Қысқа ақпар

@kyskaakpar Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Қызықты да, қысқа ақпарат тек сіздер үшін.
Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Цитаты


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Русский
Категория
Цитаты
Добавлен в индекс
15.04.2018 02:29
реклама
TGStat Bot
Бот для получения статистики каналов не выходя из Telegram
TGAlertsBot
Мониторинг упоминаний ключевых слов в каналах и чатах.
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
905
подписчиков
~553
охват 1 публикации
~695
дневной охват
~7
постов / нед.
61.1%
ERR %
1.35
индекс цитирования
Репосты и упоминания канала
14 упоминаний канала
0 упоминаний публикаций
4 репостов
Dariger💉💊🎁🎊
Қазақша кітаптар
Махаббат өлкесі...
Қазақша кітаптар
Қазақша кітаптар
Азаттық таңы
Қазақша кітаптар
Қазақша кітаптар
Қазақша кітаптар
Қазақша кітаптар
Қазақша кітаптар
Қазақша кітаптар
Новые каналы
Каналы, которые цитирует @kyskaakpar
Өмір жайлы ... 🕊
Dariger💉💊🎁🎊
Всё для мужика
История
Әлем бізді таныды
Қазақша кітаптар
Dariger💉💊🎁🎊
Қазақша кітаптар
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Қысқа ақпар 27 Mar, 18:06
13 қазан 1972 жылы Андта апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының соңғы суреті.
Апаттан 45 адамнан тек 27 ғана тірі қалады. Оларға өлікпен қоректенуге тура келген. 72 күннен соң ғана құтқарушылар тірі қалған 16 адамды ғана тауып алған.
#Апат #Транспорт #Тарих
Қысқа ақпар 20 Mar, 13:18
Рио-де-Жанейродағы әйгілі ескерткіште коронавирус індеті бар елдердің туы бейнеленді.
#Медицина #Вирусология #Әлем
Қысқа ақпар 20 Mar, 05:03
Шолпандағы таң.
108 млн км қашықтықтағы Күн Шолпанда көрінбейді десе де болғандай. Атмосферадағы қою газ бұлттарының әсерінен күннің жарығы тұманды күндегідей дақ қана боп тұрады.
#Астрономия #Планета #Шолпан
Қысқа ақпар 19 Mar, 02:10
Ағылшын патшайымы Анна өмірінде 18 бала туған. Оның 13-і өлі күйінде дүниеге келсе, ең "ұзақ" өмір сүргені 11 жастан аспаған.
#Тарих #Еуропа
Қысқа ақпар 18 Mar, 08:19
Күн бетінің тартылыс күші Жерден 28 есе күшті. Салыстырмалы түрде айтсақ Жерде 60 кг салмағы бар адам өзін Күн бетінде 1680 кг сезінер еді.
#Ғарыш #Астрономия #Физика
Қысқа ақпар 17 Mar, 07:10
Безоар — асқазан ішіне жиналатын, қорытылмайтын әртүрлі бөтен заттар (шаш, жүн) жиынтығы.
Көбіне жүйке жүйесінде дерті бар науқастарда кездеседі. Емі: операциялық.
#Медицина #Психиатрия #Хирургия
Қысқа ақпар 16 Mar, 05:22
1996 жылы Иллинойс штатындағы Брукфилд зообағында үш жасар бала горилла тұрған вольерге 20 фут биіктіктен құлап кетеді.

Горилла баланы қолына әлдилеп ұстайды да, құтқару есігінің алдына апарып қояды.
#Зоология #Оқиға
Қысқа ақпар 16 Mar, 05:13
Ядро тесіп өткен жауынгер сауыты. Ватерлоо түбіндегі шайқас. 1815 жыл.
#Тарих #Соғыс
Қысқа ақпар 15 Mar, 03:10
The Lancet медициналық журналы жасаған «балалардың дамуы» рейтингінде Қазақстан 59 орында тұр. Рейтингке 180 ел енген. Мамандар тізімді түзгенде баланың өмір сүру деңгейі, өмір ұзақтығы, денсаулығы, білім алуы және тамақтану көрсеткіштерін ескерген. Балалардың өміріне ең жайлы елдер – Норвегия, Оңтүстік Корея және Нидерланд.
#Статистика #Балалар #Әлем
Қысқа ақпар 15 Mar, 02:10
Нептун - телескоппен бақылау арқылы емес, математикалық есептеулер арқылы ашылған алғашқы планета.

Өйткені белгілі болғаннан бері ол өзінің Күнді айналып шығуын 2011 жылы ғана аяқтады. Нептунның бір жылы Жердің 165 жылына тең. Нептунды 1846 жылы қыркүйекте байқаған. Шындығында 1612 жылы желтоқсанда Галилео Галилей Нептунды өзінің телескобымен көреді, бірақ оны қозғалыссыз жұлдыз санайды. Себебі дәл сол уақытта Нептун өзінің ең алыс нүктесіне жетіп, қозғалмай тұрған. Сондықтан Галилео Галилей бұл планетаны алғашқы ашушы ретінде саналмайды. Нептунды алғашқы ашу құрметі Урбен Жан Жозеф Леверье, Джон Куч Адамс, Иоганн Готтфрид Галле, Генрих Луи д’Арре деген ғалымдарға тиесілі.
#Астрономия #Планета #Тарих
Читать полностью
Қысқа ақпар 14 Mar, 03:12
Семей ядролық полигонында 500 шамасында ядролық сынақ жасалған. Оның ішінде 70-тен аса сынақ ауада жасалған.
#ЯдролықҚару #Сынақ #Полигон #Жарылыс #Тарих
Қысқа ақпар 13 Mar, 22:37
Архей заманындағы Жер

Біздің ғаламшардың ең ежелгі сатысы. Ол шамамен 4 млрд жыл бұрын басталған. Сол уақытта қатты қызған Жер бетінде вулкандар атқылап, ал ғарыштан үнемі метеориттер құлап тұратын.
#Тарих #Геология #Астрономия
Қысқа ақпар 12 Mar, 13:22
1758-1805жылдары өмір сүрген Ағылшын адмиралы Горацио Нельсон өз каютасында жау (француз) кемесінің діңгегінен жасалған табытта ұйықтайтын болған.
#Еуропа #Тарих #Әдет
Қысқа ақпар 12 Mar, 12:57
Ең ескі қой қырқуға арналған қайшылар Ежелгі Рим территориясынан табылса да, дәл бүгінгі біз қолданып жүрген қайшының атасы Леонардо да Винчи саналады.
#Өнертапқыш #Тарих #Құрал
Қысқа ақпар 12 Mar, 12:47
"Күлшеқыздың" алғашқы шығарылымында оның аяқ киімі тиін терісінен (мех) жасалған еді. Оның хрустальға айналуы 1600 жылдан бері қарай ғана. Ол аудармашының кінәсінен кеткен қате еді. Қате аударманы жасаған Оноре де Балзак деп көрсетеді ертегіні жазып алған Шарль Перро. Дегенмен әр халықта оның аяқ киімі туралы әртүрлі нұсқа бар. Мәселен:
Жәй ғана башмақ (ешқандай сипаттамасыз) - 24
Сандали - 1
Әйнек башмақ - 5
Алтын башмақ - 1
Хрусталь башмақ - 1
#Әдебиет #Еуропа #Қате
Читать полностью
Қысқа ақпар 12 Mar, 12:31
Ежелгі Грекияда әйелдің жасын санау тұрмысқа шыққаннан бастап басталған.
#Тарих #Еуропа #Қоғам
Қысқа ақпар 12 Mar, 12:21
Екінші дүниежүзілік соғыстың қызған шағында Британияның "HMS Trident" сүңгуір қайығының экипажы өздерінің бортында 6 апта бойы ересек бұғыны алып жүрген. Бұл Мурманск портында кешкі ас ішкен ағылшын капитанының орыс адмиралына жасаған сыйлығы болатын.
#Соғыс #Зоология #Тарих
Қысқа ақпар 12 Mar, 12:12
1973 жылы Қытай АҚШ-қа өздерінің "басы артық" 10 млн. қызын ұсынған. "Бізге халықты асырау қиын боп тұр" деп сәлем жолдайды сол кездегі қытайбасы Мао Зыдоң.
#Тарих #Саясат
Қысқа ақпар 10 Mar, 10:36
Оймен басқарылатын BrainCo протездері.

BrainCo компаниясының бионикалық протездері өздерінің басқа аналогтарынан ми мен бұлшық ет сигналдарына жауап қатып, тиісінше қозғалыс жасай алуымен ерекшеленеді. Демек, кәдімгі қол сияқты адамның ойлаған әрекетін жүзеге асыра алады.

Басқаша айтқанда қарапайым іс-әрекет үшін тек жаттығу керек. Бағасы $10000-нан $15000 аралығында болмақ. Протездер жақын арада сатылымға шығу керек.

Ойлап көріңізші. Мүмкіндігі шектеулі адамдар алдағы 5-10 жылда, мүмкін одан ертерек ми сигналдарымен жұмыс істейтін протездерді жаппай пайдалана бастайды.
#Өндіріс #Өнертапқыш #Медицина
Читать полностью
Қысқа ақпар 10 Mar, 07:01
Мидың динамикалық МРТ-сі. Көз нервтерінің қозғалысын көруге болады.
#Медицина #Анатомия #Физиология