📚 ~ KITAPNAMA ~ 📚


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


📕 Каналыма қош келдіңіздер
кітапсүйер қауым! ☺️

📌 Каналда:
1️⃣ Кітаптар жайлы ақпарат ж/е пікірлер
2️⃣ Кітаптан үзінділер
3️⃣ Кітапқа қызықтыру
ж/е т/б...

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


✏️ А'ғмаш رحمه الله атты ғалым күлкіден жарылардай болып дәріс беруге келіпті, содан шәкірттеріне:
"Не үшін күлгенімді білесіңдер ме?!"
-, деп, осы әңгімені айтып беріпті.

А'ғмашқа رحمه الله өзінің қызы тесіліп қарап отыр екен, содан
А'ғмаш رحمه الله қызына қарап:

"Не болды, неге сонша қарадың?!"
-, деп сұрапты таңырқап, сонда қызы:

"Анам сіздің қай жеріңізге қызыққан екен деп таңырқаааап отырмын?!"
-, депті 😁

👳🏽‍♂️ Сағид аль Камали: "Ол ілім...!, Оның анасы қызы көрмеген нәрсені көрген еді, Ол ілім...! Ал қызы үшін ол қарапайым ғана адам..."
-, дейді 🙂


🥳 Бүгінгі дәрістен сіздерге подарок, алып кетіңіздер!

Пайғамбарымыздың ﷺ :

"Әйел адамға төрт нәрсесіне қарап үйленеді: байлығына, тегіне, сұлулығына, дініне. Сен діні бар әйелді таңда, әйтпесе сан соғып қаласың"

-, деген мағынадағы хадисін оқып жатыр едік, бір Студент төтесінен :

- "Ұстаз, барлығы "Дініне қарап ал", "Діндар қыз ал" деп жатады, ол медресе оқыған, Хафиза қызды алу керек деген сөз бе?!"
-, деп менің темамдағы сұрақты қоя салды😁

Ұстаз еш ойланбастан:

- "Жоооқ! Мүлде олай емес. Ол дегеніміз егер қандай да бір жағдай болып, оған "Алладан қорық! " (اتقي الله) деген кезде ол қоя салса, міне діндар қыз деген осы...!, Діни оқу оқып алып, "Алладан қорық" деген кезде, "Анау былай деген", "Андай бар, мындай бар" деп тұрса, онда...!"
-, деп, практикаға сай келетін, қиялдан алыс, жауап берді!!

Шейх Муджирге Алла разы болсын!

P.S. Бірдеңе дегім ақ кеп тұр, бірақ ештеңе демеймін...🤐 )))

540 0 15 2 23

✏️ Неке бабын бастап, қашан парыз, қашан харам болады деп жатып, бір шәкірт сұрақ қойды:

👳🏽‍♀️ - Ұстаз, осы толибтар сабақ оқып жүріп үйленсе, квартира керек болады, оған ақша табу керек, ал әйелдері "Мен қайда тұрамын?!" деп талап қылып жатады?!

Ұстаз:
- "Сен менің жүрегімде тұрасың"-, де оған 🤍 🤭

P.S. Мухаддистердің романтикасы стрәәәшны болады, абайлаңдар))) 😁

Мені де кінәләй бермеңіздер
🤭

**Алла разы болсын ұстаздан**🤲🏽


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
✏️ Хиджри 739 жылы өмірден өткен Ибн Бәлбәән атты ханафи ғалымының кітабы

✏️ Кітапты жақсы тәртіппен жазғаны көрініп тұр, тіпті
"النوع الاول" "الجنس الأول"
"الصنف الأول"
деген секілді бабтарды қолданған авторды бірінші рет көруім.

✏️ Байқағанымша жақсы тахқиқ жасалған - والله أعلم -

✏️ Көп жерде әр сөзді қайдан алғанын айтып кетеді, және "خزانة الأكمل" атты кітапқа көп сүйенген.

✏️ Кей тақырыптарын жазып кетейін деп ем, бірақ желкем ұстап, жазуға еріндім 🤦🏻‍♂️

P.S. Кітаптың мазмұндамасына қарап оқуға желаниясы ашылып кеткен Асылжан: "Асылжан сабыр, сабыр!, бітпеген кітаптар бар әлі"-, деп кітапты сөреге қойды...)))


👳🏽‍♀️ "Көз сақтау барлық адамға міндет, әсіресе білім талап етушілерге, себебі бІлім талап етуші әйнек секілді, оларды жарақаттап алу өте оңай)))"

(Шейх Ро'йд аль-Хадрауии)

P.S. Білім талабаларының әйелдерінің құлағына алтын сырға, сындырып алмаңыздар... 😁


🤍 "Мелочь, но приятно"-, депті ғой әлемге махаббат көзімен қарайтын бір ....жан 🤭 )))


✏️ Кей адамдардың дәрежесінің түсіп кеткені сонша, өзін важный көрсету үшін What's app- қа кеш жауап береді....

P.S. Дүниенің құнсыздығының бір белгісі ғой...!


‼️ Көшелерде тегін фатуалар таратылып жатыр....)))


📝 Заһид Аль-Каусари رحمه الله болып жатқан жайттарға жай қарап отыра алмайтын, оған мақалаттары дәлел...

Бәлкім сол себепті де ол кісіні жақтырмайтын болған шығар кей ғалымдар, кейде шынайы өз пікіріңді білдіру досыңды жау қылады ғой


📝 Соның бір көрінісі Азһарға жаны ашып, көңілі толмай айтып жатқан осы сөзі ғой:
"Осының (айтылып кеткен бүліктер) бәрі Аль-Азһардің көз алдында болып жатыр, бірақ Ғалымдары үнсіз...!" ‼️‼️‼️

📝 Ааа ияя!, Үнсіздік демекші, ұстаздар мен студенттер болып жатқан нәрсені саралап, хабардар болып, аз болса да ой пікір білдіріп отыруы өте маңызды, бірақ біздегі көп ұстаздар өкінішке орай...!

📝 Заһид Аль-Каусаридің Аль-Азһар жайлы пікірлері туралы айтуға болады,біраз қызық нәрселер бар...


☕️ - Кофені сүтпен ішкен жақсы ма, әлде сүтсіз бе?!

😊 -Әйеліңмен ішкен жақсы))


🧐 Осы неге "күйеуін" "байым" деп атайды екен-әәә?!

"Байға тию" , "Байы бар"...


🤔 Әлде жақсыға жорып әйелі бар еркек бай еркек дегені ме екен-әә, қазақтардың, ...?! 😁

📝 "Қарапайым байлардың өмірін сүргім келеді" деген әзілдің астары мұңды...😅

📝 Тез Бай болудың жолдары қандай, айта отырыңыздар...?! 😅

P.S. Ияяя, бай болу үшін бай болу керек, бірақ абай болу керек)))
(Хәкім Асылжан😎)

+ P.S. Бастарыңызды қатырғаным үшін кешірім сұраймын 🤭


📖 Бүгінгі хадистер Һадия🎁 беру жайлы болды

"Бір-біріңе сыйлық беріңдер сүйіспеншілік орнайды", "Һадия беріңдер, асылында Һадия жеккөрушілікті кетіреді"-,деген сынды...

Шейх Муджир аль-Хатииб حفظه الله : "Мен әйеліме сыйлық беруді кеш үйрендім, ондай қателік жіберіп алмаңдар😁" -, дейді ғой күліп...!


Мына аяттарға қараңыздар!!!

‎وَلَوۡ بَسَطَ ٱللَّهُ ٱلرِّزۡقَ لِعِبَادِهِۦ لَبَغَوۡا۟ فِی ٱلۡأَرۡضِ وَلَـٰكِن یُنَزِّلُ بِقَدَرࣲ مَّا یَشَاۤءُۚ إِنَّهُۥ بِعِبَادِهِۦ خَبِیرُۢ بَصِیرࣱ

(Егер Алла құлдарына несібені кеңітіп жіберсе, әлбетте жер жүзінде бүлікшілік шығарады. Бірақ қалаған мөлшерде несібе береді. Өйткені Ол, құлдарынан толық хабар алушы, көруші.)

- (Халифа Алтай аудармасы) -
...........................................

Бұл аят жайлы көп жылдар уағыз айтуға болады, бірақ осы аяттағы мына сөзге мән беріңіздер : " өзі қалағанын мөлшерімен түсіреді..."


Өте қызық , ризық деген...!!!
Киім де , тағам да , білім де , әйел, бала да, денсаулық та, тыныштық та барлығы ризық ...

Оның бір келетін формуласы жоқ : Жұмыс істесең келеді, бизнес істесең келеді, спортпен айналыссаң келеді , деген....


Аллаһтың айтқанынан басқа...

Имам 'Атоиллаһ Сакандаридің мына хикметі бірден есіме түсті:

-أرح نفسك من التدبير فما قام به غيرك عنك لا تقم به لنفسك -

"Өзіңді ризықты басқарумен шаршатпа, сенен басқасы (Яғни Аллаһ) өз қолына алған нәрсені өз мойныңы жүктеме..."

-Қазақ тілінің сәл кедейлігін ай😁-

Тағы бір хикметі бар өте керемет
:
اجتهادك فيما ضمن لك و تقصيرك فيما طلب منك دليل على انطماس البصيرة منك.

"Саған кепілдік етілген нәрсеге -(яғни ризық)- тырысып, сенен талап етілген нәрседе - (яғни құлшылық)- әлсіздік көрсету, сенің санаңның сөңгенінің белгісі..."

Нағыз ақиданы түсінген адамдардың сөздері осындай болады.

Ал бұл хикметтердің иесін біреулер күпірлікке шығарып жүр!!!

Ақылда ризық-қой, енді не істейміз)))

Имам Каусари айтпақшы:

سبحان قاسم العقول!!!

(Ақылды бөлып беруші Аллаһ пәк)


🌸 "Екі сукун (ْ ), яғни екі қозғалмайтын тіпті араб тілінде қосылмайды...🤭"

P.S: Сәл қозғалып қойыңдар дееееп ақыл айтайын десем, өзім солардың қатарындамын әзірше... 😁


🗣️ "Шам жерінің мұсылмандарының қуанышы, жеңісі жайлы бірде-бірі ауыз ашпады ғой... 🤔

"Құттықтап қойса ең болмаса...,әлде маған жетпей жатыр ма?!"
🤔

"Главный еліміз тыныш болса болды...!" )))


🤭 "Қарапайым ғана байлардың өмірін сүргім келеді" -, депті ғой бір Толибжан.

Әзіл, әзіл
😅

📌 Мына бір керемет хадис есімде жүреді әрқашан:

قالَ النَّبِيَّ -صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ-:" مَنْ أَصْبَحَ مِنْكُمْ آمِنًا فِي سِرْبِهِ مُعَافًى فِي جَسَدِهِ عِنْدَهُ قُوتُ يَوْمِهِ
فَكَأَنَّمَا حِيزَتْ لَهُ الدُّنْيَا بِحَذَافِيرِهَا

Пайғамбар ﷺ айтты:
"Сендерден кім өз үйінде аман болып (н/е жүрегі тыныш болып) , денесі аурудан таза болып, бір күндік азығы болып таң атырса, онда ол бүкіл дүниенің байлығын жиғандай болады"

P.S. Күмәнсіз Пайғамбарлық сөз ғой-ия?!
Өмірдің формуласы жайлы көп кітаптарды оқып бас қатырмауы керек қой негізі мұсылмандар...!
Міне "Бақытты отбасының" сыры...!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🗣️ "Қуатымызбен, санымызбен алданбайық, бұл өте қауіпті, бүкіл Муджаһидтердге ескерту, бұл Алланың қуаты, мейірімі ғана...!"


🥳 Мұсылмандардың жеңісі құтты болсын!!!


📕 Фудайл ибн Ъ'яд رحمه الله айтады: "Амалды адамдар үшін тастап қою РИЯ, ал адамдар үшін амал жасау ШИРК"

P.S. "Ширк" дегенді анандаааай Ширк деп түсініп қалып, шу шығарып жүрмеңіздер🙂


❇️ Шейхымыздың қызының есімі "قطر الندى" екен! 🤭

📕 Грамматикадаға белгілі кітаптың аты ғой 😁

😁 Қызыма қандай кітаптың атын қойсам екен деп ойлап отырм енді! 😅

Сіз қандай кітаптың атын қояр едіңіз қызыңызға?!

604 0 2 13 12
Показано 20 последних публикаций.