қарама" фильмі арқылы ақырзаман жақындап қалған кезде ол жаңалықты қоғам қалай қабылдар еді, медиада қалай талқыланар еді деген сұраққа бас ауыртқаны бар. Яғни бәрі білетін ақпараттың әсері туралы айтылды.

Ал мына "Leave The World Behind" драмасында керісінше — белгісіздік адам бойында қандай үрей мен сұрақ тудырады деген мәселеге жауап іздейді. Белгісіздік, адамды ақпараттан айыру — бұл да соғыстың бір түрі екенін, ал ақырзаман жағдайында хаостың кезекті сатысы екенін көрсетіп берді.

Апокалипсис ауқымы үлкен көріністермен емес, камералық кино форматында берілгені қызық көрінді.


Қазақ каскадерлері Ридли Скоттың "Наполеон" фильмінің түсірілімінде
Фото иесі: Nomad Stunts


Репост из: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Былтыр қазақ театр өнерінде сенсация болған SEN мюзиклі қайта сахнаға шығып жатыр. Желтоқсанда Алматы мен Астанада ArtKoshe театры бірнеше қойылым қояды. Қапы қалмаңыздар!


"Star Wars", "Терминатор", "Мен Роботпын" сияқты ірі жобалар мүлдем түсірілмеген, мүлдем болмаған әлемді елестетіңіз. Елестеттіңіз бе? Ендеше сол франшизалар жоқ әлемде мына "Жаратушы"/"The Creator" тамаша картина деп саналар еді. Өкінішке орай, бұндай фильмдер қаншама креатив қосса да — қайталанба, екінші сортты болып қала бермек. Өйткені бұның бәрі айтылып қойған, көрсетіліп қойған.


- "Оппенхаймерге" атақты жұлдыздардың нешеуін шақырайық?
Кристофер Нолан: ИӘ!


Репост из: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
❌ кинолар

⁉️ кино - жанр, ол біреу-ақ

✅ фильмдер


Техникалық жағынан өте сапалы жасалған қазақ мультфильмін алғаш көруім.
Егер Pixar түсірген десе — мен сеніп қалар едім. Суреті сапалы ғана емес, сюжеті де тамаша. Диалогтар жоқ, сондықтан бұны әлемнің кез келген көрермені аудармасыз түсінеді.

https://youtu.be/EdsC5J-FzJ8?si=CdIOwcCcHtI-8Fin




Ескерту: қазір әңгіме "Кезбе өліктер" / "The Walking Dead" төңірегінде болады. Сериалды көрмегендер оқымай-ақ қойғаны дұрыс ;)

Оригинал "Кезбе өліктер" 3-4 маусымнан кейін сұйыла бастады. Онымен қатар көрсетілген спин-оффтары тіпті көруге тұрмады.

Оригинал сериал аяқталып, артынан басқа спин-оффтары шыға бастағанда олардан да көп ештеңе күтпеп едім.

Алайда мына "Дерил Диксон"-ы күтпеген жерден ұнап қалды. Оригинал сериал жоғалтып алған динамиканы осыдан көрдім, оның үстіне локация өзгеріп, француздардың аутентикасы жақсы атмосфера беріп жатыр. Негізгі сериалда сүйкімін жоғалтпаған "ровный" кейіпкер осы Дерил еді. Оның оқиғасы әрі өрбігеніне қуаныштымын. Өткен сюжетке кейіпкерді байлап тастамай, жаңа хикая, жаңа міндеттер қойылады. "The Last of Us" секілді роад-муви, миссиядан миссияға өтіп отыру секілді көрерменді ұстап тұратын тұстары бар.

Сол мини-сериал қылып аяқтай салғанда дұрыс болар еді. Әйтпесе екінші маусымды сұйылтып жібере ме деп қорқамын.

Қысқасы бұл әлемге оралғанымды ресми мәлімдеймін.


"Рептилия" (Reptile) - Бенисио Дель Торо, Джастин Тимберлейк сияқты актерлер қатысқан детектив-триллер.
Тым созылыңды, сюжеті баяу да бірқалыпты өрбиді, бірақ атмосферасы, музыкасы сауатты құрылған. Кейбір кейіпкерлерге уақыт соншалықты көп бөлінген сияқты, түбінде сюжет үшін аса қатты рөл ойнамай қалады. Бенисионың ойыны үшін көруге тұрады деп ойлаймын. Тек жанр фанаттарына арналған.


Сахалар түсірген "Айта" фильмі өз елінде тыйым салынды. Ресейдің мәдениет министрлігі прокат куәлігін қайтарып алыпты.
Прокатқа тыйым салса да онлайнға ешкім тыйым сала алмайды ғой, әхәхәхәхә.
Сюжеті жұмыр, салмақты психологиялық драма деуге болады. Кейіпкерлерді антагонист/протоготист деп бөлмей, өз мотиві мен мүддесі бар пенде қылып көрсетуге тырысқан. Аздап Дени Вильневтің ертеректегі картиналарына жақын тұстары бар ма деп қалдым.
Бір кешіңді арнауға тұрады деп ойлаймын.


'Жаңа Шекара' онлайн кинофестивалі басталды. 7 күн бойы Шығыс Түркістанда тұрып жатқан қазақтар мен ұйғырлардың өмірі мен күресіне арналған деректі фильмдерді тегін көре аласыздар.

https://www.janacekara.com


"The Covenant" (қазақша "Серт" дейміз бе, "Аманат" дейміз бе?) Гай Ричиге тән жұмыс емес.

Стилистикадан, баяндалу тәсілінен, көтерген тақырыбынан Гайдың қолтаңбасын көре алмайсың. Десек те өзекті тақырыпты көтеріпті. АҚШ әскері Ауғанстаннан кетіп, орнына тәлібтер келген кезде, ең алдымен олар америкалықтарға тәржімашы болған жергілікті тілмәштарды жазаға тартқан екен. Біразын өлтірген, жасырынып жүргендері қаншама. Фильм сондай бір адамның тағдырын көрсетеді.

Әскери драманың фандары үшін жақсы сыйлық болады деп ойлаймын. АЛ жалпы кино индустрия тұрғысынан алып қарасақ мықты дегеннен гөрі, орта деңгейлі экшн дер едім.


Репост из: Қазақша жаз
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Шетел фильмдерінің қазақша дубляжын талап етейік! 5 минут уақытыңыз бен телефоныңыз ғана қажет.

"Не мәселе?"
Биыл отандық кинотеатрларда көрсетілген шетел фильмдерінің ешбірі қазақша дубляждалмады. Қазақтілді көрермен киноны әлі де тек субтитр арқылы көруге мәжбүр.

"Бұл неге маңызды?"
Егер халық боп жұмылып талап етпесек, бұл жағдай осы күйінде қала береді.

"Нестеуім керек?"
E-otinish сайтына өтіп, талап хат жолдауыңыз керек. Ол үшін:

1. Мына сілтемені басып, pdf форматындағы дайын хатты жүктеп алыңыз👆🏾
2. Осы рилстегі нұсқаулық бойынша жолдаңыз.

Әзірше 10 адам ғана жолдады. Үкімет мәселені дереу қарастыруы үшін 1000 адам хат жолдауы керек!


«Дэдпул 3» түсірілімінен кадрлар тарап жатыр. Райан Рейнольдс ешкім жете алмаған мәмілеге қол жеткізіп отыр: Логан/Құну рөлімен қош айтысқан Хью Джекманды рөлге оралуға көндіріп қоймай, комикстегі классикалық костюмді кигізіп қойыпты. Хью бұл костюмді «Х-адамдар» франшизасының ешбір фильмінде кимеген бұған дейін :)

Показано 20 последних публикаций.