Рецензия: "1917"
Біразы аса бағаламаған Ноланның «Дюнкеркінде» маған ұнайтын бір деталь бар: фильмде диалог аз, экшн мен іс-қимыл жеткіліксіз болғанына қарамастан, әлдебір беймәлім қауіптің болатынын, бір қорқынышты нәрсе келіп қалғанын сездіретін атмосфера құра алған еді. Сэм Мендес те дәл сондай ерекше атмосфераны жасаған секілді. Әлбетте бұл күйге жетуге әсерлі және дер кезінде орындалатын музыкасы да біраз септігін тигізді.
Мендестің кинодан гөрі театр режиссері екенін біразымыз білеміз. «1917» фильмінде оның театрға тән қойылымдарын көргендей боламыз: үлкен қашықтықты кішкентай кеңістікке сыйғызу, уақыттың тез ауысуы. Бірақ бұл жалпы картинаның ауқымына еш нұқсан келтірмейді. Керісінше режиссердің өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасын көрсетеді.
Жалпы локацияның тез ауысқанына қарамастан, картинаның жалпы тұтастығын ап-анық сезінеміз. Ал картинаның ауқымды болғанына қарамастан, дәл сол соғыстың ортасында жүргендей боламыз. Бұл жерде атақты оператор Роджер Дикинстің шеберлігін атамасқа болмайды.
Жалпы операторлық жұмыс бұл жерде жеке өнер туындысы секілді. Алғашқы секундтан бастап соңғы сәтке дейінгі тұтастықты сақтаған да осы операторлық шеберлік. Бұл жерде қойылымдардың ауысуы, параллель өрбитін оқиғалар жоқ. Бұл жерде «монтажсыз», былайша айтқанда, бір кадрмен жасалған 120 минут бойы үзілмейтін сюжет бар. Қауіпті миссияға аттанған әлгі екеудің жанында үшінші болып ілесіп отыратын біреу бар – ол көрермен.
Шынайылықты қоюлата түскен тағы бір деталь – визуал эффектілер мен компьютерлік графиканың мейілінше аздығы. Актерлердің кейбір сәтсіз қимылдарын да сол күйінде қалдырыпты. Реквизиттер, декорация рөліндегі объектілер – бәрі мейілінше шынайы.
Актерлердің ойынына кінәрат айта алмасақ та, олар ойнаған кейіпкерлерге конфликт пен қарама-қайшылық жетіспей қалғандай көрінді. Шамасы «1917» картинасына қатысты айтылар бір мін тек осы шығар деп ойлаймын.
Менің бағам: 7,5/10