Kulan Mektepbergen


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Басқа жерде жазуға болмайтын темалар осы каналда болады, кеттік пе?

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Үлкен өмірге, үлкен ақшаға бару үшін ата-енеден, мама-пападан бөлек шығу маңызды.

Жақында ютубта “Рентген” реалити разбор шоуын бастаған болатынмын. Бірінші шығарылым шықты. Көріп шығыңыздар, особенно бөлек шыға алмай жүрсеңіз)

https://youtu.be/jV2VBRr0bZI

Қолдауларыңызға рахмет (подписка, лайк, коммент)

3.9k 0 11 12 32

Осы апта разборлар мен консультациялардан көз ашылмады.

Сізге маңызды сұрағым бар. Ол сұрақты консультацияға келген адам қойды.

Құлан мырза ешнарсеге желанием жоқ жата беремін, күндерім өтіп жатыр, смысл жоқ сияқты дейді. Таныс сезім бе?

Мына өмірге Аллаға құлшылық ету үшін келдік деп жазуға асықпаңыз. Бұл жерде сенің ішкі әлемің қаншалықты смыслмен толтырылған? Әлде пустота ма? Сол сұрақ.

Даму жолында жүрген адам күндердің күнінде бұл сұрақпен кездеседі. Сол пустотаны сезеді. Это нормально.

Бала кезімізде бізге қалай, қайда баратынымызды айтты, көрсетті. Қазір де айтады. Бірақ ол айтқандары өтпейді уже. Түсініксіз. Не жұмыс жасайды. Не жұмыс жасамайды.

Иә, біз сол түсініксіз неизвестностьтан қорқамыз. Ең қызығы, мына әлем неизвестностьтан тұрады. Одан қашып құтыла алмаймыз.

Бұл ішіңдегі пустота, смысл жоқ сияқты сезім экзистенциальный кризис. Бұл сезімді Жаратқанның өзі сені сыртқы және ішкі навязанный заттардан тазарту үшін береді. Сол пустота арқылы сен өзіңнің ішкі әлеміңе саяхатты бастайсың.

Ол саяхатты бала кезден үлкен өмірге қадам басумен салыстыруға болады. Үлкен өмірге қадам басқанда, бала кезіңдегі жақсы көрген киіміңді өткен шаққа қалдыру керек. Қанша қаласаң да, оны үлкен өмірде қолдана алмайсың. Сен басқасың, ол киім басқа.

Мен разборларда, консультацияларда сол кішкентай кезіндегі жақсы көрген киімін үлкен өмірде киемін деп жылап тұрған баланы көремін. Сыймайды, сен басқасын. Одан да әдемісі болады десең, одан сайын жылайды ғой)

Айтайын дегенім, ескіні өткенді жіберуге қорықпаңыздар. Ескі киім, ескі жұмыс, ескі адамдар, ескі жоба, ескі установкалар, ескі өмір, ескі сен.

Түсінемін қорқынышты. Өйткені ары қарай не болатыны түсініксіз. Жаратқанға сен. Оның саған дайындағаны бар.

Арам шөп өсіп тұрған жерге, гүл еге алмайсың.

Отпускайте старое, обнуляйтесь. И доверяйте.

Обнял❤️


Бастаған істі қалай быт шытын шығаруға болады?

Бұл пост әдемі басталып келе жатқан жобаның неліктен құлайтыны туралы. СММ мамандары, дизайнерлер, копирайтерлер, фрилансерлер және “мұнда өз мамандығыңды қой” маңызды емес барлығы клиентпен жұмыс істеу барысында мына бір үлкен қателікті жасайды. Бұл қателікті елдер қателік деп ойламайды, бірақ дәл осы қателік бүкіл істі артқа тартады.

Бұл қателікті мен “Самолечение” деп атаймын.

Былай ғой, саған бір клиент өз жобасымен келеді. Сен стратегиясын сызып, аудиторияны сегменттерге бөліп, креатив жасап, ары-беры әйтеуір рекламаны жіберіп белгілі бір нәтижеге жетіп, клиентпен талқылайсың.

Талқылау барысында, клиент саған “а давайте былай жасайық...” деп өз ұсынысын айтады, ал сенің жауабың “нуу, болады жасауға” болса, сол сәтте жоба өледі.

Неге? Өйткені басында рөлдер четко бөлінген. Ол клиент, сен кәсіби мамансың. Саған ақшаны кәсіби маман болғаның үшін төлейді.

Клиент сол жобаға кәсіби маман болмай өз пікірін қосып, өз инициативасын танытып және сол шешімге сен өз стратегияңнан бас тартып келіссең, барлық иерархия құлайды.

Ары қарай, клиентте диссонанс. Егер сен тез өз кәсіби стратегияңнан клиенттің “а давайте былай жасайық...” деген сөзінен өзгере салсаң, сенің бағаң жоқ немесе тиын. Ал сенде мүмкін кәсіби стратегия болмаған шығар?

Сол клиент өзі кіріскен кезден бастап, сен уже кәсіби маман емессің. Саған сенбейді, клиент бүкіл басшылықты өз қолына алып “боқтан үй соғады”. Құрылысшы сен😀

Фриланс нарығына мыңдаған жауынгер шығарып байқағаным осы. Мамандар “клиент всегда прав” дегенді дұрыс түсінбей жатады.

Қалай болуы керек? Клиент өз идеясын, қалауларын айтады. Иә, талқыла, тыңда, қолда. Клиент өз жобасы үшін жан таласады. Сен жобаның сапасына тікелей жауаптысың. Бірақ соңғы шешім кәсіби маман ретінде сенде болуы керек. Өз стратегияңнан, шешіміңнен бас тартпа.

Қорытынды: клиент көмектеседі, бірақ пікір қоспайды. Ал кәсіби маман клиенттен керек ақпаратты алып, кәсіби шешімін ұсынады.

“Самолечение” қауіпті. Самолечениемен айналысқаннан бастап, дәрігер ол пациентке жауапты емес. Қанша адам өзін емдеймін деп, ауруын асқындырып, өліп кетті?


Бүгін бірінші рет тұсау кестім, қызық екен😃


Жақындарыңызбен болған әрбір сәтті бағалаңыз, өйткені соңғы сәттің қашан келетінін білмейсіз. #bekair


Дубайға баруға қанша кетеді? Вертолет қанша екен?

Жалпы Дубай ұнады, арабтарға таң қалдым. Бір жұмыс істеп жүрген арабты көрмедім, жұмыстың бәрін басқа елдің азаматтары (индустар, пакистан, қырғыздарды көрдім) істеп жүр. Аэропорттан түскенде ең бірінші туалетіне кірдім, тап таза. Ішінде екі қара жігіт тұр, қолдарында швабра, адам шықса артынан бірден барып тазалап жатыр. Аппақ жұп-жұмсақ салфеткалар, қол жуатын сабындары керемет. Шыққан соң, бірден паспортный контрольға бардық. Адам көп қазір күтеміз ғой деп тұрғанда, қолымыздағы баланы көріп, барлық жерден кезексіз өткізді. Әйелім мәз, Дубайға көшеміз деп қояды😀

Біз rixos premium dubai деген 5 жұлдызды қонақ үй алдық, бағасын booking.com көрсеңіз болады. Біз тур оператор арқылы алдық, менің ойымша бірінші рет бара жатсаңыз тур алғаныңыз тиімді. Отельге сөзім жоқ, 2 сағат сайын комнатаңды жинап тұрады. Тамақтарынан семіріп кетесіздер, өте дәмді және көөп. Басында әйелім молодец путевканың ақшасын ақтады, қайта қайта комната жинап қояды деп жүрсем, отель қызметшілері екен ғой☺️

Турды happy world travel компаниясынан алдық, Олеся деген менеджерге бір шоколад алып кіріп шығу керек. Менің жеке көмекшім сияқты сезім берді. Самолетте орнымды ауыстырып беріңіз дегенде, Air Astana-ға хабарласып, “мой Шеф попросил это очень важно” дегенде өзіншеее болып қалғансың ғой🤣

Бірінші күні Виктория деген қыз келіп я ваш гид анау мынау, мында барсаңдар болады деп бағаларын айтып кеткен, мен келістім даже. Сөйтсем оның бағалары кәдімгідей қымбат екен. Абу Дабиға баратын болсаңыз, кез-келген таксиге айтсаңыз 600-700 дихрамға апарады. Бүкіл Абу Дабиді көрсетеді. Енді ағылшынша білмесеңіз, переводчик бар. Ең бастысы ниет және көп күлімдеңіз. Күлкі бұл қару!

Вертолет Heli Dubai деген жерден ұшады. Билетті осы жерден тікелей алыңыз. Сайтына кіріп ватсапқа жазып сөйлесе беріңіз, тоже переводчик бар если что. Потом олар төле деп, счет қояды. Адам басына 604 дихрам болды. Теңгемен 64мың тг. Енді бұл керемет сезім міндетті түрде көріңіз.

Менде барлығы қанша ақша кеткенін білмеймін, санамадым. Менің ойымша орташа демалып қайту үшін екі адамға 500мың тг кетеді 7 күнге. Әрине вертолетке мінемін, Абу Дабиға барамын Феррари айдаймын, киім аламын, ішем жеймін демаламын десеңіз кете береді ғой миллиондап. В общем солай.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Әдемі болып жүрсеңіз, өміріңіз де әдемі болады😊

Показано 8 последних публикаций.

2 468

подписчиков
Статистика канала